7. «Құн мөлшері» ұғымының тілдік парадигмасы
Болмыстағы заттардың қасиеті сан қырлы. Сол қасиеттерінің ішінде бөлек
тұратын, әрі әрбір заттың сан түрлі қасиетінің тоғысуынан туындайтын, барлық
заттарға ортақ тағы бір дерексіз, абстрактілі қасиеті – құны. Құн – болмыстағы
заттарда ежелден бар нәрсе емес және заттарға қажет те нәрсе емес. Заттардың
186
құны қажеттілікке қарай санада туындайды және ол әр дәуір, әр кезең, әр ғасыр,
әр жыл, әр ай, әр күн сайын өзгеріп отырады. Сондықтан «құн» ұғымы қоғам,
адам өмірімен тікелей байланысты болады. Құндылық өзгерген сайын құн да
өзгеріп отырады. Оның мұндай өзгермелі, бағалауыштық қасиеті «құн мөлшері»
ұғымын қалыптастырады. «Құн» арзан/қымбат тіресімдік ұғымдарынан
құралады. Сондықтан тілде «құн мөлшері» ұғымы осы оппозициялар аясында
көрініс табады.
Қай дәуірде де құнның баламасы – ақша немесе ақша орнына жүретін
бағалы бұйымдар. Сондықтан «құн» ұғымын ең әуелі лексикалық деңгейде ақша
атаулары, зат есімдер білдіреді: теңге, тиын, күміс, алтын, сом, бақыр, соқыр,
жармақ, ділда, динар, жамбы, тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ т.б. Бұл ақша
атаулары құнның баламасы, өлшемі болумен қатар, ең бағалы тауар саналады.
- «құн мөлшері» семантикасы кейбір сапалық сын есімдер мен сындық
ұғымды білдіретін зат есімдер, көмекші сөздер арқылы беріледі: арзан, тегін,
сутегін, төмен; қымбат, жоғары, өрт, удай т.б.
Бұл лексикалық бірліктердің ішінде арзан, қымбат сөздері таза құн
мөлшері үшін қолданылады. Ал төмен, жоғары сөздері ауыспалы, келтірінді
мағына арқылы белгілі зат пен заттық ұғымның құн мөлшерін образды түрде
бейнелейді. Тегін мен сутегін сөздерінің негізі бір. Бұл сөздер тура мағынасында
құнсыздық, ешқандай өтемақысыздық семантикасын білдіреді. Шындығында,
«өте арзан» ұғымын береді. Ал «өрт» сөзі базарда сауда-саттықтың өрттей қызып,
өтімді болуына байланысты, бағасы шарықтап, қымбаттап кетуіне балама
ретінде алынған образды ұғым.
«Құн мөлшері» семантикасы морфологиялық деңгейде синтетикалық
формалар арқылы да беріледі:
- «құн мөлшері» семантикасы «құн» ұғымын білдіретін сапалық сын
есімдерге -рақ, -рек -ырақ, -ірек; -дау, -деу, -тау, -теу, -лау, -леу шырай
қосымшалары жалғану арқылы беріледі. Мысалы, арзанырақ, қымбатырақ,
бағалырақ, құндырақ, төменірек, жоғарырақ, арзандау, қымбаттау, төмендеу,
жоғарылау, құндылау т.б.
- «құн мөлшері» семантикасы «құн» ұғымын білдіретін зат есім сөздеріне -
ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі; -сыз, -сіз қосымшалары жалғану арқылы жасалады.
Мысалы, бағалы, құнды, қымбатты, татымды, татымсыз, бағасыз, құнсыз
т.б.
1) Мұхиттан сүзіп шығарған,
Қымбатты гауһар бағасы (Ақтамберді жырау);
2) Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс (Абай).
«Құн мөлшері» ұғымы синтаксистік деңгейде де көрініс табады. Мұнда
аналитикалық
тәсілдер,
аналитика-синтетикалық
тәсілдер
арқылы
байланысқан
тіркестер,
синтаксистік
модельдер,
синтаксистік
конструкциялар сияқты үш түрлі синтаксистік формада беріледі:
- «құн мөлшері» семантикасы күшейткіш буындар (ап-арзан), қайталама қос
сөздер (арзан-арзан, қымбат-қымбат т.б.), күшейткіш үстеулер (өте арзан,
қатты арзан, едәуір арзан, аса төмен т.б.) арқылы беріледі.
187
- «құн мөлшері» семантикасы үш компонентті мөлшерлік конструкциялар
арқылы беріледі: бір теңге (ақша), мың теңге (ақша), он ділдә (ақша), бір сәрі
күміс, жүз сәрі алтын, бір сом (ақша), бір тиын (ақша), мың жармақ (ақша) т.б.
- «құн мөлшері» семантикасы конструкция құрамындағы мөлшерлік
компонентке -дай, -дей (-тай, -тей) қосымшасы жалғану арқылы беріледі.
Мысалы, бір теңгедей (ақша), он теңгедей (ақша), жүз теңгедей (ақша) т.б.
- «құн мөлшері» семантикасы конструкция құрамындағы мөлшерлік
компонентке -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік қосымшалары жалғану арқылы
беріледі. Мысалы: бір теңгелік сіріңке, он теңгелік темекі, жүз теңгелік арақ,
мың теңгелік ет, он мың теңгелік аяқкиім т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |