Маржанбұлақ орта мектебінің



Дата25.07.2023
өлшемі24,01 Mb.
#104753

Маржанбұлақ орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында 8 «Ә» сынып оқушыларымен жартыжыл бойына атқарылған тәрбие жұмысының есебі
Сыныпта барлығы 25 оқушы бар. Оның ішінде ұлдар-12, қыздар-13.Сыныптағы барлық оқушылардың қай жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым. Сыныпта бір оқушы өгей әкемен тұрады, бір ерекше білім қажет ететін оқушы бар. Оқушылар үйірмелерге қатысып, жүлделі орындарды алып жүр.
Жыл басында 2022- 2023 оқу жылының тәрбие жұмысы жоспары жасақталып, жас ұрпақтың бойында азаматтық және патриотизмді қалыптастыру мақсатында іс шаралар ұйымдастырылды.Бүкіл тәрбие жұмысы оқушылардың ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру бағытында жүргізілді. Әдеттегідей, тәрбие жұмысы кабинеттерде техника қауіпсіздігін сақтау, табиғат апаттарынан сақтану, азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру шараларымен қабаттастыра өткізілді. 1қыркүйекте «Мен өз Отанымнын патриотымын» атты сынып сағаты өтті. Оқушылар мекепішілік іс-шараларға белсене қатысып жүреді. атаулы күндер тәрбие сағаттары: «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлына 150жыл, «Отбасы – бақыт мекені», «Шын дос – асыл қазына», Мектептің ішкі тәртіп ережелері. Қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. «Көше тәртібі – өмір сүру тәртібі», «Дін тәрбие діңгегі», 25 Қазан – Республика күні «Менің Отаным Қазақстан», «Қаз дауысты Қазыбек би» Қазыбек биге 355 жыл.

Жыл басынан яғни қыркүйектен бастап 8 «Ә» сыныбының сабақтарына қатысып, үй тапсырмаларын қаншалықты орындайтындықтарын бақыладым. Жыл басынан әр аптаның жұма күндері жоспар бойынша сынып сағаттарын өткіздім. Жартыжылдық қорытындысында сынып оқушылары үлгерімі 100 пайыз, сапалық құрамы 48 пайызбен тәмәмді.


Сыныпта ата-аналармен 2 жиналыс өткізілді. Жиналыста жартыжылдық қорытындысы және «Мен және менің балам» жөнінде ата-аналарға арналған тақырыбында баяндамалар оқылып, тренингтер, жаднама жүргізілді. Ата-аналар комитетінің төрайымы ата-аналармен тығыз байланыста отырамын.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет