Мақсаты: : Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту. Күтілетін нәтиже: 1



бет2/4
Дата22.01.2023
өлшемі31,71 Kb.
#62333
1   2   3   4
Байланысты:
Коучинг іс әрекет

Ғалымдардың сөздерінен үзінділер:
«Егер өз бойыңа жақсы қасиеттерді ұялатқың келсе, ең алдымен ақыл-ойыңа, іс-әрекетіңе жүгіну қажет»
А.Байтұрсынов
«Іс-әрекеттегі зерттеу-адамның тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді»
С.Кеммис

«Тәжірибелік даналыққа тек тәжірибеде жүрген, өз тәжірибесіне негізделген дана және орынды ойлар білдіру қабілетін дамытатын адамдар ғана ие бола алады»


У.Карр


Коуч: Құрметті ұстаздар, бүгін міне сіздермен
іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің мұғалімнің кәсіби дамуына тигізер пайдасы жайлы ой бөліспекпіз. Мен сіздерден барынша өз ой-пікірлеріңізді қысылмай айтып, өз тәжірибелеріңізбен таныстырғандарыңызды қалаймын!
" Іс-әрекеттегі зерттеу-адамның тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді "- деп С.Кеммис айтқандай, зерттеудің қалай жүргізілетінін қарастырайық.

Қима қағаздарға жазылған цитаталардың авторларына қарай 3 топқа бөлінеді.
Үш жұлдызша”жаттығуы орындалады.

Зейіндерін аударады.





Негізгі бөлім
30 мин


Мақсаты: Іс-әрекеттегі зерттеу арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына қол жеткізу.


Міндеті: Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жоспарын талапқа сай, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сауатты жасай білуге үйрету.
Әдіс-тәсілі: "Ой қозғау", "Дұрысын тап", топтық жұмыстар.

Топтық тапсырма


Қорытынды кезеңі 5 мин



І. Ой қозғау.
«Дұрысын тап» Топтық жұмыс
Топтарға қорапшалар беріледі. Қорапшаларда іс-әрекеттегі зерттеу этаптарына байланысты әртүрлі заттар бар . Топ мүшелері заттарды іс-әрекеттегі зерттеу этаптарына қандай байланысы барына қарай рет-ретімен орналастырады.
Іс-әрекеттегі зерттеу.
1. Лупа.Іс-әрекеттегі зерттеуді неден бастау керек?
Проблемадан. (қағазға проблема деп жазып іледі)Яғни, проблемадан бастау керек, проблема- бұл сені толғандыратын нәрсе. Не дұрыс емес? Неге?

2. Дәптер, анкета, журнал. Проблема туралы мәлімет жинау. (Мәлімет деп жазып іледі) Бұл – біз проблеманы байқаған жеріміз.


3. Нысана. Мақсат қоямыз. (Мақсат деп жазып іледі)
Мақсат- бұл сіз неге жеткіңіз келеді? 

4. Таза қағаз. Ойларымызды, әдістемелерімізді жазамыз. (Іс-әрекет деп жазып іледі) . Оған біз өзіміздің жаңа идеяларымызды жазамыз. Сөйтіп, бұл парақ проектіге айналады.




5.Фотоаппарат, видео камера, анкета. Дәлелдемелер жинаймыз. (Дәлелдемелер деп жазып іледі)
мен дәлелдемелер қалай жинаймын. Мен өзгерістер жайлы қалай білемін?

6. Плюс, минус стикерлері. Не сәтті болды, не сәтсіз болды анықтаймыз. (Нәтижені бағалау қағазы ілінеді)Күтілетін нәтиже орындалды ма? Мақсатқа жеттік пе? Нені жақсарту керек?


7. Спираль. Спиральдың не қатысы бар? Нәтижеге бірден жете алмаймыз, сондықтан іс-әрекетті бірнеше рет нәтижеге жеткенше қайталау керек. (Спираль сөзін ортаға орналастырамыз)




8. Диск, педагогикалық журнал. Іс-әрекеттегі зерттеудіңнәтижесі мектепте, желілік қауымдастықта таратылады.

Экраннан зерттеу этаптары көрсетілгеннен соң топтар өз жауаптарын салыстырады, ауыстырып алған кезеңдері болса түсінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет