Мамандығы: Қазақ филологиясы Орындаған: Еркімбек Аяулым Қабылдаған



бет4/8
Дата06.10.2023
өлшемі53,37 Kb.
#113299
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Еркімбек Аяулым СРС

ІІ. Қырғыз-қыпшақ тобы: көне қырғыз, қазіргі қырғыз, қазіргі қырғыз,
алтай тілдері.
Орта ғасырларда құмықтар Солтүстік Кавказдағы саны өте көп халық
болған. Олар мекендеген кең аймақ оңтүстігінде Дербенттен, солтүстігінде
Кума өзенінен және Теректің ағып шыққан бастауынан батысында жазыққа
дейін созылып жатты. Құмықтар жататын тілдік топқа этногенезі, тілі,
мәдениеті, діні және көп жағдайда тарихи тағдырлары ұқсас балқар, қарашай,
қырым татарлары, сондай-ақ бірқатар белгілері бойынша ноғайлар мен
терекемейлер – дағыстандық әзірбайжандар да енеді. Шығыс Түркістанда,
қазір Қытайдың батыс бөлігінде, мекендейтін түркі халықтарының бірі –
ұйғырлардың тілі құмық тіліне өте жақын деп есептеледі.
Құмық тілі Дағыстанның алты әдеби тілінің бірі болып саналады. Құмық
тілінің кезеңге бөлінуі осы уақытқа дейін анықталмаған. Шамамен,
моңғолдық дәуірге дейін, ХІІІ ғасырда қалыптасқан деп есептеледі. XVII
ғасырдан Солтүстік-Шығыс Кавказда құмық тілі ұлтаралық қарым-қатынас
тілі ретінде және орыс әкімшілігімен ресми тіл болып қалыптасты.
Құмық тілі ХІХ ғасырдың басына дейін Дағыстанның солтүстігіндегі,
яғни Дағыстанның тау етегіндегі және жазықтағы аймағына тараған лингвафранка – ұлтаралық қатынас тілі болып табылады. Құмық тілі Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейін де ұлысаралық қызмет атқарған. Көп
ұлыстардан құралған Дағыстан мен Солтүстік Кавказды көптеген ұлттар мен
ұлыстар мекен еткендіктен, олар қарым-қатынас құралы ретінде құмық тілін
қолданған. Осы аймаққа келген ресейліктер де құмық тілін үйренуге мәжбүр
болған. Қазіргі уақытта сан жағынан аз халық – құмықтардың тілі бір
кездерде халықаралық тіл деңгейінде болғандығы, шын мәнінде,
таңғаларлық.
1928 жылға дейін құмықтар араб жазуын қолданған. 1928-38 жылдары –
латын графикасына негізделген әліпби, 1938 жылдан кириллица
қолданылады. Құмық әліпбиінде 38 әріп және 6 қосымша әріп: гъ (ғ), къ (қ),
нъ (ң), оъ (ө), уь (ү), ж (дж) бар. Құмық тілінде 8 дауысты дыбыс бар: а, е, ы,
и, о, оь, у, уь, кейбір, негізінен, кірме сөздерде дауысты ә дыбысы кездеседі.
Құмық тілі мынадай бес диалектіден тұрады: хасавюрт, бойнақ, қайтақ,
таулы және тер. Тер диалектісі Шешен, Ингуш Республикаларында және
Осетияда байқалады. Басқаларынан қайтақ диалектісінің айырмашылығы
бар. Кейбір диалектілерде кавказ тілдерінің ұзақ мерзімді өзара әсері
көрінеді, ішінара бұл «кавказдық» шұғыл-көмей дауыссыздардан байқалады.
Қазіргі құмық әдеби тілі хасавюрт және бойнақ диалектілерінің негізінде
қалыптасқан. Құмық диалектологиясының ғылым ретінде негізін қалаған
көрнекті түрколог-ғалым Н.К. Дмитриев. Құмық диалектологиясының
дамуына И.А. Керимов [4] , Н.X. Ольмесов т.б. ғалымдар елеулі үлес
қосты.
Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны əртүрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін, т.б.) қосымша атқарады. Ұзақ эволюциялық даму барысында адам өзінің анатомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, органдарын түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, жаттықтырудың нəтижесінде дыбыстық тілге ие болды. Адамның дыбыстау мүшелері бірнеше мыңдаған жылдарды басынан өткере отырып, басқа тіршілік иелеріне қарағанда əлдеқайда жоғары дəрежеде дамыған. Дыбыс жолы өкпеден басталып, тамаққа дейін келеді де ауыз бен мұрынның ұшына дейін жалғасады. Яғни анатомиялық органдардың екінші бір міндеті дыбыстың жасалуы мен шығуына қызмет ету болып табылады. Түрік тілінің дыбыстау мүшелері: өкпе (akcіğer) дыбыстардың жасалуына керек ауаны жоғары қарай жібереді. Өкпеден шыққан ауа тыныс жолы (soluk borusu veya solunum yolu) арқылы жолындағы мүшелерге жанасады, тиеді, соғылады жəне түрлі кедергілерден өтеді. Өкпеден шығып жоғары көтерілген ауа өкпеден кейінгі екінші мүше көмейден (hançere) өтіп, дауыс шымылдығына (ses tellerі) келеді. Осылайша, ауа тыныс алу жолын (nefes borusu) пайдалана отырып, көмейдің (hançere) соңына дейін жетіп, дыбыстаудың, дауыстап сөйлеудің негізі дауыс шымылдығына (ses tellerі) ұласады. Ауа ағысы жəне дыбыс жолындағы ауыз қуысы (ağız boşluğu) мен мұрын қуысының (burun boşluğu) түйіскен жерінде жоғарыдан төмен қарай қимыл-қозғалысқа бейім кішкене тіл немесе тілшік (küçük dіl) орналасқан. Бұл мүшенің негізгі қызметі сөйлеу барысында дауыс шымылдығының көмегімен пайда болған дірілді (titreşim, ötüm, ton) шығу жолына қарай бағыттау болып табылады. Егер дыбыс ауыз жолымен шығатын болса, кішкене тіл мұрын жолын, ал дыбыс мұрын жолымен шығатын болса, кішкене тіл ауыз жолын жауып қалады. Ауыз жолын жабу керек болса, төмен қарай салбырайды, керісінше мұрын жолын жабу керек болса, жоғары қарай көтеріліп, дыбыстың мұрыннан шығуына кедергі жасайды. Ауыз қуысына келген ауа тіл (dіl), таңдай (damak), тістің (dіş), еріндердің (dudak) жəне жақтың (çene) көмегімен дыбысталады.

Аталған дыбыстау мүшелерінің жиынтығы дыбыстау немесе сөйлеу аппараты «konuşma cihazı» деп те аталады. Ал дыбыстау немесе сөйлеу аппараты, жоғарыда атап өткеніміздей, тыныс мүшелері, тамақ мүшелері жəне қуыс мүшелері болып үшке бөлінеді. Сөйлеу аппаратының анатомиясы анатомиялық-физиологиялық аспектіде (fizyolojik açıdan) сипатталып, физиологиялық фонетиканың нысанына айналады да тіл дыбыстарын артикуляциялық, акустикалық жақтан зерттейді. Дыбыстау мүшелерінің орналасу тəртібін төмендегі суреттен байқауға болады:


Олар: 1. Еріннің сыртқы жағы «dış dudak». 2. Еріннің ішкі жағы «iç dudak». 3. Тіс «diş». 4. Тіс ұяшығы «diş yuvası». 5. Артқы тіс ұяшығы «art diş yuvası». 6. Таңдай алды «ön damak»., 7. Таңдай (қатты таңдай) «damak (sert damak)». 8. Артқы таңдай (жұмсақ таңдай) «art damak (yumuşak damak)». 9. Тілшік «küçük dil». 10. Жұтқыншақ «yutak». 11. Көмей «gırtlak». 12. Көмей аузы «gırtlak kapağı». 13. Тіл түбі «dil kökü». 14. Тілдің үстіңгі түбі «dil üstü arkası». 15. Тілдің үстіңгі ұшы «dil üstü önü». 16. Тіл қуысы «dil palası». 17. Тіл ұшы «dil ucu». 18. Тілдің ұшының асты «dil ucu altı». 19. Мұрын қуысы «geniz boşluğu».


İstanbul Türkçesi, Türk milletininin sahip ve hakim olduğu her yerden gelerek İstanbul’da yaşayan, İstanbulda konuşan, İstanbulda şiir ve şarkı söyleyen Türkler tarafından meydana getirilen güzel lisandır. Urfalı NÂBİ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет