Байланысты: Студент жұмысының шынымен өзіндік болуы үшін студенттер оны саналы және ұтымды түрде ұйымдастырып
Студент жұмысының шынымен өзіндік болуы үшін студенттер оны саналы және ұтымды түрде ұйымдастырып, орындауы керек. Бұл дегеніміз:
- студент СӨЖ мақсатын түсінуі керек,
-мақсатқа жету үшін ең маңыздысын талдай және бөліп көрсете білу;
- оқу әрекеттерін қай ретпен орындау тиімдірек екенін анықтау;
- қойылған мақсатты іске асырудың жолдары мен құралдарын табу;
- өз мақсаттарының дұрыстығын басқара білу:
-өзін-өзі бақылау дағдыларын игерген жөн.
Университетте студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі оның түрлерін таңдауда ғана емес, сонымен қатар оны орындау барысында студенттердің белсенділігін, тәуелсіздігі мен жауапкершілігін ынталандыру үшін жағдай жасау болып табылады. СӨЖ тапсырмаларын (реферат, эссе, аннотация жазу, әдебинттермен жұмыс) орындау кезінде студенттер төмендегідей мәселелерге душар болады:
Әдебиеттермен жұмыс кезіндегі мәселелер Студенттер СӨЖ тапсырмаларын орындау кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдауда қиналады. Оқулықтармен және кітаптармен өз бетінше жұмыс істеу (сонымен қатар дәрістерде көтерілген мәселелерді өз бетінше теориялық зерттеу) – танымның ғылыми тәсілін қалыптастырудың маңызды шарты.
Кітаппен жұмыс істеу кезінде әдебиетті таңдап, оны дұрыс оқып, жазба жүргізуді үйрену қажет. Кітапханада әдебиеттерді таңдау үшін алфавиттік және жүйелі каталогтар қолданылады. Кітаппен жұмыс істеудің тиімді дағдылары уақытты үнемдеуге және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін есте сақтау керек.
Әдебиеттермен жұмыс істеу тәсілдері:
-танысу керек әдебиеттердің тізімін құру және ол туралы оқытушымен ақылдасу;
-тізім жүйеленген болуы қажет (қайсысы семинарға, қайсысы емтиханға, қайсысы курстық, дипломдық жұмыстарға т.б. қажет екендігін анықтап алу);
-қандай кітаптарды мұқият оқып, ал қандай кітаптарды тек қарап шығу керек екенін анықтау керек;
-оқыған кітаптардағы маңызды ақпараттарды конспектілеу т.б.
Эссе жазу кезінде кездесетін мәселелер СӨЖ тапсырмасын орындау кезінде бірқатар студенттер эссе құрылымын түсінбей жатады. Эссенің тақырыбы пәнді оқыту саласының заманауи мәселелерін қозғаушы, өзекті тақырып болуы тиіс. Студент мәселенің мәнін ашып, өзге көзқарастарды көрсетіп қана қоймай, оған өз көзқарасын да білдіруі керек. Жұмыстың бұл түрі студенттен өз ойын жазбаша түрде, сондай-ақ логикалық пайымдаулар арқылы анық білдіруді, өз көзқарасын анық білдіруді талап етеді. Студенттің міндеттері:
-тапсырманы мұқият оқып, тақырыптың өзектілігін ғана емес, мазмұны бойынша ерекше және қызықты жақтарын көрсету;
-тақырып бойынша ақпарат көздерін таңдау және зерттеу;
-негізгі және қосымша әдебиеттерді бөлу;
-эссенің жоспарын құру;
-мәселенің мазмұнын және оны шешу жолдарын қысқа, бірақ толық ашу;
-эссені белгіленген уақытта тапсыру.
Аннотация жазудағы мәселелер Бұл кітаптың, мақаланың, қолжазбаның қысқаша сипаттамасын жазу бойынша студенттердің аудиториядан тыс орындалатын өзіндік жұмысының түрі. Онда сол кітаптың негізгі мазмұны баяндалады, кітаптың оқырмандардың қай тобына арналғаны туралы мәліметтер беріледі. Аннотация бойынша жұмыс бір тақырыптағы бірқатар дереккөздерге, сонымен қатар әдебиетке шолу жасауға көмектеседі. Студент автор қозғаған негізгі ойларды, мәселелерді, оның қорытындыларын, ұсыныстарын атап, мәтіннің маңыздылығын анықтау керек. Студенттің міндеттері:
-ақпаратты мұқият зерттеу;
-аннотация жоспарын құру;
-аннотацияланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қысқаша көрсету;
-аннотацияны белгіленген мерзімде тапсыру.
Реферат жазу кезінде туындайтын мәселелер. Бұл студенттің өзіндік жұмысының басқа түрлеріне қарағанда көлемді, аудиториялық сабақтарда оқылатын негізгі тақырыпты толықтыратын және дамытатын ақпаратты қамтитын жұмыс болып табылады.
"Реферат "сөзі (латын тілінен – referre – баяндау, хабарлау) ақпаратты сыни шолу негізінде қандай да бір мәселенің немесе тақырыптың мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде қысқаша баяндауды білдіреді. Студенттер реферат жазу барысында тақырыптың құрылымын ашуда мәселелерге тап болады. Және соңында тақырып толықтай ашылмай жатады. Студент рефератты дайындау барысында мына ережелер басшылыққа алынуы тиіс:
реферат идеясы мен міндетін анықтау;
тақырыпты немесе мәселені анық және нақты тұжырымдау. Ол тым жалпылама болмауы керек;
таңдалған тақырып бойынша қажетті әдебиеттерді табу. Міндетті түрде оқылуы тиіс әдебиеттер тізімін құру;
рефератты кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі деп бөлімдерге бөлу қажет.
Рефераттарды жазудың мақсаты: студенттердің әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оларды талдау және сараптай алуы.