116
ең ұсақ заттың көлеміне байланысты қасиеті доминант семаға айналып,
метафораланып, заттық мағынасы сын есімге ауысқан.
Поэмада жалпылама мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, нақты
микромөлшер ұғымдарының ешқайсысына толық жатқызуға келмейтін сөздер де
кездеседі. Солардың бірі –
улу. Аталған сөз көне түркі ескерткіштерінде
улуғ
тұлғасында берілсе, одан кейінгі тілдің барлық тарихи кезеңдерінде кездеседі
және семантикалық аясы кең, ауыспалы мәнде көп жұмсалатын сөздердің
қатарына жатады. Бұл сөз аталған поэмада былай беріледі:
Кетәрдің мендін ошбу
улу захмат (ХШ, 69р-9)
// кетірдің менен осы ұлы азапты. Осы қолданыста
улу
сөзі белгілі зат пен затқа біткен қасиеттің жоғары шегін де, заттардың сандық
көптігі семантикасын да (ұлы шерік) білдірмейді. Керісінше, адамның рухани
әлемі душар болған азаптың, қиындықтың ең жоғары шегін, азаптану үдерісінің
абстрактілі салмағын, уақыт жағынан ұзақтығын білдіреді. Мұндай рухани
құбылыстарға байланысты қолданылған мөлшерлік бірліктердің семантикалық
ерекшелігін дәл айту қиын.
Қыпшақ ескерткіштерінде мөлшер семантикасы есімдіктердің мағыналық
топтары арқылы да беріледі. Есімдіктердің ішінде, қазіргі қазақ тіліндегідей,
көбіне
жалпылау есімдіктері арқылы беріледі. Мөлшер семантикалы жалпылау
есімдіктердің үлкен бөлігі «Хусрау уа Шірін» поэмасында кездеседі. Атап
айтқанда,
барча // барша (бәрі), бары // бәрі, бүтүн // бүтін, бүкіл, жәм // барлық,
қамуғ // барлық, тәлім // барлық, түкәл // түгел т.б. Жалпылау есімдіктердің
мұндай түрлері «Мұхаббатнаме» ескерткіштерінде де кездеседі:
барча // барша,
Достарыңызбен бөлісу: