Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет43/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93
Іс-әрекеттік
компоненті
білім алушылардың жобалық іс-әрекетке 
қатысуының практикалық тәжірибесіне негізделген, оны игеру үдерісінде әр 
білім алушының тыңғылықты өтуін көздейтін 8 кезеңді бөлуге болады: 
1. Оқытушының немесе жоғары курс білім алушылардың жетекшілігімен 
жобаларға орындаушы ретінде қатысу; 
2. Жобалық топтың тең құқылы қатысушысы ретінде қатысу; 
3. Жеке жобаны әзірлеу; 
4. Студенттік жобаларға басшы немесе тең басшы ретінде қатысу; 
5. Оқытушыға білім алушылардың жобалық қызметін ұйымдастыруға 
көмектесу; 
6. Білім алушылардың жобалық қызметіне дербес басшылық жасау; 
7. Бірінші курс студенттерінің ұжымдық жобалық қызметіне басшылық 
жасау; 
8. Білім алушылардың жобаларын бағалауға сарапшылар (қазылар 


102 
алқасының мүшелері) ретінде қатысу.
Студенттердің жобаларды құру үдерісі келесі кезеңдерден тұрады: 
1. құндылық-бағдарлау кезеңі; 
2. жоспарлау кезеңі; 
3. ұйымдастыру кезеңі;
4. презентация кезеңі; 
5. бағалау-рефлексиялық кезең. 
Құндылық-бағдарлау кезеңінде диагностикалық процедуралар негізінде 
білім алушылар проблеманы және оны шешу жолдарын анықтайды, жобаның 
әлеуметтік және жеке маңыздылығын анықтайды, оның мақсаты мен 
міндеттерін тұжырымдайды, педагогикалық жағдайды талдайды, объектінің 
әртүрлі жақтарын анықтайды, іс-әрекеттің мазмұнын құрастырады, нәтиженің 
бейнесін қалыптастырады. Жобалау қызметінің осы кезеңінің тиімділігінің 
өлшемі жобаның өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын 
негіздеу болып табылады. Құндылық-бағдарлау кезеңі білім алушылардың 
өзіндік жұмыс қабілетін қалыптастырудың үлкен әлеуетіне ие. 
Жоспарлау кезеңінде жобаның егжей-тегжейлі сипаттамасы жүргізіледі, 
оны іске асыру кезеңдері ашылады. Осы кезеңнің нәтижесі – жобалық 
тапсырманы орындау бойынша әрекеттерді орындаудың белгілі бір реттілігі 
болып табылатын жұмыс жоспарын әзірлеу. Жоспарлау кезеңінің тиімділігінің 
өлшемі – жобаға қатысушылардың жобаны құру технологиясы мен іске асыру 
механизмін сипаттау қабілеті. Бұл кезең білім алушылардың шығармашылық 
ойлауын дамытуға ықпал етеді. 
Ұйымдастыру кезеңі жоба жоспарын іске асыруға, қойылған міндеттерді 
орындауға бағытталған. Ұсынылған кезеңнің тиімділік өлшемі жобаның 
мақсаттарына қол жеткізу. Ұйымдастырушылық кезең студенттердің 
жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын қалыптастыру 
мүмкіндігіне ие. 
Презентация кезеңінде жобалау қызметінің нәтижелері көрсетіледі. Осы 
кезеңнің тиімділігінің критерийі авторлық жобаны сәтті қорғау болып 
табылады. 
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері жыл сайын өз жобаларын әртүрлі 
деңгейдегі конкурстарға ұсынады: институт ішіліктен бастап халықаралық 
деңгейге дейін. Мысалы, 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 
мамандығының 2-курс студенттері Дебрецен университетінде (Венгрия), Псков 
мемлекеттік университеттерінде (Ресей) академиялық ұтқырлық бағдарламасы 
бойынша оқып, нәтижесінде жоба қорғап сертификаттарға ие болды. 
Біздің ойымызша, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік 
іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту құрылымындағы 
маңызды компонент-бұл ұжымдық жобада немесе зерттеуде өзінің 
маңыздылығын түсіну деңгейін, өзін-өзі бағалауды дамытуды, білім 
алушылардың өз қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілікті, сондай-ақ кәсіби 
педагогикалық қызметте өзін-өзі жүзеге асыруды анықтайтын рефлексивтік 


103 
компоненті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет