Мамбет Ұлдана Досымбекқызы


Готфрид Вильгельм Лейбниц



бет2/2
Дата27.02.2022
өлшемі24,76 Kb.
#26528
1   2
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646 – 1716) идеализмнің өкілі болды .

Г. Лейбництің ғылыми әрекетіне тән сипат – теорияны практикамен байланыстыруға тырысты. Оны әлеуметтік мәселелер де қызықтырды. Ол монадалар туралы ілімін жасады. Материя субъстанция бола алмайды, ол ұзаққа созылып жатыр, әрі ол қарапайым. Монадалар бөлінбейтін рухани субъстанциялар, бүкіл әлем монадалардан қалыптасады. Монадалардың саны шексіз, олардың әрқайсвсы қабылдау мен ұмтылу қасиеті бар. монадалар бір-бірімен физ. Жағынан әрекетеспейді, жоғары монадаға тәуелді.



Лейбениц таным теориясы – идеалистік рационализм. Локктың сенсуализмі мен эмперизміне қарсы. Локк ақыл дегеніміз таза тақтай көзқарасын қолдамай, ақыл ғана білім қажетілігінің көзі бола алады деп тұжырымдады.

2. Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстын (Being) мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы (Beings) ретіндегі жеке затты – субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы – танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын. Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Хайдеггер батыстың философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген, тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды.
Хайдеггердің ойынша, метафизиканың осылай жалаң түрде дүниені түсіндіруі қазіргі заман "технологиясында" шегіне жете көрініс тапты. "Технология" ұғымы мұнда "бейтарап тұрған, мақсатқа жеткізетін құрал" ғана емес, қайта біздің дүниені тануымызды өзгерткен нәрсе. Технология себебінен біз қасиетті қара жерді қолданылмалы мағынада түсіндік. Технологияның жаһандануына және оның табиғи байлықтарды тежемсіз пайдалануына қарап, Хайдеггер Технология бойынан қарсы тұру қиын жойқын қатерді көрді. Хайдеггердің пікірінше, өнер қай-қашанда техниканың қарсы жағы есептелді. Әсіресе Гельдерлин өлеңдеріне сүйеніп, жалаң Технологиялық дүниемен байланысудан құтылудың жолын қарастырды


3.Қазақ топырағында Абайға шейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшыл болмаған. Өзін сопылар деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла бір, пайғамбар хақ» деп мәселені нақты қоймаған. Бір сөзбен айтқанда, сенім мен таным арасы ажыратылмаған. Абай болса, Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім ­ діни қағида, таным ­ гносеологиялық ұғым. Алғашқысы діни идеологияға негіз болса, соңғысы діни философияның категориясы. Бірақ Аллаға сену және оны тану мәселелері діни сана ауқымындағы ұғымдар. Сондықтан осы проблемалармен айналысқан, пікір айтқан адамдарды біз бүгінгі күні діни ойшылдар деп жүрміз. Олай болса, Абай да діни ойшыл (философ). Абай ­ Алланы танушы ойшыл. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас»,— деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген.
Абай сонымен Алланы абсолют шындық ретінде ұсынып, ал оның сөзін жеткізушілер туралы өзгеше пікірде болады. Ол: «Замана, шаруа, мінез күнде өзгермек, оларға кез­кезімен нәби (пайғамбар) келмек»,­ дейді. Міне, осы тұста Абай өзі айтқан Алла жолы мен пайғамбар жолының айырығына келеді. Нәбилер келеді, кетеді, ал Алла ­ мәңгілік. Нәбилердің келіп­кетуін Абай қалыпты жағдай деп түсіндірген. Өзгермейтін бір Алла ­ол- абсолют. Өзгеретін ­ оны танушылар, оның құдіретіне бас июшілер. Адасатын ­ Алла емес, адамдар.
Абай философиясында әдеттегі ислам дініндегі Алла ­ Расул ­ Адам болып келмейді, мұнда орта буын жоқ. Абай Алла мен Адам туралы айтады. Бұл ­ діни демократия. Адам дамуындағы кедергілерді жою. Алла шексіз, оны танымақ болсақ, өзіңді де шексіз дамыта бер, сонда адамдық атыңды жоймақ түгіл, кәміл мұсылман болғандығың. Абайдың айтуынша, Алла ­ өзінің әр пендесіне шамамен, мөлшермен ізгілік, даналық беруші. Бірақ Алла адамдарға осыларды гүлдендіріп, рауа беріп, оларды пайдаға асыру ғана мүмкіндігін берген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет