Мамандығы: Бастауыш білім беру б-12 Мерзімі


Тарихы Көк түріктер тарихынан



бет2/5
Дата21.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#84956
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ежелгі Түркі мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті

Тарихы
Көк түріктер тарихынан: VI ғ. Қазақстан жері құдіретті мемелекет – Түрік қағанатының иелігінде болды. «Түрік» атауы алғаш рет Қытайдың 542 ж. шежіресінде кездеседі. Қытай жылнамаларында түркілер ғұндардың тікелей ұрпағы деп айтылады.
Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі – теле. Олар қазіргі Монғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен, батыста Тянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген. Түріктер өзінің шығу тегін ашин тайпасымен байланыстырады. Түріктердің жалпы тарих сахнасына ала шыққан мамандығы темір өндіру ісі болатын. Олардың аңызға айналған арғы атасы Ашин теріскейге қашып келіп, жужандарға темір өндіреді. 546 ж. жужан қағаны Анахуан түріктер көсемін: «менің темір қорытатын тұтқыным», - деп түріктердің басты кәсібін айрықша атайды. Кейіннен күш жинап біріккен түркі тайпалары жужанжарға қарсы тұра білді. Түріктер 552 ж. Солтүстік Монғолия жерінде Түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы қағандары Бумын, Қара, Мұқан қағандар еді. Олар көршілес тайпалармен қоса жужандарды да тізе бүктірді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-Батыс Манчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жерінде Енисей қырғыздары бағындырылды. Істеми қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғ. Екінші жартысында түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.
582-603 ж.ж. Түркі мемлекетінде ішкі қайшылықтар шиеленісіп, 603 ж. Түрік қағанаты Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарына бөлінді.
Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ будун» - «он оқ елі» аталды. Қидан еліе, Енисей қырғыздарын басып алған ШығысТүрік қағанаты, 711 ж. Инел қаған мен оның бас қолбасшысы Тоныкөктің тұсында түркештерді өзіне қаратты. Бұдан соң 716 ж. Білге қағанның тұсында түріктер Қытай әскерлеріне үлкен соққы берді.
Батыс түрік қағанаты да өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 ж. Еділ бойына, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталық Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет