71. Бұл не нәрсе? Сандырақ па? Әлде қалжың, қылжақ па?
Едігенің қызық қолжазба тапқаны да, оның талантты екені
де рас. Бірақ осы сәтті шыққан бір мақалаға бола осынша
өзеуреуге бола ма? (Ш.Елеукенов )- үзіндісінде стильдік
мәнде жұмсалған синтаксистік айшықтау құралы:
А. Риторикалық қаратпа В. Риторикалық сұрау
С. Эпифора D. Анафора Е. Параллелизм
72. Қамалған қараңғыда қалың қазақ,
Қайратсыз, қамсыз құрып қалдың, қазақ… - бұл үзіндідегі
стильдік қайталау түрлері:
А. Метатеза В. Градация С Анафора, эпифора
D. Ассонанс Е. Эпифора, аллитерация
73. Өмірдің өтуі дегенді Абайдың күнді айдау деп қолдануы
қандай метафора?
А. Стильдік метафора В. Тілдік метафора
С. Әдеби метафора D. Жалпыхалықтық метафора
Е. Ғылыми метафора
74. Жазушы стилінен туындаған жаңа сөз қолданысы қалай
аталады?
А. Окказионализм (стильдік неологизм )
В. Халықтық неологизм С. Поэтикалық неологизм
D. Контекстік неологизм Е. Кітаби неологизм
Достарыңызбен бөлісу: