111
– орта ғасырда да өте сирек кездесетін өлшемдердің бірі. Араб өлшемдері мен
түрлі түркологиялық материалдарда да кездеспейді. Ал мұның салмақ өлшемі
қаншаға тең екенін осы
ритл арқылы анықтауға болады.
Ритл – орта ғасырға
тән түркі, араб жазба мұраларынан көптеп кездесетін салмақ өлшемі
болғандықтан, ғылыми әдебиеттерден бұл туралы мәліметтер беріледі. Ескі
құжаттар мен жазба деректері негізінде жазылған татар тарихы туралы кітапта:
«Ритль (фунд) Харезмский весом в 330 дирхемов. Сердства пропитание
заключаются, как говарят, в пшенице, ячмене, просе (дохн), которое у них
называется эрзень, чечевице, джаверсе (род проса), похожем на зерно
трилистника. Зерна эти продаются у них не иначе, как по ритлям [43]. Говорится
(обыкновенно у них): каждая ослиная ноша (того-то) стоит столько-то, а ослиная
ноша у них (составляет) сто таких ритлей. Средняя стоимость (100 ритлей)
пшеницы 2 ½ динара; по такой же цене и чечевица. Ячмень (стоит) 2 динара»,
–
деп берілген [200, с. 54]. Осы бойынша есептегенде,
ритл шамамен 475 грамға
сәйкес келеді. Мұны он еселесек,
кевші шамамен 4,75-5,0 кг салмақты құрайды.
Кейбір деректерде бір
ритл шамамен 15 кг дейін барады. Ал Өзбекстанның Имам
әл-Бухари атындағы Ташкент Ислам институтының оқытушысы Абдул Азим
Зиёуддин деректерінде ритлды
«ратл» деп атай келіп, оның шамасын былай
береді:
«Ратл (ритл) (қадоқ): Ироқий ратл = 0,515625 литр (≈ 0,516 литр).
Оғирлиги = 408 гр (= 128,57 ироқий дирҳам)»
[201]. Бұлай болғанда
кевші
шамамен 4 килограмға тең болады. Бұл да татар деректерінен тым алыс кетпейді.
Олай болса, М.Қашқари сөздігіндегі
кевші ауырлық өлшемі шамамен 4-5
килограмм салмақты құрайтын салмақ өлшемі. Сонымен қатар ол сыйымдылық
өлшемін де білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: