Маркетингтік жарнама жасау (инфографика). Практикум
Өткен сабақта біз жарнаманың түрлері және жарнамалық
инфографика жасауға арналған сервистерді, ең жиі қолданылатын
логикалық операцияларды қарастырдық. Бүгін өткен сабақты бекіту
мақсатында www.canva.com сервисімен жұмыс жасаймыз.
Жұмысты орындау реті:
Жұмысты бастамас бұрын, ең алдымен, www.canva.com сайтында
тіркелу қажет. Ол үшін жоғарыда орналасқан тіркелу батырмасын
басып, өз аттарыңды, электронды пошталарыңды енгізіңдер және
пароль жазыңдар.
Сайтқа тіркелу
Тіркеуден өткеннен кейін төмендегідей терезе пайда болады, Студент
ұяшығын таңдаңдар.
Басты терезе
Ашылған терезеден «Инфографика» ұяшығын таңдаңдар.
Жұмыс алаңы
«Инфографика для образования» деген мәзірден үшінші
үлгіні таңдаңдар: «Simple steps to safety bicycle».
Енді инфографикамызды түзетуге көшеміз:
– тақырыбын: «Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері»
деп енгіземіз;
– астына: информатика кабинетінің қауіпсіздік ережелерін жазып,
жанына суреттерін қоямыз;
– қалағанымызша дизайнын өзгерте аламыз, ол үшін сол жақ
терезеден керекті үлгілерді таңдаймыз (мәтін, сурет, символ
т.б.).
Инфографиканы жөндеу
Барлық түзетулерді енгізгеннен кейін, дайын инфографиканы
сақтаймыз, ол үшін Жүктеу
⇒ Файл типін анықтау ⇒ Суретті
жүктеу батырмаларын басамыз.
Дайын инфографика
Алғаш рет «Startup» терминін енгізген кәсіпкер:
Стив Бланк.
Стив Джобс.
Павел Дуров.
Марк Цукерберг.
Билл Гейтс.
Бос орынды толтырыңдар:
... операциялық қызметінің қысқа тарихы бар ... ... ... ... .
Инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға,
мемлекет:
Пайдаланушы.
Тұтынушы.
Профессор.
Инвестор.
Кәсіпкер.
Сәйкестендіріңдер:
1) Прототип
а. Қолданушылардың шағын тобы
шақырылады, олар өздерінің
пікірлері мен тілектерін айтады
2) Альфа-нұсқа
ә. Жобаны насихаттау және пайда-
(өнім/жоба)
ланушыларды тарту жүреді
3) Жабық бета
б. Кемшіліктерін анықтау және
нұсқасы
оларды жою мақсатында өнімді
тестілеу жүргізіледі
4) Ашық бета
в. Негізгі функциялар берілген
нұсқасы
жұмыс моделі құрылады
Стивен Брэдфорд ұсынған Crowdfunding-тің базалық модельдері:
A.
1.
D. 4.
B.
2.
E. 5.
C.
3.
Қазақстанда Crowdfunding іске қосылған жыл:
2014.
2015.
2016.
2017.
2018.
Ең ірі отандық Crowdfunding платформасы:
Domen.kz.
Morapp.kz.
Starttime.kz.
Lincoln.kz.
Egov.kz.
Бос орынды толтырыңдар:
Маркетингтік насихаттау әдістері: ..., ..., ..., ... .
Идеяларды, тауарларды, қызметтерді қандай да бір компанияның атынан
ұсыну және жылжыту объекті:
Делдал.
Маркет.
Жарнама.
Мобильді қосымша.
Инвестор.
Инфографикамен жұмыс істеуге арналған сервистер:
Instagram, Wechat.
Canva, Piktochart.
Infogram.
Java, Delphi.
Starttime, Navi.
MovieAvie.
Easel.ly
Достарыңызбен бөлісу: |