Маркетинг жүйесіндегі жарнама



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата13.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#25365
  1   2   3


маркетинг

жүйесіндегі

жарнама

Орындағандар:

Кадыхан Меруерт

Утегенова Аружан

Амангелдиева Айша 

Косжанова Гулимай 

Марат Арина 



Жарнаманың  қоғамдық рөлі оның адамдардың

санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының

қалыптасуына әсерін тигізуінде.

Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі

маркетингтің классикалық тұжырымдамасында

жарнаманы ең бірінші орынға қояды.

Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын

қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және

коммуникациялық рөліне байланысты.



 Жарнама сұраныс пен ұсынысты

қалыптастыруға, бәсекенің пайда

болуына, инвестиция табуға, өткізу

нарығының кеңеюіне, сайып келгенде

осыған байланысты жалпы

экономиканың және оның әр түрлі

саласының дамуына әсерін тигізеді. Бұл

жарнаманың экономикалық рөлін

ерекшелейді.

    Жарнама тек өнім туралы ақпарат

беріп  қана қоймай, оның тұтынушы

санасында  әлдебір бейне ретінде

қалыптасуына әсер етеді. Осыдан

жарнаманың коммуникациялық рөлін

байқауға болады.



Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемінің  және

фирма пайдасының өсуіне әсер етеді. Бұл оның

маркетингтік рөлін көрсетеді. Жарнама аудиторияға

екі тәсілмен беріледі:

жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан

кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;

жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп,

жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс

береді.

    Әлемнің ең ірі жарнама берушілерінің тізімінде

«Procter & Gamble» компаниясы бірінші орында. 

 Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың

жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары

бар, оларға баспасөз, теледидар, афиша, радио,

кино жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет