Мақсаты: -оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұ



жүктеу 26.35 Kb.

Дата08.01.2017
өлшемі26.35 Kb.

Ертегі еліне саяхат 

 

Мақсаты: -оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұ-  



мыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып өздіктерінен  

қорытынды шығаруға машықтандыру;  

- ертегі арқылы оқушылардың өмірге деген көзқарасын  

қалыптастыру,жақсылық пен жамандықты айыра білуге  

үйрету, баулу;  

- қызығушылықтарын, талғампаздықтарын арттыру.  

1. Үйымдастыру кезеңі  

Ой қозғау – балалар, Ертегі- сөзін естігенде қандай ой келеді, көз алдарына 

не елестетесіңдер? (балалар пікірін тыңдау).  

2.Жаңа сабақ  

Бүгінгі сабағымыз ерекшк өтеді, біз «Ертегі еліне саяхатқа » шығамыз.  

Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының 

бірі,ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай 

бір неше түрге бөлуге болады.  

- жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)  

- қиял-ғажайып ертегілер  

- шыншыл ертегілер  

Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз. Онда 

шындық оқиға мен қиял-ғажайп оқиға аралас келіп отырады.  

Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне 

айналып кетеді ).  

«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:  

Кел, тыңдайық ертегі,  

Естіген жанды елтеді.  

Талай ғажап оқиға,  

Қызық сырын шертеді.  

Ерте, ерте, ертеде....бір ата мен әже болыпты  

Атасы: -кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.  

Әжесі:- неден пісірейін ұн жоқ қой.  

Атасы:- қаптың түтүбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар.  

Әжесі солай істейді: қаптын түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де 

,суытып терезе алдына қояды.( іс-әрекеттерін көрсетеді) Бауырсақ домалап 

кетеді...  

Орман ішіне домалап келіп, коян ананың көжегін үйретіп жатқанын естиді:  

-Сұр көжегім, көжегім,  


Еркелігін сеземін.  

Сабаққа мойын бұратын  

Сенің де келді кезегің.  

Білмесең надан боласың  

Жау қолында қаласың  

Үйреніп бәрін біле алсаң,  

Ақылын, жетіп толасың.  

Көжегі бауырсақты көріп қорқып, қашып кетеді.  

Қоян: -бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.  

Бауырсақ: -жоқ, сен мені жеме,саған өлең айтып беремін, соны тыңда.  

Атадан да қаштым,  

Ападан да қаштым,  

Қоян сенен де қашып кетемін.  

Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды 

орында .  

Бауырсақ: енді не істемін, балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.  

Кәне балалар, орындаймыз ба қоянның тапсырмасын?  

Қоянның тапсырмасы: 1. жуан және жіңішке дауыстыларды ажыратып екі 

топқа бөл.(партадағы әріптердің ішінен жуан, жіңішке білдіретін дауысты 

дыбыс әріптерін тақтаға іледі).  

2. 1-қатар жуан дыбыстарға сөз ойла, 2-қатар жіңішке дауыстыларға сөз ойла, 

3- қатар сөзде жуан да жіңішке де дыбыстар болсын. (әр қатар өз сөздерін 

ақылдасып бір параққа жазады, бір оқушы оқиды.  

Бауырсақ домалап қояннан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.  

Қасқыр:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.  

Бауырсақ: -жемеші, мен саған өлең айтып беремін.  

Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.  

Қасқырдың тапсырмасы: 1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, автобус, 

бала, машина, қол, өрік, қалам, қарындаш, домбра.  

2.берілген сөздердін екеумен сөйлем құр.  

Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай 

домалап келеді.  

Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі.  

Аю: -бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.  

Бауырсақ : -жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып береді екем  

-ападан да қаштым, ататадан да қаштым,  

сенең де аю қашып кетемін.  

Аю: Әй, балалар, балалар!  

Менде қызық ойын бар,  


Ал ықылас қойындар  

Кәне, тәртіп сақтайық,  

Мен берген тапсырманы,  

Бұлжытпай орындайық.  

Аюдың тапсырмасы: 1. «Кім ойшыл?» ойыны  

Кезкелген ертегіден үзінді айтылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айтып 

шығу керек. 1.мысық тауыққа кездеседі  

2.әже атаға бақшада көмектеседі  

3. орманда бауырсаққа қоян кездеседі  

2. төменгі сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.  

1. Көктем, келді, көрікті. Ери, қар, бастады.  

2. Жел, жылы, соқты. Келді, ұшып, құстар.  

3. Жылына, күн, бастады. Ақты, су, жылғалардан.  

Бауырсақ: -жарайсыңдар балалар, мені тағы бір құтқарып қалдыңдар.  

Бауыссақ домалап келе жатып, бір даыстарды естиді:  

Түлкі: Түлкішегім, құлыным  

Сен ғой менің тілегім.  

Аңшы кімді қумаған?  

Жарылмасын жүрегін!-деп түлкі баласын үйретіп жатыр екен.  

Түлкі: -бауырсақты көріп –амансың ба бауырсақ көргендерге ұнайды, жүзің 

қызыл шырайлы,мен сені жеймін.  

Бауырсақ: жеме, мен саған өлең айтып беремін.  

Атадан да қаштым, ападан да қаштым,  

Сенен де оңай құтылып кетемін.  

Түлкі: оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында.  

Түлкінің тапсырмасы: Кел, балалар, ойнайық  

Ойнайық та, ойлайық  

Қандай сұрақ болса да  

1. Таппай оны қоймайық.  

1. заттардың атын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?  

2. адамға байланысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?  

3. жан-жануарларға, заттарға қандай сұрақтар қойылады?  

2.Қыз балалар Кім? Кімдер? Сұрағына ж ауап беретін сөздер ойлаңдар.  

Ұл балалар Не? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздер ойлаңдар.  

3.партадағы сөздерден Кім? Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді ажыратып 

екі топқа бөліндер.  

Түлкі: жарайсыңдар, балалар, бірақ бауырсақ өлеңің әдемі екен.  

Құлағым естімейді. Менің мұрныма отырып айтшы.  

Бауырсақ: Мен бауырсақпын, бауырсақпын  


Атадан да қаштым, ападан да қаштым  

Сенен де түлкі қашып кетемін.  

Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.  

Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел 

орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.  

Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.  

Ал балалар бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.  

Әже сол ара да келе жатқан Наурыз мерекесіне арнап көп бауырсақ пісіріп, 

дастарқан жасап қойыпты.  

Әже: Кәне, балалар, бауырсақтан жеңдер, қонақтарға да беріңдер.  



(отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу). 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал