Семей қаласы 2019 жыл
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Жаратылыстану – математика факультеті
5В011600 – «География» мамандығының
4 – курс Е – 519 топ студенті
Парасат Құлпынайдың
Семей қаласының «№ 31 жалпы орта білім
беретін мектеп» КММ 8 «А» сыныбында
18.02.19 – 07.04.19 ж. мерзімі аралығында
өтілген педагогикалық іс – тәжірибе бойынша
Есебі
Мен Парасат Құлпынай Семей қаласының «№ 31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 18.02.19 – 07.04.19 ж. мерзімі аралығында педагогикалық іс –тәжірибеден өттім.Іс – тәжірибе бағдарламасымен танысу үшін 21 қаңтар күні Шәкәрім университетінің 3-ші ғимаратында өткен қалыптастыру конференциясына қатыстым.Конференция барысында іс – тәжірибе әдіскері химия – география кафедрасының оқытушысы Сакенова Гульмира Каирболатовна бізге практика желісімен таныстырды.
Ақпанның 18-ші жұлдызында химия – география кафедрасының оқытушысы Сакенова Гульмира Каирболатовнаның жетекшілігімен Семей қаласының «№ 31 жалпы орта білім беретін мектеп » КММ-не бардық.Бізді директордың кәсіптік бағдар беру жөніндегі орынбасары Ұлан Бақытжанұлы қарсы алды.Кездесу барысында Ұлан Бақытжанұлы мектеппен және оның ішкі ережелерімен таныстырды.Мектепте 848 оқушы оқиды.72 мұғалім қызмет етеді.Оның 23-і жоғары санатты.Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.Сонымен қатар,мектептің паспортымен,санитарлық – гигиеналық жағдайымен таныстық.Жалпы мектептің ішінде кішігірім экскурссия жасадық.Экскурссия барысында кабинеттермен,психология кабинетімен,спорт залмен,акт залымен,медициналық кабинетпен,әлеуметтік педагогпен таныстық.
Маған 8 «А» сыныбын бекітіп берді.Сыныпта 23 оқушы оқиды.Олардың 12-і ұл,11-і қыз оқушы.Сынып жетекшісі – Қонаева Салтанат Базарбекқызы.
Алғашқы күні 8 «А» сыныбының жетекшісі Салтанат Базарбекқызымен таныстым.Таныстық барысында нормативтік құжаттармен,яғни,тәрбие журналының құрамымен,сыныптың сабақ кестесінің мазмұнымен,тәрбие жоспарындағы өткізілетін тәрбие сағаттарының тақырыбымен таныса келе,сыныптың оқу және тәрбие ісіне кірісе бастадым.8 «А» сыныбының барлық сабақтарына қатысып,оқушыларды танып зерттей бастадым.Мұғалімдердің оқушыларды сабақ өткізу барысында ұйымдастыруын,сабақ бері әдіс – тәсілдерін,әрі жетекшілік қызметімен де таныстым.Іс – тәжірибенің барысында оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуге,әр баланың жеке қасиеттерін ескере отырып қарым – қатынас орнатуға ,дидактикалық материалдарды тәжірибеде ұтымды қолдануға,балаларды сабақта ұйымдастыра білуге,сапалы білім бере отырып,тәрбиелеу функциясын да қатар жүргізуді үйрендім.
Маған бекітілген 8 «А» сыныбының география пәні мұғалімі Раушан Қинаятқызымен таныстым. Раушан Қинаятқызынан пән бойынша күнтізбелік жоспарды алдым. Пән мұғалімінің өткізген сабақтарына қатысып, өзіме керек әдіс–тәсілдерді жазып жүрдім.Нәтижесінде сабақ оқытудың,ұйымдастырудың негізгі факторларымен таныстым.Сонымен қатар, жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастыруда тәрбиенің бірлігі мен тәрбие берудің әдіс – тәсілдер,құралдары,формалары жөнінде толық мағлұмат алдым.Бақылау жасау барысында педагогикалық процесстің қызметтерін іске асыру барысындағы білімділік,тәрбиелік,дамытушылық кезеңдерімен таныстым.Бір апта ішінде теориялық тұрғыдан үйренгенімді,екінші аптада тәжірибеде қолдануға кірістім.
Өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе барысында мен география пәнінен 18 сағат сабақ жүргіздім. Алғашқы күні сабақ жүргізу қиын болды. Жаңа орта, көптің алдына шығып сөз сөйлеу қиындық туғызды. Пән мұғалімі Раушан Қинаятқызының қолдауымен, бағыт - бағдар бергенінің арқасында бұл ойдан арылып, әр сабақты жоғарғы көңіл- күймен жақсы өткізе бастадым. Сабаққа топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс әдістерін қолдана отырып оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиеледім. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технологияларды пайдаландым. Оқушыларды сабақтан шаршамауы үшін сабақ арасында «сергіту сәттерін» тиімді қолдандым.Жүргізген сабақтарымда әр түрлі әдіс – тәсілдер қолдандым.Мысалы: Джигсо әдісі,ізденіс әдісі,жобалық әдіс,сыни тұрғыдан ойлау әдісі,миға шабуыл әдісі, «кластер» әдісі, «Кейс» әдісі,топтастыру әдісі және т.б. Раушан Қинаятқызы маған топпен жұмыс жасатуды,уақытты тиімді де ұтымды пайдалануды,жаңартылған қысқа мерзімдік жоспар құруды үйретті.Осы жылғы педагогикалық іс – тәжірибеде Раушан Қинаятқызынан үйренгенім өте көп.
Сонымен қатар,басқа да машықкерлердің өткізген сабақтарына қатыстым.Барлығы 18 сабаққа қатыса отырып,анализ жасадым.Сабаққа қатысып,сабақ барысында қолданылған әр түрлі тәсілдерді бақылап,анализ жазу да үлкен тәжірибе болды.
8 «А» сыныбының жетекшісі Салтанат Базарбекқызының басшылығымен сыныпта «Менің отбасымның мамандықтары», «Әлемнің жарығы...» тақырыбына тәрбие сағаттарын өткіздім.Менің өткізген сабағым мұғалімдердің көңілінен шығып,өте жақсы деген бағамен бағаланды.
Жоспардан тыс қаңтар – ақпан айы аралығында бірнеше күн қатты аяз болғандықтан мектептерде сабақ тоқтатылды.Өткізілмеген тақырыптарымызды келесі апта жаңа тақырыппен кіріктіріп өткіздік.
18.02 – 28.02.2019 ж. аралығында жаратылыстану пәндері онкүндігін өткіздік.Алғашқы күні онкүндіктің ашылуы болды.Онкүндік барысында викториналық тапсырмалар орындалды,сыныптар қабырға газетін шығарды,географияға байланысты қызықты ойындар ойнатылды.9 сыныптар арасында «Ойжарыс» интеллектуалды ойын – сайысы ұйымдастырылды. 8 сыныптар арасында «Эрудит» атты интеллектуалды ойын – сайысын өткіздік.Сайыста 8 «Ә» сыныбы 1 – орын иеленді.Сайысқа қатысушы топтарды мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапаттадық.Апталық оқушыларға әрі бізге үлкен әсер қалдырды.Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтары арта түсті деген ойдамын.
Машықкер әріптестерімнің іс – шараларына да қатыстым.Сабақтарға қатысу барысында,үйрену керек және жіберілуге тиісті емес қателіктерді тұжырымдай келе,біршама істі үйрендім.
Өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе барысында мен 2 зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Оның біреуі 8 сыныпқа жүргізілген зерттеу жұмысы, екіншісі жеке оқушыға Құнафия Қалибекке жүргізілген зерттеу жұмысы.
Іс-тәжірибеден өту кезінде кездескен қиындық: сабақ жүргізу барысында уақыттың жетпеуі. Себебі, тәжірибем әлі аз болғандықтан деп ойлаймын.
Іс – тәжірибе барысында үлкен әсер алдым.Мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкініш болған жоқ.Тәжірибе барысында оқушылармен жұмыс істеуді,дұрыс сөйлеуді,педагог тұлғасын жасай білуді үйрендім.Еңбекқорлық.ізденпаздық,байсалдылық сияқты ізгі қасиеттерді бойыма сіңірдім.Сабаққа қатысу барысында көптеген жаңа бағдарламаға сәйкес әдіс – тәсілдер үйрендім. Соның ішінде, Джигсо әдісі,ізденіс әдісі,жобалық әдіс,сыни тұрғыдан ойлау әдісі,миға шабуыл әдісі, «кластер» әдісі, «Кейс» әдісі,топтастыру әдісі және т.б.Сондай – ақ интерактивті тақтаны қосуды,дұрыс қолдануды,презентацияны оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты әсемдеу шараларын,кембридждік оқыту бойынша топтық жұмыстарды ұтымды пайдалануды үйреніп,шыңдалдым.Іс – тәжірибе кезінде педагогикалық тұрғыдан көптеген тәжірибе жинадым.Ешбір қиындықтар туындаған жоқ.Педагогикалық практика кезінде жақсы,үлгілі ұстаз болу үшін көп еңбек пен шыдамдылықтың қажет болатындығын түсіндім.Болашақта бәсекеге қабілетті,тәжірибелі педагог дайындап шығару үшін негізінен өткізілетін сағат санын ұзарта түссе деген ұсыныс айтар едім.
Мектеп директоры:______________________
Директордың кәсіптік бағдар
беру жөніндегі орынбасары:________________
География пәні мұғалімі:_______________
Сынып жетекші: _________________
Әдіскер: ___________________
Машықкер:___________________
Достарыңызбен бөлісу: |