Жауап: 10-12 айлық бала
№52. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның үлкейгені туралы ойлау керек?
Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
№53. Инфекциондық гепатит диагнозымен аурухананың инфекциялық бөліміне ауру түсті. Ауруда терісінің сарғайғаны , несебі қара, нәжісі ақ екені байқалады. Дұрыстап қарағаннан кейін ауру хирургиялық бөлімге ауыстырылады да өт қапшы тасы бойынша тез операция жасалынды.Диагноз холастаз шақырған тастар қай анатомиялық құрылымда болғанын көрсет.
Жауап:Жалпы өт өзегі
№54.Операцияда аурудың ұйқы безінің басы үлкейгені байқалады. Неге бұл патологияда өт 12 елі ішекке түспейді?
Жауап: Жалпы өт өзегінің онекіелі ішекке өт құйылуында бұзылыстар байқалған
№55.Ауруда – қапшықталған немесе қоршалған перитонит деген диагноз қойылды. Ортаңғы қабаттың қай анатомиялық құрылымында инфекция жиналуы мүмкін.
Жауап: Шажырқайлық қойнаулар
№56. Аурудың асқазанынының артқы қабырғасында ісік бар. Қойған диагноздың дұрыстығын тексеру үшін хирург қай анатомиялық құрылыс арқылы саусағын тығып тексереді ?
Жауап: Шарбылық тесік
№57. Ауруға III сол қабырға шеміршегінің төске байланатын жерінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?
Жауап: truncus pulmonalis
№58. Ауруда III қабырға аралығында төстің сол жиегінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?
Жауап: aorta
№59. Операция кезінде хирург асқазан шарбымай артерниясымен бірге бір артериялық бағананы кесіп жіберді, осының салдарынан ауруда айналма ішектәің көлденең бөлігінде және төмен түскен бөлігінде қан келуі бұзылды. Қай артерияны кесіп жіберді, неге?
Жауап: хирург ортаңғы айналма артерияны кесті, өйткені ол көлденең ішектің шажырқайынан артерияны ажыратпаған.
№60. Сан жарығына операция кезінде, жарық қапшығын бөліп шығару кезінде хирург артериальды анастомозды кесіп жіберді, ол ауруда жақсы дамыған болатын, қорытындысында күшті қан ағуы болды, оны тоқтату қиын болды. Қандай анастомоз кесілді, ол қай артериялардың арасында және неге күшті қан ағуы болды?
Жауап: Мүмкін «Corona mortis анастомозы кесілген болуы керек, ол төменгі құрсақ үсті артериясымен жапқыш артериясының арасында болады, қанның күшті ағуы ірі артериялардың бағаналардың жақын жатқандығынан болды, сонымен бірге оған лигатура жасау қиынға түседі, өйткені анастомоздар тармақтары ажырап кеткендіктен.
№61. Хирург бас сүйегіне трепанация жасағанда сүйектердің жиегін қан ақпау үшін замазкалайды. Қанның қайдан шығатынын көрсет.