Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет39/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93
шығармашылық әлеуеті -
бұл педагогикалық шығармашылық үдерісінде жүзеге асырылатын психикалық 
үдерістер мен жеке қасиеттердің жиынтығы. Оның генетикалық негізі педагог 
мамандығын таңдауға әсер етеді, ол оқу үдерісінде қалыптасады және одан әрі 
кәсіби қызметте дамиды. Педагогтің шығармашылық әлеуеті үш компонентті 
біріктіретін динамикалық құрылымнан тұрады:
педагогтерге шығармашылық – 
құндылыққа тән идеяларды көрсету;
танымдықты түсінуге ықпал ететін 
білімдер жиынтығымен ұсынылған еңбегінің шығармашылық сипатындағы 
педагог және шығармашылық ұйымға әсер ететін кәсіби қызмет;
шығармашылықты өзектендіруге ықпал ететін элементтерді біріктіретін 
белсенділікті дамыту үшін мүмкіндіктер. 
Қорытындылай келе, ЖОО білім алушыларының зерттеушілік іс-әрекеті 
ЖОО бағдарламаларында маңызды рөлге ие. Мұның себебі жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті білім алушы қабілетін ашу, 
үйлесімді тұлға етіп тәрбиелеу мен дамытудың мықты құралы деп тануда деп 
білеміз. 


95 
Келесі кезекте болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік 
іс-әрекетін жобалап оқыту технологиялары арқылы дамытудың құрылымдық - 
мазмұндық моделін қарастыратын боламыз. 
2.3 Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың құрылымдық - 
мазмұндық моделі 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту үшін Платон, Аристотель 
еңбектерінен бастау алатын үлгілеу (модельдеу) әдісіне талдау жасап көрдік 
[109,с. 9].
Модельдеу зерттелетін нысанның мінездемесін көрсететін ұқсастықтарды, 
көрініс пен үдерісті бейнелеу үшін керек екені белгілі. Педагогика саласында 
педагогикалық модельдеудің кеңінен қолданылатыны айқын. Педагогикалық 
модельдеу қазіргі педагогикалық практиканың бір немесе бірнеше міндеттерін 
шешуді қамтамасыз ететін белгілі бір педагогикалық құралды құру 
перспективасын анықтайды. Педагогикалық құрал кең мағынада-бұл 
ұсынылатын білім беру қызметтерінің немесе педагогикалық қолдаудың 
сапасын арттыру мақсатында құрылған, білім алушының жеке басын және 
тәрбиеге жауапты тұлғаларды әлеуметтік және әлеуметтік-білім беру 
қатынастары жүйесіне қосу деңгейі мен сапасын арттыруды жүйелі түрде 
қамтамасыз ететін, шындығында, мамандық таңдау жүзеге асырылатын 
болашақ педагог қызметінің өнімі мен объектісі. Білім алушының кәсіби 
дамыту идеясын іске асыру. Осы тұста, болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін құрастырудың практикалық 
жұмыстарын іске асыруда, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби 
дамытудың шыңдалуы екенін айта кеткіміз келеді. 
В.В.Краевский модельдеу туралы «белгілі бір нысанды зерттеу үшін 
арнайы жасалған басқа нысандағы кейбір сипаттамаларын қайталау», - деген 
пікір білдіреді [21,с. 211]. 
Ш.Т.Таубаева модель – «білім алушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, 
дамытуда қол жеткізген жетістіктердің белгіленуін салыстыратын ғылыми 
негізделген көрсеткіштер», – деген анықтама берген. Автор сонымен қатар 
көрсеткіш – тұлғаның даму үдерісін сипаттайтын деңгейі, оның оқытылуы, 
тәрбиелілігі және білім алушының тәжірибесінде қалыптасқан білімі, дағдысы, 
іскерлігі, тәртібінің белгіленген мөлшерде жүзеге асырылуы, – деген анықтама 
берген [137,с. 54]. Бұл бізге болашақ мектепке дейінгі ұйым болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту 
технологиясы арқылы дамытудың құрылымын анықтай алатын өлшемдерді 
анықтауға мүмкіндік берді. 
В.А.Штофф [231] осы түсінікті екі жақты қарастырады. Бір жағынан, 
модель ретінде жеңілдетілген (сызбалы немесе идеалды) және көрнекі формада 
шынайылықтың қандай да бір бөлігін жаңғыртатын, ойша немесе тәжірибе 


96 
жүзінде жасалған құрылымы қарастырылады. Алайда, әрқашан осы жағынан 
модель болмысты мінсіздендіру, жеңілдету ретінде зерделенеді. Сонымен қатар, 
модель әлемнің ғылыми көрінісінің құрамдас элементі ретінде шығармашылық 
қиял өнімі бола отырып, фактизация сәтін де қамтиды, сондай-ақ, фактизация 
элементі белгілі бір дәрежеде әрқашан фактілермен, бақылаулармен, 
өлшеулермен шектелуі тиіс. Басқа жағынан қарастыра білген, В.А.Штоффтың 
пікірі бойынша, модель – бұл неғұрлым жақсы зерттелінген, оңай 
түсіндірілетін, қарапайым басқа құбылыстың көмегімен ашып көрсету құралы.
Академик Ю.К.Бабанский [211,с. 1] өзінің «Проблема повышения 
эффективности педагогических исследований» атты кітабының «Выбор и 
применение методов исследования в дидактике» деген ІІІ тарауында мынадай 
әдістердің жиынтығын ұсынады: педагогикалық бақылау әдістері, әңгімелесу, 
интервью алу және сауалнама, рейтинг және өзін-өзі бақылау, «педагогикалық 
консилиум», диагностикалық бақылау жұмыстары, педагогикалық эксперимент, 
педагогикалық зерттеулердің теориялық әдістері (салыстырмалы-талдай 
әдістері, абстрактіден нақты әдіске өту, модельдеу т.б.).
Б.С.Гeршунский [19,с. 605], В.П.Бeспалько [24,с. 75], В.А.Штофф [231,с. 
302] жәнe көптеген ғалымдардың зeрттeулeрiндe, модeлдi құрастыру дeмeк 
арнайы баламаларды жасау жолымeн нақты бар жүйені матeриалды нeмeсe 
ойша ұқсатуды iскe асыру, бұл жағдайда баламаларда осы жүйeнiң 
ұйымдастыру жәнe қызмет ету принциптeрi белгіленеді.
Н.В.Кузьмина педагогикалық үлгіні жасауда бес кезеңді бөліп көрсетеді: 
зерттеу объектісін анықтау; түп нұсқа туралы жиналған білімдерді белсендіру; 
үлгілеу әдістерін қолдану қажеттілігін негіздеу; ауыспалы және пастулаттарды 
(сипаттауды керек етпейтін жорамал) таңдау; зерттеуге жеңіл объектілерді 
таңдау [232]. Модель – бiр заттың, құбылыстың арнайы ерекшелiктерiн 
көрсететiн, ол туралы белгiлi, шектелген ақпарат беретiн қысқартылған, 
жинақталған бiлiм білім алушысының бiлiмдi меңгерiп, өзiнiң өмiрге 
қажеттiлiктерiнде, тәжiрибе жүзiнде қолдана алатын бiлiм шамасы. 
Модельдеудiң бейнелiк, заттық, таңбалық түрлерi қолданылып келедi. Бейнелiк 
модельдеуде шынайы объектiнiң қасиеттерi көрнекi ес пен ойлау арқылы 
елестетiледi. 
Философиялық сөздiкте: модельдеу (фр. modele – үлгi, пiшiн) – зерттеу 
үшiн арнайы жасалған бiр объектiде басқа бiр объектiнiң сипаттамасын қайта 
жаңғырту [150,с. 6].
Университеттік білім беру жағдайында білім алушылар жобалап оқыту 
технологиясы негізінде зерттеушілік іс-әрекетін дамыту моделіне кірісе 
отырып, білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту 
технологиясын зерттеу материалдарын талдаудың бірінші тарауында ұсынылған 
нәтижелерге сүйене аламыз, бұл тұста «жобалап оқыту технологиясы» арқылы 
анықтаудың мазмұны мен технологиясы ұсынылды. Біз алдыңғы бөлімдерде 
тоқталған теориялық ақпараттарды тәжірибелік–эксперименттік жұмыс 
барысында орындалған анықтау экспериментінің нәтижелеріне талдау жасай 
отырып, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 


97 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың құрылымдық-мазмұндық 
моделін ұсындық.
Жобалық оқытуды дамытудың бастапқы кезеңдерінде 
зерттеушілік іс-әрекетін түсіну әр түрлі модельдерді ойша құру қабілеті ретінде 
көрінді, олар кейіннен іске асады және өмірге келеді, қиындықтарды іздеу және 
жеңу тәжірибесін ұйымдастыру қабілеттерінің жиынтығы ретінде, ақпаратты 
жинау және өңдеу дағдылары, өз білімдерін өз бетінше құру, ақпараттық 
кеңістікте бағдарлау, ойлауды пайдалану, іс-әрекетті нақты, көруге, түсінуге 
болатын нақты тәжірибелік нәтижелер қолданылады. Жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін түсіну әр түрлі модельдерді 
ойша құру қабілеті ретінде көрінді, қиындықтарды іздеу және жеңу тәжірибесін 
ұйымдастыру қабілеттерінің жиынтығы ретінде, ақпаратты жинау және өңдеу 
дағдылары, өз білімдерін өз бетінше құру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, 
ойлауды пайдалану, іс-әрекетті нақты, көруге, түсінуге болатын практикалық 
қызметте қолданылған. 
Жоғары мектепте кәсіптік даярлаудың қазіргі теориясы мен практикасында 
білім алушылардың жобалап оқыту технологиясы негізінде мәнін анықтайтын 
және нақтылайтын, оның мазмұнын, құрылымын, сондай-ақ жоғары мектептің 
білім беру үдерісінде осы құбылыстың педагогикалық шарттары мен даму 
технологиясын анықтайтын жұмыстар кеңінен ұсынылған.
Қолда бар 
зерттеулер жобалап оқыту технологиясы арқылы мақсаттарға қол жеткізуді 
және қоғамдық күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін сапамен 
стандартты және стандартты емес жағдайларда жобалау іс-әрекетін игерілген 
құзыреттерін (білімнің, іскерліктің және дағдылардың динамикалық үйлесімі) 
тиімді және құндылық кәсіби-тұлғалық көзқараспен пайдалану қабілеті екенін 
түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы университет жағдайында білім алушылардың 
жобалау іс-әрекетіне дайындаудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдау 
қазіргі уақытта тиімділікке қол жеткізу үшін осындай міндетті сипаттамалар 
пайда болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
барлық оқу пәндерінің 
мазмұнында жобалық жұмыстың болуы;
орындалатын жобалардың біртіндеп 
күрделенуі және оларды іске асыруға курстан курсқа уақыт берілуі;
кәсіби 
маңызды және нарықтық сұранысқа ие міндеттерді қою;
жобалап оқыту 
технологиясы мен бірегей инновациялық идеяларды сынақтан өткізу;
міндеттерді оқу қызметінің жағдайына бейімдеу;
білім алушылардың 
зерттеулерге тапсырыс берушілер ретінде жұмыс берушілермен, балабақшамен, 
жобалау институттарымен ынтымақтастық;
кафедра клубтары, шығармашылық 
өнер топтарымен ынтымақтастық; халықаралық ынтымақтастық; ғылыми 
зерттеу стандарттарын сақтау; әлеуметтік дағдыларды дамытуға, жаңаша
ойлауға, шаблондық емес міндеттерді шешуге және экономикалық сұранысқа 
ие өнімдерді жасауға бағытталған командалық жұмысты ұйымдастыру; 
жетекшінің рөлі тек идеялық шабыттандырушы және кеңесші ретінде ғана 
емес, сонымен қатар үлгі ретінде көрсету; жобалардың пәнаралық сипаты; 
техникалық жаңалықтарды кеңінен қолдану; білім алушылардың жобалау іс-
әрекеті нәтижелерін презентациялау, нәтижесімен таныстыру;
соңғы 


98 
нәтижелерді көпжақты бағалау және материалдарды неғұрлым креативті 
пайдалану; шығармашылық тәсіл; үнемді шешімін табу параметрлер бойынша 
орындалған жұмыстың жекелеген аспектілерін көтермелеу; білім алушылардың 
жобалау іс-әрекетін жетілдіру. 
Білім алушылардың жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-
әрекет үдерісін модельдеудің өзі Б.С.Гершунский [19,с. 6], В.И.Загвязинский 
[25,с. 9], еңбектерінде ұсынылған модельдеу теориясына, модельді табиғи 
немесе әлеуметтік шындықтың нақты фрагментінің аналогы ретінде анықтауға, 
адам мәдениетін қалыптастыруға, тұжырымдамалық-теориялық білім – 
түпнұсқаға сүйене отырып жүргіздік. «Зерттеу объектісін көрсету немесе 
көбейту арқылы оны алмастыра алатын, оны зерттеу бізге осы нысан туралы 
жаңа ақпарат беретін» ойша ұсынылған немесе материалдық тұрғыдан жүзеге 
асырылған жүйе ретінде қарастыратын
төрт міндеті бар:
– модель-ойша ұсынылған немесе материалдық іске асырылатын жүйе; 
– ол зерттеу объектісін көрсетеді; 
– ол объектіні алмастыра алады; 
– оны зерттеу объект туралы жаңа ақпарат береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет