Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет55/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93
«Жобалар банкі» жаттығуы
: көптеген білім алушылар жоба 
тақырыптарын таңдағанда қиындықтарға ұшырайды. Бұл мәселені шешу үшін 
оқытушы жоба түрлерін жинақтап жобалар банкін құрастыру керек. Онда 
болашақ педагогтің қызығушылығына сай тақырыптар, тапсырмалар, 
жаттығулар болуы тиіс. Жобалар банкі болашақ педагогті сүйемелдеуге, шешім 
қабылдауға, жобаны орындауға мүмкіндіктер береді. Әрі қарай тақырыптар 
бойынша жобалар банкі құрылып, білім алушылардың жобалау іс-әрекеті 
басталады. 
«Жобалар бойынша жұмысты жоспарлау»
жаттығуы. Мақсаты: жоба 
жұмыстары арқылы балалардың жетістігін бағалау. Мысалы, «Қайың» жобасы 
(кесте 29).
Кесте 29 - «Жобалар бойынша жұмысты жоспарлау» жаттығуы
Бөлімдерді 
Жоспарлау 

– – – – 
Жобаның атауы мен іс-шаралар түрлері 
Т
аби
ғи 
әле
м
Күз 
Ағаштар мен жәндіктер 
Қыс 
Ақ ұлпа 
Көктем 
Жасыл желек
Жаз 
Саяхат 
Шы
ға
рм
ашылы
қ
іс

ре
ке
т 
өн
імі
Күз 
Қайың жапырақтары
Қыс 
Ақ қайың 
Көктем 
Ағаш бүршік жарғанда
Жаз 
Жазғы демалыста 
Зерттеушілік жоба; 
Көгалдандыру 
Ақпараттық жоба; 
Қала балалары мен 
ересектер 
көзқарасымен 
Шығармашылық 
жоба; 
Үздік балабақша 
Қолданбалы (ойын) 
жобалары; 
Менің отбасым 
Тәжірибеге 
бағытталған жоба 
Ғылымды үйге әкелу 
Экологиялық жоба; 
Дәрілік шөптер әлемі 


135 
Қазақстан Республикасына жаңа технологиялық оқу үрдісі қажет және сол 
бойынша ізденістер де бар. Соның бірі болған және үлкен жетістіктің 
көрсеткішін көрсеткен жобалау технологиялары.
Кейс-стади (Cаse-study - «Уақиғаны зерттеу») әдісі
 
ағылшынның «cаse»
сөзінен алынған яғни жағдай дегенді білдіреді. Немесе оны нақты жағдаятты 
талдау әдісі деп те атайды. 
Немесе оны нақты жағдаятты талдау әдісі деп те атайды. Оның мәні де 
қарапайым оқытуды ұйымдастыруда нақты жағдаят қолданылады. Бұл әдіс 
оқытушы тарапынан шығармашылықты талап етеді және оның ой-өрісінің 
бейнесі көрініс табады. Яғни екі тараптанда ой, шығармашылық еркіндік 
көрініс табады. Кейс әдісі алғашында Гарвард университетінде 
басқарушылыққа қатысты пәндерді оқытуға қолданылған. Кейс-әдісі білім 
алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады ол өз кезегінде болашақ 
маман ретінде тұлғаның дамуын ықпал етеді. ХХ ғасырдың басында Гарвадр 
университетінде оқытушылар дәріс оқу барысында студенттер арасында 
мәселені талқылауды қолдана бастады. Оқытушы студенттерге әртүрлі 
жағдаяттар ұсынады және оның бірнеше шешімін табу міндеттерін қойды. Бұл 
әдіске байланысты алғашқы оқулықты 1921 жылы Гарвардтық бизнес-
мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен Коупленд жарыққа 
шығарды. Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды 
суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге 
негіз бар. Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты 
шынайы жағдайдың жазбаша берілуді айтуға болады. Кейс әдісі, оқытудың 
басқа технологияларына қарағанда күрделі жүйе. Кейс әдісін қолдану 
барысында оқытушының іс-әрекеті екі кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған 
шығармашылық жұмыс: - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; - мақсат 
пен міндетті анықтау; - жағдайды құрастыру және суреттеу.
 
CАSE STUDY әдісі 
бойынша қалыптасатын дағдылар 30-кестеде көрсетіледі. 
Кесте 30

CАSE STUDY әдісі бойынша қалыптасатын дағдылардың 
негіздемесі 
CАSE STUDY әдісі 
бойынша 
қалыптасатын 
дағдылардың 
түрлері 
CАSE STUDY әдісі бойынша қалыптасатын дағдылардың 
негіздемесі 


Аналитикалық 
дағдылар 
Оларға: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және 
маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға 
қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына 
келтіру шеберлігі және т.б жатқызуға болады. Нақты және 
логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған 
жағдайда өте маңызды. 


136 
30 - кестенің жалғасы 


Тәжірибелік 
дағдылар 
Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің 
күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен 
принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге 
мүмкіндік береді. 
Шығармашылық 
дағдылар 
Ережеге сай жалғыз CАSE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, 
логикалық 
жолмен 
шешілмейтін, 
альтернативті 
шешу 
генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. 
Коммуникативті 
дағдылар 
Оған: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қатысушылардың көзін 
жеткізу. Көрнекі материалды және басқа қажетті ақпараттар мен 
құралдарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, 
оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа нақты есеп даярлау.
Әлеуметтік 
дағдылар 
Мұнда мәселені талқылау барысында CАSE-те нақты: адамдардың 
өзін-өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе 
қарама-қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін-өзі ұстау және т.б. 
сынды әлеуметтік дағдылар қалыптасады. 
Өзіндік саралау 
Яғни, пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің 
пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Мұнда, 
туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің 
әлеуметтік дағдылары қалыптасады [106,с. 12].
Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі 
әдістері кейс - әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет