Түрікмен тілінің фонетикалық ерекшелігі ретінде дауысты дыбыстардың созылыңқылығы мен ерін үндестігін, сын есімнің грамматикалық жағынан түрленбейтіндігін айтуға болады. Түрікмен әдеби тіліне тән басты ерекшелік оның негізгі бөлігінің құрамында парсы, араб лексикасынан енген сөздердің сақталып қалуы болып табылады. Түрікмен лексикасына орыс тілі және орыс тілі арқылы басқа да шетел тілдерінен енген сөздердің әсері елеулі. Сонымен бірге тілдің лексикалық қорының өсуі бәрінен бұрын ішкі мүмкіндіктердің есебінен: аффикстік сөзжасамдар, жұп сөздер мен лексикалық біріккен сөздер арқылы жүзеге асуда.
Түрікмен тілі ХІХ ғасырдан ғылыми зерттеулердің нысанына айналды.
Бұл орайда И.Н.Березиннің және Н.И.Ильминскийдің еңбектерін атап
өткен орынды.
ХІХ ғасырдың аяғында П. Шимкевичтің «Практические руководство для ознакомления с наречием туркмен Закаспийской области» (1899) деген еңбегі жарық көрді.
Алғашқы зерттеушілердің бірі П. Шимкевич: «Түркі тілдерінің қатарына жататын түрікмен тілі көптеген түбір сөздерді түркі тілдерінен алғанымен,оны таза түркі тіліне жатқызуға болмайды. Бір жағынан сан ғасырлар бойыұдайы Парсы, Бұхара, Ауғанстанмен, екінші жағынан Хиуамен жәнеқырғыздармен қарым-қатынаста болуы сол тілдерге тән сөздер мен сөзтіркестерін ендірді де, түрікмен тілін туғызды», – деп жаза келе,тілдің ерекшелігі ретінде онымен туыстас түрік, татар, әзірбайжан тілдерінен айырмашылығы ретінде түрікмендерде сөздердің өте жұмсақ дыбысталуын,мәселен, л дыбысы француздардағы сияқты, әрқашан жіңішке
айтылатындығын, бұған парсы тілінің де әсерінің бар екендігін ашып
көрсетеді. Түрікмен тілінде сөз екпінінің соңғы буынға түсетіндігін құптап,
ерекше мән береді. П. Шимкевичтің еңбегін түрікмен тіліне қатысты
зерттеулердің алғашқы қарлығаштарының бірі ретінде атауға болады.
ХХ ғасырдың басына дейінгі түрік тілдері тарихы жылнамалық
еңбектерінде түрікмен тілі фонетикасы, грамматикасы мен
диалектологиясына қатысты бірде-бір арнайы зерттеу жарыққа шықпаған.
Түрікпен тілінің лингвистикасына қатысты жарыққа шыққан зерттеулер,
негізінен, түрікмен тілін үйретудің практикалық мәселелеріне немесе
кездейсоқ жазбалар мен кейбір әдеби ескерткіштерді зерттеуге, сондай-ақ
басқа да түркі тілдерінің зерттелуіне қатысты қысқаша еңбектерге арналды.
Еуропалық мектептің аясында дамыған түрікмен тіл білімінің бастауына
А.П. Поцелуевскийдің еңбектерін атауға болады. Ол тұңғыш рет түрікмен
фонетикасын жүйелі түрде мазмұндады және түрікмен диалектілерін
жинақтап талдады. А.П. Поцелуевский 50-жылдардың өзінде-ақ түркімен
тіл білімінің дамуын айқындаған ұлттық кадрларды дайындауда маңызды рөл
атқарды.
Түрікмен тілі мен әдебиеті бойынша жарыққа шыққан түрік тілін
зерттеуші танымал ғалым, академик А.А. Самойловичтің еңбектері мен
кавказ түрікмендерінің өмірі мен мәдениетін зерттеген А. Володиннің
ізденістерін айрықша атап өту орынды.
Түрікмен тілінің жоспарлы түрде зерттелуіне кеңестік мемлекеттің
қалыптасуы, Түрікмен Кеңестік Социалистік Республикасының аумағында
түрікмен тілінің мемлекеттік мәртебе алып, әдеби тіл дамуының өзгеше
қалыпқа түсуі, жазба тілде алғашқыда – латын, кейіннен – орыс, соңынан
қайтадан латын әріптерінің қолданылуы үлкен әсерін тигізді.
Гагауз тілі тілдердің оғыз тобына жатады және өзінің тілдік жүйесіне сәйкес түрік тіліне біршама жақын. Фонетикалық жүйедегі гагауз тілінің негізгі ерекшеліктеріне келесі құбылыстар сай келеді: тіл алды, тіл ортасы дауыстыларының дифтонгизациясы, қайталама созылыңқы дауыстылардың қызметінің жүруі, тіл алды дауыстыларының қатысуымен дауыссыздардың негізгі корпусының қарқынды палатизациялануы; синтаксисте түрік тілінен басты айырмашылығы – сөйлемдегі сөздердің еркін орын тәртібінің болуы. А.С.Аманжолов гагауз тілінің тілдік жүйесін түрік тілімен жақын деп қарастырады. Олардың бірқатары мынадай өзгерістер: