Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет44/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93
Рефлексивтік компоненті
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің 
өзін-өзі бағалауы мен өзін-өзі талдауын, жобалық іс-әрекеттің нәтижесін де, 
оны ұйымдастыру әдістемесін де қамтиды, білім алушылармен жобалық іс-
әрекет шеңберінде қойылған мақсаттарды іске асыру дәрежесін түсінуге және 
бағалауға мүмкіндік береді. 
Педагогикалық университеттің білім беру кеңістігінде жобалық қызметті 
жүзеге асырудың артықшылықтары оқытушылар мен білім алушылар 
мыналарды қарастырады: 
– болашақ педагогикалық қызметпен байланысты әртүрлі міндеттерді 
шешудегі ынтымақтастыққа негізделген қызмет; 
– туындаған проблемаларды анықтау үшін олардың интеллектуалды, 
моральдық, физикалық күштерін үнемі сынау және оларды әртүрлі әлеуметтік 
рөлдерді орындай отырып, бірлескен күш-жігермен шешу мүмкіндігі;
– білім алушыларды алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға 
ықпал ететін белсенді таным үдерісіне тарту, бұл білімді қандай жолмен және 
қандай білім беру мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолдануға болатындығын 
нақты түсіну; 
– белгілі бір оқу мәселесі бойынша өзіндік дәлелді пікір қалыптастыру, өз 
көзқарасын және тиісінше жеке ұстанымын анықтау мақсатында ақпаратты 
іздеу, өңдеу, қолдану. 
Осылайша, қазіргі педагогикалық университеттің білім беру кеңістігінде 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы ұйымдастырудың көп қырлы 
мүмкіндіктері бар. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ЖОО-да 
жобалық қызмет тәжірибесін алуы бойынша ұйымдастырылған жұмыс олардың 
зерттеушілік іс-әрекетінің сәттілік кепілі және олардың кәсіби дамуының 
маңызды жолдарының бірі болып табылады.Болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың бұл моделі зерттеушілік 
жобаларды орындау арқылы үдерісті жүзеге асырудың іргетасы болуы мүмкін. 
Кесте 15 – Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға даярлаудың өлшемдері 
мен көрсеткіштері 
Компонент 
Өлшемдер 
Көрсеткіштер 



Мотивациялық Білім алуға 
қызығушылықтары 
- Жобалап оқыту технологиясы негізінде 
зерттеушілік іс-әрекеттегі қызығушылығы; 
- Зерттеушілік іс-әрекеттегі белсенділігі; 
- Зерттеушілік іс-әрекеттегі ізденіс 
Когнитивтік Жобалап оқыту технологиясы 
негізінде зерттеушілік іс-
әрекетті орындай алуы 
- Жобаны орындаудағы білімі; 
- Зерттеушілік қабілеті; 
- Зерттеушілік икемділігі. 


104 
15 - кестенің жалғасы 



Іс-әрекеттік Жобалық, зерттеушілік іс-
әрекетті меңгеруі 
-Жобалық тапсырмаларды сауатты 
қалыптастыру мақсатындағы зерттеушілік
іс-әрекетке икемділігі 
- теориялық білімді іске асыру әрекеті; 
-педагогикалық технология мен 
педагогикалық техниканы игеру дағдысы 
Рефлексивтік Өзін-өзі реттеу 
- Шешім қабылдаудағы дербестік; 
- Жобаны орындаудағы зерттеушілік 
біліктілік; 
- Зерттеушілік іс-әрекеттің нәтижесі. 
Белгіленген өлшемдер мен көрсеткіштер болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамыту деңгейін (жоғары, орта және төмен) анықтайды. 
Жоғары деңгей. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту үшін 
қажетті білім алады, зерттеу тақырыбына сәйкес зерттеу іс-әрекетінің түрлерін 
шығармашылықпен ойлап табады, зерттеу іс-әрекетін үйлестіру, ақпараттық 
ресурстарды саралау, өзін-өзі ұйымдастыру тәжірибесінде білім беру және 
когнитивтік зерттеулерді жобалайды.
Орташа деңгей. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту үшін 
қажетті білім алады, зерттеу тақырыбына сәйкес зерттеу іс-әрекетінің түрлерін 
шығармашылықпен ойлап табады, сондай-ақ зерттеу іс-әрекетімен ұштастыра 
отырып, оқу-зерттеу қызметін қалыпты жобалай алады, ақпараттық 
ресурстарды ажырата алады және барлық кезеңдерде зерттеулерді қалыпты 
жүргізе алады, бірақ, білім алушылар өзін-өзі ұйымдастыруы мен зерттеу 
нәтижелерін толық дәлелдей алмайды. 
Төмен деңгей. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік 
іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту үшін қажетті пәндік 
білімге ие және зерттеу қызметін тәжірибеге енгізу, оны білім беру және 
зерттеу іс-әрекетімен ұштастыру және ұйымдастыру түріне сәйкес зерттеу іс-
әрекетін жүзеге асыру үшін жобалай алмайды. Ақпараттық ресурстарды 
саралау дәрежесі төмен, сонымен қатар әртүрлі кезеңдерді орындау кезінде 
өзін-өзі ұйымдастыра алмайтын және зерттеу нәтижелерін көрсете алмайтын 
студенттердің деңгейі төмен. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың мотивациялық, іс-әрекеттік, 
когнитивтік, рефлексивтік компоненттерден, олардың әрқайсысын анықтайтын 
бірнеше көрсеткіштер, өлшемдер мен деңгейлерден тұратын, сонымен қатар 
өзара бір-бірімен тығыз байланыстағы тұтас құрылым екенін төмендегіше 
бейнелейміз (сурет 10).


105 
Сурет 10 - Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиялары арқылы дамытудың құрылымдық-
мазмұндық моделі 


106 
Оқыту үдерісіндегі студенттің іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы 
негізінде зерттеушілік іс-әрекетін дамыту оқытушы мен білім алушының 
қызметтерін өзгертетіні белгілі. Оқытушы сабақ барысында қойылған білім 
берудің өзекті мәселелерін іздестіруде ынтымақтастыққа құрылған бірлескен 
шығармашылық әрекетін ұйымдастырады, мұнда ол үйлестірушінің, 
кеңесшінің, тютордың рөлін атқарады. 
Қорыта айтқанда, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту кезінде 
оқыту технологияларының көмегімен олар зерттеу қызметіне белсенді қатысып, 
өз құралдарының зерттеу жұмысында инновациялық технологияларды өз 
бетінше игеруі маңызды болады. Оқытудың жобалық әдістері негізінде 
болашақ педагогтер ұйымдастырған зерттеу іс-әрекеті олардың жеке тәжірибесі 
мен кәсіби дағдыларын дамыту деңгейін арттыруға бағытталатын болады. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту кәсіби қызметтің бөлігі болып 
табылатынын ескере отырып, біз ғылыми-зерттеу жұмысының практикасына 
жобалап оқыту технологиясын енгізу олардың терең ғылыми дайындығын, 
педагогикалық дағдылардың жеткілікті деңгейін, жауапкершілік сезімін және 
ерекше қызығушылығын қамтамасыз етудің негізгі талаптарының бірі болып 
табылады деген қорытындыға келдік.
Келесі тарауда болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудағы 
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны қарастырылмақ. 


107 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет