Мақсаты: Аналитикалық химия пәнінің негізгі түсініктерімен, әдістерімен, қарастыратын мәселелерімен танысу. ДӘріс жоспары



бет3/5
Дата26.01.2023
өлшемі86,39 Kb.
#63064
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 сабақ

Ескі атауы

Жаңа атауы

Зерттелетін заттың мөлшері

г

мл

Макро-

грамм-әдіс

1 - 10

10 – 100

Жартылай микро-

сантиграмм-әдіс

0,5 – 0,05

1 – 10

Микро-

миллиграмм-әдіс

10-3 – 10-6

10-1 – 10-4

Ультрамикро-

микрограмм-әдіс

10-6 – 10-9

10-4 – 10-6

Субмикро-

нанограмм-әдіс

10-9 – 10-12

10-7 – 10-10

Субультрамикро-

пикограмм-әдіс

< 10-12

< 10-10

Микроәдіс – сапалық талдауда кеңінен қолданылады. Орындау техникасына қарай екіге бөлінеді: микрокристаллоскопеялық және тамшы әдісі. Микрокристаллоскопеялық талдау микроскоп көмегімен жүргізіледі. Заттық шыныға бір тамшы ерітінді тамызады. Затты микроскоп арқылы қарап, кристалдардың түсі мен формасына байланысты талдау жасайды. Тамшы әдісін (Н.А.Тананаев, 1920) өте сезгіш реактивтердің көмегімен, анықталатын заттың мөлшері өте аз болғанда жүргізеді. Аналитикалық ерітіндінің тамшысын сүзгі қағазына тамызады және аналитикалық эффектіні бақылайды. Химиялық талдауды орындау тәсіліне қарай бөледі: «Құрғақ жолмен» талдау, «Ылғал жолмен» талдау. «Құрғақ жолмен» талдау орындауды қатты (құрғақ) заттармен жүргізеді. Бұл көбінсе алғашқы мәлімет алу үшін ғана қолданылады. «Құрғақ жолмен» талдауды орындаудың бірнеше түрі бар: Пиротехникалық әдіс талданатын затты жоғарғы температурада қыздыру, жалын түсінің боялуы. Мысалы, Na - сары, К - күлгін, Cr - жасыл, Со - көк түс береді. Ұнтақтау әдісі талданатын затты реагентпен бірге келіге салып ұнтақтауға негізделген. Реакция нәтижесінде түсті қосылыс түзіледі. Мысалы, аммоний роданидін кобальт хлоридімен қосып ұнтақтағанда көк түс береді. Мысалы, CoCl2 + 4NH4SCN → (NH4)2[Co(SCN)4] + 2NH4Cl.
«Ылғал жолымен» талдауды ерітіндімен жүргізеді. Бұл әдіс химиялық талдауда кеңінен қолданылады. Мұнда анықталатын заттарда, анықтаушы реагенттер де ерітінді күйінде болады. Мысалы, BaCl2 + Н24 → BaSO4↓ + 2HCl.
Аналитикалық реакцияларға қойылатын талаптар: аналитикалық реакция өте жоғары жылдамдықпен жүруі тиіс, реакция қайтымсыз болуы тиіс, көзге көрінетін эффект (тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі т.б.) байқалуы керек және мүмкіндігінше талғағыш, сезгіш болуы тиіс. Аналитикалық реакцияның сезгіштігін анықтайтын заттың ең аз мөлшерімен сипаттайды. Белгілі бір реакцияда анықтайтын зат мөлшері неғұрлым аз болса, оның сезгіштігі соғұрылым жоғары болады. Мысалы,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет