Мамытбаева жанат абдиманаповна


Эксперименттік топ студенттерінің жобалап оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет66/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93
Эксперименттік топ студенттерінің жобалап оқыту технологиясы 
арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың салыстырмалы 
нәтижелері (анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдер) 
Бақылау тобы 
Эксперименттік топ 


154 
көрсеткіштер айтарлықтай өзгерді, ал эксперименттік топта барлық 
компоненттер бойынша студенттердің жобалап оқыту технологиясы арқылы 
зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың ерекше оң динамикасы айқын байқалады.
Эксперименттік топ студенттерінің жобалап оқыту технологиясы арқылы 
зерттеушілік іс-әрекетін дамытуды анықтайтын және қалыптастырушы кезеңде 
салыстырмалы талдау сонымен қатар студенттердің жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың мотивациялық, 
когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік компоненттерінің оң даму динамикасын 
көрсетеді.Зерттеу жұмысымыздың тәжірибелік-эксперименттік бөлімінің 
мәліметтерін сандық талдауда SPSS 21 статистикалық бағдарламасы 
қолданылды. SPSS 21 статистикалық бағдарламасымен мәліметтерді талдау 
барысында тәуелді және тәуелсіз таңдамалар үшін статистикалық сипаттамалар, 
арифметикалық ортаның мәндері анықталып, Тәуелсіз айнымалылар үшін t-
тесті мен АNCOVА тесті жасалынды.
Тәжірибелік-экспериментке қатысушылардың мәліметтерін сандық талдау 
барысында келесі болжамдарды белгіледік. 
1.
H
0
: эксперименталды және бақылау топтарының эксперимент басы 
көрсеткіштер арасында статистикалық маңызды айырмашылық жоқ; 
2.
H
1
: эксперименталды және бақылау топтарының эксперимент соңы 
көрсеткіштер арасында статистикалық маңызды айырмашылық бар; 
3.
H
1
: эксперименталды және бақылау топтарының эксперимент басы мен 
соңындағы көрсеткіштер арасында статистикалық маңызды айырмашылық 
бар. 
Эксперименттік және бақылау топтарынан алынған мәліметтер SPSS 21 
статистикалық 
бағдарламасымен 
талдану 
барысында 
сипаттамалық 
статистиканың орташа мән, стандартты ауытқу, балл шегі, таралудың 
асимметриялық коэффициенті және таралудың эксцесті коэффициентіне басты 
назар аударылды. Сонымен қатар эксперименталды және бақылау топтарының 
әр кезең яғни айқындаушы және қорытынды кезең бойынша нәтижелері 
қалыптылық шартына сәйкес болып болмағандығы тексерілді. Бұл үшін 
айқындаушы мен қорытынды кезеңдерінен алынған нәтижелерді қолдана 
отырып қалыптылық тесті жасалынды. Қалыптылық тесті әр топ бойынша 
зерттеуге қатысушылардың саны 50-ден жоғары болса, Колмогоров-Смирнов 
(K-S) тесті, ал 50-ден төмен болса, Шапиро-Вилк тесті жасалынады. Біздің 
зерттеуімізде әр топ бойынша қатысушы саны 50-ден жоғары болғандықтан 
сәйкесінше тәжірибелік-эксперименттен алынған нәтижелерді қалыптылық 
шартын тексеру үшін Колмогоров-Смирнов (K-S) тесті жасалынды. 
Колмогоров-Смирнов (K-S) тест нәтижесінде p мәнінің 0,05-тен жоғары болуы 
нәтижелердің қалыптылық шартына сәйкес екендігін көрсетеді, p мәнінің 0,05-
тен төмен болуы нәтижелердің қалыптылық шартына сәйкес еместігін 
анықтайды. Сонымен бірге екі топ бойынша алынған нәтижелер біртектілік 
шарттарына сәйкестігі бар немесе жоқтығы анықталды. Ең алдымен 
айқындаушы кезең бойынша эксперименталды және бақылау топтарының 


155 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту бойынша алынған нәтижелер 
талданды. Екі топ бойынша эксперимент алды алынған нәтижелердің 
қалыптылық шартына сәйкестігі тексерілді. Жоғарыда атап өткендей аталмыш 
шартқа мәліметтердің сәйкестігін анықтау үшін Колмогоров-Смирнов (K-S) 
тесті жасалынды. Тест нәтижелері төмендегі 39-кестеде көрсетілген. 
Кесте 39 - Айқындаушы кезең бойынша эксперименталды және бақылау 
топтарының арифметикалық орташа мән, стандартты ауытқу сынды 
статистикалық сипаттамалары және Колмогоров-Смирнов (K-S) тестіне 
қатысты талдау нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет