Тауардың
өмірлік циклі
Өзгеріс бар жерде даму, ілгерілеу де бар.
Олай болса, тауардың өзіндік
ерекшеліктері ретіндегі өмірлік циклі —
онық физикалық қасиеттерімен қатар, ең
алдымен нарықтық айналымға қатысқан
мерзіміне сәйкес қарастырылады.
тауардың айналымдағы уақытының
ұзақтығы: оның сапасына, бағасына, оған
қажеттіліктіқ дайындық дәрежесіне,
жалпы сұраныстың көлеміне, нарықтық
конъюнктураның қалпына байланысты
және бұл қайбірде тауардың өз
қасиетінен алшақтау жалпы
конъюнктуралық жағдайдың нәтижесі
болып көрінуі де мүмкін.
Өндіріс — тауардың дүниеге келуіндегі
бірінші әрі шешуші кезеңі, осы кезеңде
келешектегі тауар өтімдігінің сәтті немесе
сәтсіз болуы анықталады. Енді дайын
тауарды зерттеуге, өндіруге, жарнамалауға
және өткізу жағын ұйымдастыруға
жұмсалған алғашқы
шығындардың орнын
толтыру үшін тауар сатыла бастайды.
Буып-түю, орауды жасау оның қандай
болуы керек екендігін анықтайтын және
тауарды жылжытудағы рөлін сипаттайтын тұжыры
мдамасынан басталады. Содан кейін оның пішіні,
өлшемі, жасайтын материалдар құрамы, түсі,
тауар туралы керекті ақпараты, таңбалық белгісі
анықталады. Буып-түю, ораудың әр түрлі
элементтері бір-бірімен және баға белгілеу
саясатымен, жарнамамен және маркетингтің
басқа да элементтерімен тығыз байланыста болуы
қажет. Тәжірибелі партияны шығарғаннан кейін
буып-түю, орау стандарт талаптары мен қалыпты
пайдалану жағдайына сәйкестікті куәландыратын
технологиялық сынау сериясынан өтуі қажет.
Дилерлік сынау делдалдарға буып-түю, ораудың
ұнайтындығын, оның тауарды сақтауға және
тасымалдау кезіндегі қолайлылығын анықтауға
мүмкіндік береді. Сатып алушыларға өткiзiлген
сынау олар жаңа буып-түю, орауды оның
дизайнын, түсін, оған жазылған ақпараттың қалай
қабылдайтынын көрсетуі тиіс. Тиімді буып-түюді
жасау фирмаға қымбатқа түсуі мүмкін және көп
уақытты талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: