Манабева А. Ш., Абылайхан С. М., Байжуманова Н. С. Оқытудың жаңа технологиялары. Карағанды: Изд-во: «санат-полиграфия», 2015. 204 б



Дата06.01.2022
өлшемі15,79 Kb.
#15577
Байланысты:
2 тапсырма


Тапсырма: Оқытудың қазіргі технологияларын зерттеген Қазақстан ғалымдарының еңбектерін талдап, қысқаша аннотация жазу (соңғы үш жыл).

Аннотация

Манабева А.Ш., Абылайхан С.М., Байжуманова Н.С. Оқытудың жаңа технологиялары. Карағанды: Изд-во: «САНАТ-Полиграфия», 2015. – 204 б.

«Кітапта қазақстандық білім берудің заманауи әдістемелері, оқытудың көптеген түрлері бойынша мұғалімге қойылатын талаптар, жаңартылған білім беру технологиялары негізінде сабақтың әртүрлі түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оқытудың әртүрлі құралдарын пайдалану қарастырылады. Оқытудың әрбір жаңа технологияларының мазмұны ашылып, толық сипатталған. Бұл кітап студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік мамандандырудағы ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ қазіргі кездегі оқытудың жаңа технологиялары тақырыптарына қызығушылық танытқан барлық оқырмандарға ұсынылады».

Аннотация

Жұматаева Е. Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асыру. Павлодар: ЭКО, 2014. – 308б.


Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асырудың тұжырымдамасы құрылғандықтан, кітапта «Қазақстан – 2030» Стратегиясын, «Білім Заңын», «Инновациялық технологияларды жүзеге асырудың құжаттарын» басқару іс-әрекетінде ұтымды қолданудың маңызы айқындалған. Ұтымды инновациялық технологияларын басқарудың инструменті ретінде саралап алу техникасы ұсынылған. Интерактивті-ақпараттық технологияларын басқа технологиялармен біріктіру амалдары қарастырылған. Қазақстан Республикасының білім жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асырудың мониторингісі түзілген. Жалпы, автор кітапта білім жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асырудың жолдарын айқын көрсетті.

Аннотация



Айтбаева А.Б. Білім берудегі жаңа технологиялар. Оқу құралы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. –Алматы: Қазақ Ұлттық университеті, 2013. –161б

Бұл оқу құралында білім берудегі жаңа технологиялардың әдіснамалық және теориялық негіздері, оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудағы жаңа технологиялардың маңызы мен мәнін айқындайтын концептуалды мәселелер қарастырылады. Оқу құралы бакалавриат пен педагогикалық арнаулы орта оқу орындарына арналған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет