Мамытбаева жанат абдиманаповна


Тәжipибeлiк - экcпepимeнттік жұмыс нәтижeлері



Pdf көрінісі
бет59/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93
3.3 Тәжipибeлiк - экcпepимeнттік жұмыс нәтижeлері 
Біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту 
технологиясы арқылы дамыту жолдары негізделген.
Зерттеу жұмысының үшінші бөлімінде тәжірибелік-экспериментте 
берілген ақпараттар мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 
білім алушыларын жобалап оқыту технологиясы арқылы шығармашылыққа, 
зерттеушілікке, өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі реттеу әрекетерін іске асыруға
көмектесетіндігі, зерттеушілік іс-әрекеті ғана емес, сонымен қатар болашақ 
мамандардың кәсіби іс-әрекетке деген қызығушылықтары да жоғары 
болғандығы байқалды. Осы кезеңде жобаға қатынасушыларды сүйемелдеу,


142 
кеңес беру арқылы жобаны іске асыруға көмектесу қажет.
Білім алушылардың 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалау жұмыстары арқылы дамыту үдерісіне: 
сүйемелдеу, кеңес беру, ақпараттандыру жұмыстарының басымдылығы, 
үздіксіздігі, тұтастығы, жүйелілігі, кешенді және құрастырушылық тәсілдер 
мен 
құрылымдылық, 
ортаға 
тәуелділік, 
ықтималдық, 
өзгергіштік, 
коммуникативтілік, тұжырымдамалылық қағидаларын жатқыздық. Біздің 
тақырыптың контекстінде бұл қағидаларын бүкіл жобалау іс-әрекеті циклі 
барысында 
жүзеге 
асырылады.
Жобалау 
іс-әрекеті барысында 
үздіксіз сүйемелдеу, 
қолдау 
жұмыстары 
барлық 
кезеңдерде 
жүзеге 
асырылды.
Білім алушылар жобаға қатынасу арқылы ұйымдастырушылық 
мүмкіндіктерге ие болды. Біздің тәжірибелік-эксперименттік зерттеуіміз өзара 
байланысты үш кезеңнен өтті:
I кезең
– анықтаушы (2019/2020); 
II кезең
– 
қалыптастырушы (2020/2021); 
III кезең
– 
аналитикалық (2021/2022). 
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға 
бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың құрылым мен логикасына 
сәйкес (кесте 31) жүзеге асырылды.
Кесте 31 - Білім алушылардың жобалау жұмыстары арқылы зерттеушілік іс- 
әрекетін дамыту үдерісінің құрылымы мен логикасы 
Әдістемелік бөлім: мәселені, тақырыпты, зерттеу нысанын анықтау, терминді нақтылау 
Процедуралық бөлім: зерттеу жоспарын құру, деректерді жинау, әдістерді жинақтау 
техникасын құру, эксперимент жүргізу, нәтижелерін талдау, сипаттау, ұсыну. 


1 кезең Білім алушылардың зерттеушілік іс- әрекет мәселелері туралы жалпы танысу, 
оның өзектілігін, даму деңгейін негіздеу; зерттеу нысаны мен тақырыбын 
анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсаты мен міндеттерінің байланысын 
тұжырымдау. 
2 кезең Әдістер таңдау: жүйелік, белсенділік, тұлғалық-белсенділік, инновациялық 
әдістер мен тәсілдер кешенін құрастыру; 
3 кезең Зерттеу болжамын құру: егер болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін білім 
беру жүйесінде жобалау технологиясы арқылы зертеушілік іс-әрекетін дамыту 
моделін құрастыру; 1) ғылыми-теориялық алғышарттарын негіздеу; 2) мәселені 
зерттеуге қажетті заманауи жетекші әдіс-тәсілдерді жинақтау; 3) жобалау 
әрекетінің мәні мен құрылымын және білім алушылардың зерттеушілік іс-
әрекетін дамыту бағыттарын құру; 4) білім алушылардың жоба жұмыстарын 
бағалау, әдістемелік кешендерді іріктеу, сұраныстарын анықтау, диагностикалау, 
жетістіктерін зерделеу, жүзеге асыру және тәжірибеге ендіру. 
4 кезең 
Зерттеу материалдарын таңдау.
Зерттеу пәнінің бастапқы күйін анықтау 
мақсатында анықтаушы эксперимент жүргізу:
жоба жасау әрекетіне дайындау, 
мақсатын анықтау үшін диагностикалық әдістер кешенін қолдану: 
1. «Жобалап оқыту технологиясының маман даярлаудағы маңыздылығы» атты 
білім алушылардың жобалап оқыту технологиясын меңгеру даярлығын анықтауға 
арналған авторлық сауалнамасы. 
2. Т.Элерстің «Табысқа жету мотивациясы» мақсатқа, жетістікке жетуге 


143 
31 - кестенің жалғасы 


мотивацияның бағытын диагностикалауға арналған анықтау тесті.
3. Ю.В.Рындинаның өзіндік бағалау әдістемесі негізінде тестік бағалау шкаласы 
«Студенттердің кәсіби іс-әрекетке теориялық және әдіснамалық даярлығы».
4. E.E. Туниктiң «Тұлғалық кpeативтiлiктiң диагнoстикасы».
5. В.Ф.Ряховский бойынша «Қарым-қатынас деңгейін бағалау» тeсті деңгейін 
бағалау әдістемесі жүргізілді.
5 кезең Трансформациялық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу:
1. «Жобалау әрекетінің негіздері» курсының мазмұнын жаңарту және оны 
сынақтан өткізу.
Бұл ретте оқу сабақтарында біз конструктивизм ережелеріне 
дәйекті түрде көштік:
оқыту ортасын, топ құру, коммуникативті орта 
қалыптастыру; оқытушы мен білім алушылардың жаңа позицияларын құру; 
сабақтан тыс білім беру ортасын құру.
2. Үздіксіз тәжірибелік жұмыстар арқылы «Білім алушылардың жобалау 
әрекетін ұйымдастыру және басқару» тақырыбы бойынша СОӨЖ сабақтары 
жүргізілді. Жобалап оқыту технологиясы: сыни ойлау, ынтымақтастық, жобалау 
жұмыстарына өзгерістер енгізу. 
6 кезең Зерттеу нәтижелерін талдау, түсіндіру және ресімдеу. 
7 кезең Тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу. 
Бұл кестеде жобалау іс-әрекеттерін дамыту, теориялық және тәжірибелік іс-
әрекеттерді 
жүргізу, 
ғылыми-зерттеу 
нәтижесін 
талдау 
жұмысы 
теориялық, әдіснамалық, эмпирикалық, статистикалық әдістер кешені негізінде 
жүргізілді. Біз анықтаушы эксперимент барысында (2019-2020 ж) 
эксперименттік топ (Абай атындағы ҚазҰПУ 63 білім алушы) және бақылаушы 
топ (Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университетінің 62 білім 
алушы) диагностикалау жұмысы 3.1- бөлімінде сипатталған әдістемелердің 
көмегімен жүргізіліп нәтижесі топтастырылды.
Қалыптастырушы экспериментте біз анықтаушы экспериментте алынған 
нәтижелерді салыстыру арқылы тұжырымдар жасадық. 
Педагогикалық эксперименттің осы кезеңінде біз білім алушылардың 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту бойынша 
сынақтан өткізілген құрылымдық-мазмұндық модельдің өлшем, көрсеткіш, 
компоненттерін негізге алдық: 
Мотивациялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет