Латынша manus – «қол», ал manipula – «уыс» дегенді білдіреді. Ежелгі Римде бұл легионның негізгі тактикалық бірлігі, шағын отряд- тың атауы болған. Манипулярлық тактиканың мәні манипулалар құру, оларды ұрыс алаңына кезекпен шығару (жас сарбаздар мен ардагер- лер қайсы қайсынан кейін ұрысқа араласуы керегі) және – қажет болса – шегінуде болды. Яғни бұл о баста әскери мақсатқа сай адамдарды басқару өнері болатын.
Манипуляция түрлері және олармен күрес тәсілдері
Ал қазіргі таңда бізді осы бір «уыс» адам (мани- пула) сияқты белгілі бір «ұрыс» алаңына тастап жібереді, ал біз ол ұрыс кім-кімнің арасында болып жатыр, кімге керек, кімге пайдалы және неліктен біз сол жерде болуымыз, біреудің мүддесі үшін «өлуіміз» ке- рек екенін түсінбейміз. Өмірде көбінесе бізді біреу өз еркімізден тыс әлдене істеуге (кінәлі сезінуге, біреудің жұмысын орындауға, біреуді «жайдан-жай» құрмет- теуге, т.б.) мәжбүрлемек болатын психологиялық манипуляциямен бет- пе-бет келеміз.
Ол соншалықты жаман ба?
Манипуляция әркез жаман бола бермейді. Ересектер балалармен,
мұғалімдер – оқушылармен, генералдар – сарбаздармен, үкімет – ха-
лықпен қарым-қатынас жасағанда көбінесе бәрін жылдам істеуге,
осыған дейін бірнеше ұрпақ не тұтас институттар әбден пісіріп дайын-
дап қойған бір ой не шешімді жеткізуге ұмтылады. Олар оның бәрін
түсіндіріп жатуға ерінеді немесе оған көп уақыт кетеді деп ойлайды.
Алайда, арам пиғылды манипуляцияны дұрыс ниетпен жасалаты-
нынан қалай ажырата аламыз? Айналадағылардың пікіріне сүйенбей,
өз өмірімізді қалай басқарамыз?
Кез келген ойлай алатын адам үшін жалғыз шешім – сыни ойлау
машығын іске қосу.
Формалық логика – пайымдаудың дұрыс реті. Адамзаттың бүкіл
тәжірибесі сөйлеу арқылы ғана беріледі, тіпті математиктер мен про-
граммалаушылар олай емес десе де, цифрлардың өзі – өзгеше шифр-
ланған сөздер. Ал сөйлеудің формалары бар. Біз сөйлемдерді белгілі
бір формулалармен құрамыз, мысалы, сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ
белгісін, хабарлы сөйлемге нүкте қоямыз. Нақты бір адамға қарата сөй-
лесек, сөзіміздің басында оған бірден не туыстық – «ата, әке, аға» не
әлеуметтік – «мырза», «құрметтім», «әй, кім едің?» дегендей мәртебе
береміз. Мұның бәрі – сөйлеу формасы.
Манипуляция және онымен күрес тарихы
2500 жылдан астам уақыт бұрын Ежелгі Грекияда софистика мектеп-
тері кең таралған. Онда жас саясаткерлерге шешендік өнердің көмегімен көздеген мақсатына жету жолдары үйретілетін. Философтардан софистердің айырмашылығы – бастысы практикалық мақсатқа жету деп санағаны. Яғни «Құралың мақсатыңа қызмет етеді» деген формула сол кезден келе жатыр.
Аристотель (б.з.д. 384–322 ж.) жұртты алдауды доғармақ болды
(талпынып көрді десе де болады. Біз қазірдің өзінде әлі де сол баяғы
2500 жыл бұрынғы алдау-арбау тұзағына түсіп келеміз). Ол формалық логиканың ғылыми базасын әзірлеп, «Аналитика» деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: |