Мансаптық өсу психологиясы



Дата04.04.2023
өлшемі28,31 Kb.
#79221
Байланысты:
реферат 2тап


Мансаптық өсу психологиясы.
Мансап – уақыттағы әртүрлі жұмыстар түрінің эволюциялық бір ізділігі. Мансаптық өсу – лауазымында немесе біліктілігіндегі кәсіби өсуі. Мансаптық даму – мансапты таңдауға, оның даму бағыты мен соңғы табысы және барлық еңбек жолында қанағаттануға ықпал ететін факторлардың кең ауқымы. Кәсіби өсу тұрақты түрде кәсіпорынның мансаптық өсуі үшін жағдайлардың бірі болып табылады. Тұрақты даму, өз бетімен іздеу және жаңа білім алу маңызды. Өзіңіз жұмыс істеп жатқан компанияға жетуіңізге, басқа компаниялардың жағымды тәжірибесін қадағалап, іске асыруға, теріс талдауға негізделген білімге ғана сенбе. Бәсекелестердің қызметін талдау (дағдылар, қабілеттер және қабілеттер) сонымен қатар кәсіби өсуге ықпал етеді. Сіз өзіңіздің жұмысыңыздың сапасын жақсартуға шын ниетпен ие болуыңыз керек, бұл сіздің мансаптық өсуіңізге оң әсер етеді. Жұмыс уақытын мүмкіндігінше оңтайландыру қажет. Өзіңіздің ұйымыңыз, бұл сіздің іс-әрекеттеріңізді тиімді әрі мақсатты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Кәсіпке бейімделу мен кәсіби мәнді құндылықтық бағдарлардың төмендегідей негізгі критерийлері мен көрсеткіштері анықталды: Кәсіби мәнді құндылықтық бағдарлардың қатынастық критерийінің көрсеткіші ретінде – өз-өзіне деген сенімділік, өз ойын білдіре алуға деген ұмтылыс; эмоциялық критерийінің көрсеткіші ретінде – болашақ мамандығына деген жағымды эмоциялардың болуы, жауапкершілік; когнитивті критерийдің көрсеткіші ретінде – белсенді іс-әрекет қажеттілігін ұғыну, танымдық іс-әрекетке ұмтылыс; мотивтік критерийінің көрсеткіші – жалпы өмірлік жоспарды ұғыну, жүмыс тиімділігін жоғарлатуға деген үмтылыс; бағалаушы критерйінің көрсеткіші ретінде – іс-әрекетті ұғыну, өзін-өзі дұрыс бағалау, сыйлауалынды.
Кәсіби даму - (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.
Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.
Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.
Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.
Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн:
Жұмыс, еңбек әрекеті – қандай дағдылар қолданылмайды және неге? Түсіндіріңіз.
  1. Кәсіби дағдылар – өз дағдыларыңызды 5 баллдық жүйеде бағалаңыз. Бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі.


  2. Құндылықтар – Сіздің құндылығыңыз топтың өзекті деп санайтын құндылықтарымен қаншалықты сәйкес екендігін тексеріңіз. Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі.


  3. Оқу – өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз.



Қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог болу үшін қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажет дегенге әкеледі. Оған білім беруді гуманизациялау сай келеді.
Білім берудегі гуманизация да тұлғаның ақыл – ой, эмоциональдық, еріктік және адамгершілік әлеуетін байыту, өзін – өзі көрсету, өзін – өзі дамыту шекарасын кеңейту және өзіндік қалыптасу үшін ақиқат жағдайлар туғызуды талап етеді. Мұны білім берудің гуманистік мақсаты деп санаған философ Э.В. Ильенков еді. Аталған гуманистік мақсат әр адамның жеке дамуының адамдық мәдениетінің шегін, танылған және танылмаған, жасалған және жасалмаған аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Адамды мәдениеттің жаңа деңгейін меңгеруге көшіру, оның әлемге, басқа адамдарға және өзіне деген қатынасын өзгерту, өз іс – әрекеттері және оның әкелер жағдайына деген жауапкершілігін арттыру – білім беруді гуманизациялаудың басты нәтижесі.
Ал білім берудің дәстүрлі жағдайында педагог тек педагогикалық әрекетті қатаң жүзеге асырушы ретінде болады. Осыдан келіп педагогтың кәсіби дайындығының да мақсаты өзгереді. Ол кәсіби білім, іскерлік, дақдылардан басқа (кәсіби құзыреттілік) педагогтың жалпымәдени дамуын, тұлғалық ұстанымдардың қалыптасуын (педагогтың педагогикалық іс – әрекетке мотивациялық – бағалы қатынасын) қамтиды. Бұл бірлік - қасиеттердің жиынтығы емес, сапалы жаңа білім ретінде көрінеді. Ол педагогтың тұлғасының даму деңгейін сипаттайды.
Психологтар кәсіпке «ену» дегеніміз - бұл «суперроль», «өсу», адамның өмірінің бейнесі мен стильін анықтау дейді. Адамның жалпы қанағаттануы көп жағдайда онда іргелі қажеттіліктерінің қаншалықты болуына байланысты: шығармашылық өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі, қоршаған ортадағы референтті тұлғалардың жекелік құндылықтарын түсінуі мен мойындауы, өзін – өзі дамыту және даму қажеттілігі және тағы басқа.
Әр адам тек өз жұмысын орындауы және «тек өмір сүруі» мүмкін емес, ол өз жұмысы немесе кәсібі, өзі немесе өз әрекеттері кәсібінде белгілі орын алатындай мақсат қоюы тиіс. Осындай жағдайда ғана тұлғалық және кәсіби қасиеттері мен кәсібі арасында қайшылықтар болмайды, болашақта кәсіби іс – әрекетінде құнды қатынастарды күтуге болады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуінде бірлік байқалады.Тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуі кәсіпте өсу үрдісінде (мамандық таңдау, кәсіби білім алу, педагогикалық әрекетті жүзеге асыру) қайшылықтарды мақсатқа бағытталған шешу жүзеге асқанда ғана шектеулі бірлік болады.
Кәсіби дамуда педагогтың кәсіби өзіндікдаму мен өзіндік білім алу психологиясы ерекше. Әр педагог өзін іштей үнемі оқуға, ізденуге итермелеп, дайындап отыру керек. К.Д. Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Өмірдің өзі педагогтың алдындағы күн тәртібіне педагогикалық білім берудің үздіксіздігі мәселесін қойып отыр.
Кәсіби өзіндік дамуда, басқа да әрекет сияқты, мотивтердің күрделі жүйесі мен белсенділіктің қайнар көздерінің өзіндік негізі бар. Педагогтың өзін – өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен қайнар көзі – өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі болып табылады. Өзіндікдамуда өзін – өзі бағалау деңгейі үлкен мәнге ие.
Психологтар дұрыс өзін – өзі бағалаудың қалыптасуының екі әдісін бөліп көрсеткен: біріншісі – өзінің жеткен жетістіктерінің деңгейімен мақтану, ал екіншісі – өз жетістіктерін қоршаған ортадағылардың көзқарастарымен салыстыру. Кәсіби өзіндік бағалауда педагог әрекеті, кім алдына жоғары міндеттер қойса, онда қиындықтар болатынын көрсетті. Қиындықтармен күресу педагогикалық – психологиялық жағдайды реттеп, түзетіп, дамуға әкеледі. Бұл әрине шығармашыл педагогтарда кездесетін жағдай. Егер педагог өз алдына жоғары міндеттер қоймай жеткен жетістіктерімен шектеліп қана қойса, олардың кәсіби дамуы төмендей берері сөзсіз. Сондықтан да пеадагогикалық кәсіпті таңдаған әрбір адам өз санасында педагог бейнесін қалыптастыра алуы қажет.
Егер өзіндікдамуды мақсатқа бағытталған әрекет деп қарасақ, онда оның негізгі міндетті бөлігі – өзіндікталдау болуы шарт. Педагогикалық әрекет танымдық психикалық үрдістерді дамытуға ерекше талаптар қояды: ойлау, қиял, ес. Әр педагог өз психикалық үрдістернің дамуын талдап, реттеп отырса, өзіндік дамуын байқай алады.
Кәсіби өзіндікдамудың құрамдас бөлігі – педагогтың өзіндік білім алу жұмысы. Кәсіби өзіндік білім алудың тиімді жолы – педагогикалық ұжымның шығармашылық ізденіс жұмысына қатысу, білім беру мекемесін дамытуда жаңашыл жобалар, авторлық курстар мен педагогикалық технологияларды жасақтау.
Өзіндік дамудың екі педагогикалық нәтижесі бар. Бірінші жағынан – тұлғалық даму мен кәсіби өсуде болатын өзгерістер, екінші жағынан – өзіндік дамумен айналысуға қабілеттілікті игеру. Аталған нәтижелердің жүзеге асқандығын төмендегі әрекеттерден көруге болады:
- Мақсат қоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндікдаму міндеттерін қою;
- Жоспарлау: өзіндікдаму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін таңдау;
- Өзіндік бақылау: өзіндікдамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру;
- Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу.
Мұндай әрекеттерді меңгеру және жүзеге асыру белгілі іскерліктер мен сатыларын бөліп көрсеткен:
1- Бастапқы сатысында кәсіби өзін – өзі тәрбиелеуді меңгерудің мақсаты мен міндеттері нақты емес, мазмұны толықтыруды қажетсінеді. Құралдары мен әдістері толық анықталмаған.
2 - Екінші сатысында мақсаты нақтылана бастаған. Алға қойылған мақсат пен міндеттер белгілі тұлғалық қасиеттерді керек етеді. Өзіндікталдау жүзеге асады.
3 - Үшінші сатысында педагог мақсат пен міндеттерді өзбетімен және негізделген түрде қояды. Сондықтан өзіндікдаму мазмұны жекеленген сапалардан маңызды және жалпы кәсіби мәні бар тұлғаның қасиеттерін қажетсінеді. Жұмысты жоспарлау, құралдарды таңдау, өзіндік әрекет жасау жүзеге асады. Өзіндікдамудың барлық негізгі әрекеттері – мақсатқоюшылық, жоспарлау, өзіндікбақылау, түзету күштеусіз, автоматты түрде жүзеге асады.
Кәсіби өсу – технологиялық әрекеттің үнемі жүзеге асуы, бағытталудың, құзыреттілік және кәсіби қажетті сапалардың баюшылығы, еңбектік қалыптасудың тиімділігін арттыру.
Болашақ маман – мұғалімдерді дайындау соңғы уақытта педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуына әсер ететін тиімді факторларды іздеуге бағытталған өзгерістерді талап етуде. Жоғары педагогикалық оқу орнын бітірген түлек жоғары білім ала отырып, үнемі білім беру мекемесі қоятын міндеттерді орындай алмай жатады. Осыдан кедергілер туындайды да, педагогикалық кәсіби өшу орын алып кетуі әбден мүмкін. Сол себепті жас маманға ұжым тарапынан психологиялық қолдау көрсетіліп, әдістемелік жұмыстарға тарту кеңінен жүзеге асқаны жөн.
Қазіргі мектепке, соның ішінде зияткерлік мектепке оқыту мен білім берудің міндеттерін сәтті шеше алатын, оқушы тұлғасын дамытуда қажетті нәтижеге жете алатын мұғалім керек. Әр кәсіби маман жоғары өзін – өзі жетілдіруге, өзінің тұлғалық және кәсіби даму болашағын саналы сезінуге, кәсіби оқу мен педагогикалық шығармашылыққа дайын, білім берудің гуманизациялау қағидасын жүзеге асыратын, толеранттылық танытатын, психологиялық сауатты және құзыретті болуы тиіс.
Педагогтың кәсіби дамуының психологиялық теориясының басты идеясы мынадай негізгі жағдайларда қалыптасады:егер оқу – танымдық үрдіс орын алса, онда оның даму үрдісі де орын алады. Сондықтан білім мен түрткілер тұлғаның кәсіби дамуының негізі болады. Әр тұлға өзінің білімін жетілдіріп, түрлі түрткілерден қуаттанып, әрекетке көшетіні анық дүние. Кәсіби тұрғыдан үнемі дамып отырған педагог психологиясы айқын сезіліп, жұмыстануға, өзгені де дамытуға оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет