Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет40/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93
Педагогикалық модельдің функциялары:
басқару үдерісінің моделі;
 
таңдалған формалардың, басқару құралдары мен әдістерінің дұрыстығын 
салыстыру, анықтау моделі;
 
оқу мен таным үдерістің мазмұнын, 
ұйымдастырылуын және дамуын айқындау,
 
теориялық және тәжірибелік, 
шығармашылық білімдер мен дағдылардың дұрыстығы мен толықтығын 
тексеру.
Теориялық кезеңде біздің зерттеуіміз көрсеткендей, білім алушылардың 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту 
мәселелерін зерттеудің әдіснамалық негіздері мен құралдары 
жүйелілік, 
аксиологиялық, акмеологиялық, іс-әрекеттік, инновациялық 
тұғырлар негізінде 
анықталды (1.3 параграфта). Бұл әдіснамалық тұғырлар бағдарламалық-
мақсатты, кластерлік, жобалық тәжірибені ескере отырып құрылуы мүмкін - 
технологиялық, ақпараттық, іс-әрекеттік, ресурстық тәсілдер және педагогика 
ғылымында пайда болған жүйелік және қоршаған орта тәсілдерін күшейту, іс-
әрекеттік, құрастырушылық тәсілдердің жетістіктерін дамыту міндетін 
басшылыққа алады. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
дамытудың продуктивті кезеңінде жобаны орындаудың соңғы кезеңі жүзеге 
асады, қорытындылар жасалады және өзінің зерттеушілік әрекет нәтижесінің 
таныстырылымын дайындайды. Демек, олардың зерттеушілік іс-әрекетін 
дамыту үдерісі тұлғалық білімнің мақсаты, құралдары, нәтижелері сияқты 
барлық компоненттерін жобалауды қамтиды. 
Осы орайда алдымен модельдің мақсатын 

болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы 
арқылы дамыту деп белгіледік.


99 
Одан төмендегідей міндеттер туындайды: болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамыту саласындағы білім жүйесін меңгерту; білім алушыларды зерттеушілік 
әрекетке даярлау, сараптама жасауға даярлау; білім алушылардың
рефлексивтік қабілетін дамыту. 
Қазіргі болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі білім беруді реформалау 
үдерісінде шешуші тұлға бола отырып, жоғары біліктілікке, тиісті жеке 
қасиеттерге ие болуы керек, ұтқыр болуы қажет, стандартты емес жағдайларға 
бейімделе алуы тиіс, шешім қабылдауда жауапты болуы керек. Педагогтің 
кәсіби стандартының талаптарына сәйкес оның кәсіби қызметінің маңызды 
салаларының бірі-өз қызметін жобалауды ұйымдастыру және білім 
алушылардың жобалау қызметін басқаруға дайын болуы маңызды [226,с. 5]. 
Алайда, ЖОО түлегіне бірден мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына 
дейінгі балалардың жобалық әрекетін ұйымдастыру кейде қиынға соғып 
жатады. Сондықтан, университеттегі білім бағдарламасының міндеттерінің бірі 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің теориялық және практикалық 
деңгейде жобалап оқыту технологиясын игеруіне жағдай жасау болып 
табылады. 
Өздеріңіз білетіндей, жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік 
қабілет іс-әрекетте қалыптасады және дамиды, әрқашан болашақ мектепке 
дейінгі ұйым құндылықтарымен ажырамас бірлікте көрінеді. Жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті дамыту үшін білім алушыларды 
жобалық іс-әрекетке тарту, оларда осы іс-әрекеттің тәжірибесін қалыптастыру 
қажет, оны игеруге оқу пәндері, педагогикалық практика, ЖОО-да жоспарлы 
ұйымдастырылған тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарлануы тиіс. 
Осы тұжырымдардың барлығы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуды 
модельдеуге негіз болды. 
Демек модельдеу дайындалған зерттеу нысанының түпнұсқа моделі деп 
аталады. Модельдеу әдістемесі танымның көрінісі мен объектісін саналы 
талдаудың белгілі түрі болып табылады (сурет 10). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет