Мамытбаева жанат абдиманаповна


БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет45/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93
3
БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ 
ЗЕРТТЕУШІЛІК 
ІС-ӘРЕКЕТІН 
 
ЖОБАЛАП 
 
ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
АРҚЫЛЫ 
ДАМЫТУДАҒЫ 
ТӘЖІРИБЕЛІК-
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ
3.1 Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамыту әдістемесі
Диссертациялық жұмыс мазмұнының бірінші және екінші тарауларында 
қарастырылған теориялар мен тұжырымдамаларды негізге ала отырып, біз осы 
бөлімді жобалап оқыту технологиясы арқылы болашақ педагогтердің 
зерттеушілік іс-әрекетін анықтау, дамыту, сүйемелдеу мақсатында әдістемелік 
жұмыстар жүргіздік.Білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға 
бағытталған 
кешенді 
әдістемелер 
жинағын 
дайындап, 
тәжірибелік-
эксперименттік жұмыс барысында іске асыруды жөн көрдік.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту бойынша тәжірбиелік-
эксперименттік жұмыс бірнеше кезеңдерден тұратын бағдарлама арқылы 
жүзеге асырылды. Жұмыс төмендегідей бірнеше кезеңдерді қамтыды. 
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезеңдері: 
I кезең
– анықтаушы (2019/2020); 
II кезең
– қалыптастырушы (2020/2021); 
III кезең
– аналитикалық (2021/2022). 
Тәжірбиелік-экспериментке барлығы 125 студент қатысты. Абай атындағы 
ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, 6В01201 «Мектепке дейінгі 
тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасының 63 студенті 
эксперименттік, Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық 
университетінің 6В01201 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту 
педагогикасы» білім беру бағдарламасының 62 студенті бақылау тобына 
алынды. 
Анықтаушы кезеңінің зерттеу құралына болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогттерінің жоба, жобаның түрлері, зерттеушілік іс-әрекет, жобалап оқыту 
технологиясы ұғымдары туралы білімін анықтау, зерттеу жұмысы бойынша 
элективті курс мазмұнын құрастыру қажеттілігі туындады. 
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығын шешуде бірнеше 
диагностикалық әдістемелер пайдаланылды (кесте 16). 
Кесте 16 – Зерттеу барысындағы қолданылған диагностикалық әдістемелер 
Мазмұндық-
құрылымдық
модель компоненттері 
Диагностикалық әдістемелер 


Мотивациялық 
Т.Элерстің «Табысқа жету мотивациясы» мотивацияның бағытын 
бағалауға арналған анықтау тесті (Қосымша Ә ) 


108 
16 – кестенің жалғасы 


Когнитивтік 
Ю.В.Рындинаның өзіндік бағалау әдістемесі «Студенттердің 
кәсіби іс-әрекетке теориялық және әдіснамалық даярлығы» 
(Қосымша Б ) 
Іс-әрекеттік 
E.E.Туниктiң «Тұлғалық кpeативтiлiктiң диагнoстикасы» 
(Қосымша В ) 
Рефлексивтік 
В.Ф.Ряховский бойынша «Қарым-қатынас деңгейін бағалау» тeсті 
(Қосымша Г ) 
«Жобалап оқыту технологиясының маман даярлаудағы маңыздылығы» атты білім 
алушылардың жобалап оқыту технологиясын меңгеру даярлығын анықтауға арналған 
авторлық сауалнама (Қосымша А ) 
Эксперименттік және бақылау тобындағы білім алушылардың жобалап 
оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамыту компоненттері
 
(мотивациялық, конгитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік) 
таңдалып алынды

жоғары білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі құрастырылып, тәжірибелік-экспреименттік 
жұмыстарды жүргізуге негіз болды.
Екінші кезеңде эксперименттік топ білім алушыларына арналған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет