Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет34/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

Алмас өрік жеп отырыпты. Бермес жеген өріктерінің сүйектерін білдірмей, Алмастың алдында тастап отырады. Бір кезде ол:

Алмас, сен қомағай, мешкей екенсің ғой. Қарашы қанша өрік жегенсің?– деп өрік сүйектерін нұсқайды.

Мен емес, сен қомағай, мешкей екенсің. Сен тіпті өрікті сүйегімен жепсің ғой, – дейді (Ел аузынан).

Ілмиіп алып мешкей (М. Мағауин). Мысалдағы мешкей сөзіне түсіндірме сөздікте былайша анықтама берген: Мешкей зат. Тамақты көп жейтін тойымсыз. Мешкейдің алдында ас қалмас (О. Иманалиев) (ҚТТС, 7 т, 207). Бұл сөздің мағыналық мән тудыратын екінші бір сыңары - ашқарақ. Екеуі де “тоймау” ұғымын береді.

Маубас сөзі де кемсіту мағынасын береді. Мысалы:

- Ол кезде ұйқың ашылмаған көп маубастың бірі едің ғой, - деді (З. Жәкенов). Маубас сын. 1. Ылғи есеңгіреген адамша жүретін мәнжубас, бос; 2. Ауыс. ұйқышыл, көп ұйықтайтын (ҚТТС, 7 т., 146). “Түгел сөздің түбі бір” деген еңбекте былай делінген: “Маубас -ағашты, орманды жерді мекендейтін байғыз тәріздес қол басындай құс. Түнде үнемі шақырып тұрады” [43, 75 б.]. Біздіңше “маубас” деген құс атауы мен адамға қатысты қолданған, “маубас” сын есімнің этимологиясы бір болуы мүмкін. Өйткені адамның мінезін құсқа, жан-жануарларға ұқсату әлімсақтан бар. Түнде ұйқылы-ояу шақыратын осы бір құстың мінезін үнемі есеңгіреп жүретін адамға ұқсату заңды.

Адамның жағымсыз мінезін білдіретін сөздердің бірі - зәнталақ. Мысалы:

Көл қадірін не білсін.

Атасы билік қылмаған.

Анасы үлгі көрмеген,

Сен сияқты зәнталақ

Ел қадірін не білсін (Досбол шешен).

Зәнталақ сөзінің беретін мағынасы: Арамза, қара ниет, оңбаған (ҚТТС, 4 т., 374).

Ойнас. Немене мені ойнасым деп тұрсың ба? Ойнас зат. Жасырын көңіл қосатын адам, тамыр, ашына. Бай қатындарының некелі байларымен қатар, жасырын байлары, ойнастары болады (І. Жансүгіров) (ҚТТС, 7 т., 392). Бұл сөздің тура мағынасы - Көңілдес. Түбірі - ойын. Одан пайда болған туынды етістікке зат есім тудыратын -с жұрнағы жалғанып қайтадан зат есім жасалған. Әдеби тілдегі ашына сөзінің анайы түрі. Қазақ тілінде мінез-құлыққа байланысты жұмсалған дисфемизмдердің бірқатары кірме сөздердің есебінен пайда болған.

Ислам дінінің қазақ жеріне келуінен бастап, араб-парсы сөздері тілімізге көптеп енді. Дана халқымыз кірме сөздерді әр түрлі мағынада шебер пайдалана білді. Бұлардың жалпы халықтық мәні мен түсінігі күнделікті қарым-қатынастағы қолданысынан көрінеді. Бұлар ана тіліміздің төл тума сөздеріндей болып қызмет атқарып келеді. Олардың бірқатары әр түрлі экспрессивті-эмоционалдық мәні бар ерекше стильдік реңк тудыратын сөздер болып табылады. Дей тұрғанменде, өзге түркі халықтарымен салыстырғанда араб-парсы сөздерінің негізінде жасалған дисфемизмдер тілімізде өте аз.



Жәлеп. Жоғалыңдар өңкей жәлептер! - деп ашына айқай салады (Б. Мұқаев). Жәлеп ар.сын. 1. Алдамшы, қу, сұм, сұрқия. Біреулердің ақы-адал малын алған баукеспе жәлеп ұры бар (М. Әуезов); 2. Ауыс. Жүргіш, жезөкше, бұзық (әйел) (ҚТТС, 6 т., 38). Бұл сөз көбінесе ауызекі тілде көбіне әйел адамның моральдық-этикалық кемшілігіне байланысты айтылады.

Е. Бекмұхаметов “Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері” деген еңбегінде аталған сөзге мынадай анықтама береді: “Жалдап жәлеп(а) (джәлаб). 1. Сатушы мен алушыны келістіруші адам делдал, пайдакүнем; 2. Ауыс. Қу, сұм, алаяқ адам (Перекупник, спекулянт, маклер, барыншик); 2. Перен. Прайдоха, хитрый, коварный, ловкач. Елді сатты жалдап боп… Қан қақсатып зарлатып (Жамбыл)” [49, 69 б.]. Мысалы: - Ал, енді жатыңдар, екі жәлеп деп айқаймен сөйледі де, бұрылып кетіп қалды (С. Мұратбеков). Төл тілдегі жәлеп сөзінің мағынасы мүлде күңгірттеніп басқа мағынаға көшкен. Осы себепті сөздіктегі мағынасы мен қазіргі ауызекі тілдегі мағынасы тура келмейді. Ә. Болғанбаевтың “Қазақ тілінің синонимдер сөздігінде”: Жезөкше, жәлеп, жүргіш, жүрімпаз, зинақор, зинашы, салдақы, сайқал, ойнасқор, ойнашыл - суық жүрісті нәпсі құмар бұзық әйел (немесе ер адам) делінеді [44, 115 б.].

Тілімізге араб-парсы тілдерінен енген дисфемиздердің бірі - бетпақ. Бұл сөз көбіне адамға ренжігенде, оның мінез-құлқы ұнамаған кезде айтылатын ауыр сөз. Мысалы:

- Далбаев жолдас, мына бетбқә не істеп жүр екен далада? (С. Бердіқұлов).

- Бір-екі рет бардық, бетпақ қызын бермей қойды! - деп елдің құлағына құя берді (Б. Нұржекеұлы).

Бетпақ сөзіне Ә. Нұрмағамбетовтың еңбегінде мынадай анықтама беріледі: Бетпақ. Түсіндірме сөздіктегі мағынасы - бақытсыз, сорлы қалпында берілген. “-Пәтшағар, бетпақ, сеңкеңдемей басылсаңшы, -деп молдекең Гүлсімге зекіп тастады”. Сөз төркінің жүйесі басқа тіл, дәлірек айтсақ, парсы тілінен екендігін айтқан авторлар баршылық. Н. Оңдасынов “бетпақ” сөзі парсының “бётбэхт” тұлғасынан туғанын және соңғыны екі сөзден деп қарап, “бёд” түбірінің мағынасы “жаман, нашар”, ал “бёхт” біздегі “бақыт” сөзінің түпкі төркіні екендігін айтады. Мұның бәрін теріс дей алмаймыз. Өйткені, ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде де осы біріккен бұл сөздің алғашқысы (бёд) “бат”, “бад” тұлғаларында ұшырасып, “жаман”, “нашар” мағынасын беретіндігі және екеуі де, (бат, бад) парсы тілінен ауысқандығы белгіленген (ДТС, 88). Осыған арқа сүйеп, оның (бетпақтық) түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне өте ертеде ауысқанын заңды деп ұғып, “сөз төркінін парсы тілі” екендігіне сеніп, әңгімені доғаруға да болар еді.

Кейбір түркі тілдерінде, әсіресе, араб-парсы тілдерінің әсері жоқтың қасы тува, қалаберді якут тілдерінде “жаман, нашар” мағыналарын берерліктей, тұлғасы жағынан “бетпақ” сөзіне өте ұқсас тұлғалар табылады. Мысалы: тува тілінде “пат” және “бақ” сөзінің екеуі де “жаман, нашар” мағыналарын бере алса, якут тілінде: быдьар-жаман (скверный). Осыларды еске алсақ, тіліміздегі “бетпақ” сөзінің төркіні түркі тілдерінің өзі деуімізге де боларлық. Әсіресе, тува тіліндегі “пат”, “бак” қосарлана айтылып, кейін келе бірігіп кеткендігін теріске шығару да қиын: патбак-петбақ, бетпақ [45, 50-51 бб.].

Мінез-құлыққа байланысты дисфемизмнің бірі - Жасық. Мысалы: Ал мұндай кезегі кеп тұрған дер кезінде жасқансаң, ол - Жасық болғаның (М. Әуезов). Сөздің тура мағынасы - жуас. Сонымен, қазақ тілінде мінез-құлыққа байланысты дисфемизмдерді былайша топтастыруға болады:

1. Ұятсыз - дүзіқара,

2. Жуас - ынжық,

3. Қанағатсыз - қомағай,

4. Тоймау,ашқарақ - мешкей,

5. Ұйқышыл - маубас,

6. Ашына, көңілдес - ойнас,

7. Зинақор - жәлеп,

8. Арсыз - бетбақ,

9. Сөзуар - езбалдақ,

10. Маскүнем - алқаш.

Санамаланған сөздер қоғамда қалыптасқан әдептілікке қарама-қарсы келетін мінез-құлықтарды білдіріп тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет