«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ФАРМАКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ДӘРІС
Тақырыбы: «ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ. ФАРМАКОКИНЕТИКА»
3 курс, «Жалпы медицина»
Фармакология кафедрасының доценті Алдабергенова К.У.
Ақтөбе 2019
Мақсаты:
Фармакология ғылымының анықтамасын, дәрілер фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын түсіндіру.
Жоспары:
1. Пәннің анықтамасы, фармакологияның ғылым ретінде даму кезеңдері.
2. Дәрі, дәрілік зат, дәрілік түр және дәрілік шикізат туралы түсінік. Олардың алыну көздері.
3. Фармакокинетика, анықтамасы.
4. Дәрілерді енгізу жолдары (энтеральды, парентеральды).
5. Дәрілік заттардың негізгі сіңу механизмдері (диффузия, белсенді тасымалдану, сүзілу, пиноцитоз).
6. Дәрілердің ағзада таралуы.
7. Дәрілік заттардың метаболизмі (биотрансформация, конъюгация). Дәрілік заттардың метаболизміне ықпал ететін факторлар.
8. Дәрілік заттардың ағзадан шығуы.
ФАРМАКОЛОГИЯ
Грек.тіл. pharmacon - дәрі
logos – ілім, ғылым
ФАРМАКОЛОГИЯ
химиялық қосылыстар мен тірі ағзаның өзара әсерлесуі туралы ғылым
Дәрілік зат
Дәрілік зат – организмге емдік немесе профилактилалық әсер ететін табиғи немесе синтетикалық немесе гендік инженерия жолымен алынған зат.
Дәрі
Дәрі – Фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі ауруларды емдеу, алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданатын дәрілік зат немесе бірнеше заттар қосындысы.
Егер дәрі бір дәрілік заттан тұрса, онда бұл атаулар бір-біріне сәйкес келеді.
Дәрілік түр
Дәрілік түр (қалып) – қажетті емдік және профилактилалық әсер алу үшін пайдаланылатын, қолдануға, сақтауға ыңғайлы болу үшін дәрілік затқа берілетін қалып.
Дәрілік қалыптар консистенциясына қарай қатты, жұмсақ және сұйық түрлерге бөлінеді.