Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі, Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера, табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына


Аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар. Табиғи қорларды тиімді пайдаланудың шаралары



бет2/2
Дата20.09.2023
өлшемі66,69 Kb.
#109166
1   2
Байланысты:
1 лек геог мир рес

7.2 Аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар. Табиғи қорларды тиімді пайдаланудың шаралары
Аз қалдықты технология өнімдер бірлігін шығару кезінде осы өнімдерді алудың қолданылып жүрген тәсілдерімен салыстырғанда қалдықтардың аз саны пайда болатын өнімдерді шығару процесі. Қалдықсыз технология белгілі бір өндіріс кешенінің немесе цехтың жарамсыз қалдықтары келесі бір өндіріс кешеніне немесе сол өндірістің келесі цехына шикізат болып келетін тұйық жүйе. Адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктері белгілі. Олар: ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз технологияны енгізу, ортаның ластануын барынша азайту, су шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін өндірістік суды тазартып, қайта пайдалану; топырақтың ылғал жинауына және ауадағы атмосфералық газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру, жылу мен энергияны табиғи көздерден өндіру, жаңа технологиялық әдістерді кең пайдалану. Энергияның альтернативті экологиялық таза көздерін қолдану. Адамзаттың өркендеуі үшін энергия маңызды орын алады. Энергияға деген сұраныс жыл сайын кемімесе артуда. Ал ол ресурстар таусылудың аз-ақ алдында тұр. Одан шығудың тек екі жолы ғана бар: энергия ресурстарын тиімді пайдалану немесе қалпына келетін альтернативті энергия көздерін пайдалану. Алғашқы адам қазіргі адам пайдаланатын энергияның тек 1 пайызын ғана пайдаланған. 1960-шы жылдары адамзат қазір біз пайдаланатын энергияның тек жартысын ғана пайдаланған. Әлемде өндірілетін коммерциялық энергияның 80 пайызын бай мемлекеттер пайдаланады. Қазіргі таңда адамзат энергия қорына қаншалықты тәуелді екенін байқай бермейді.
Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады. Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады, ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады. Олар: қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет. Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады; биосфераны оптимизациялау; табиғатты пайдалануды оптимизациялау. Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшін мемлекеттік дәрежеде шешу жолдары; шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі; жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы; өндірісті шоғырландыру; өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру – қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.
Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады. Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды. Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде, адамға оны тиімді пайдалану бұл өзінің болашағы үшін қажетті. 
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғи ресурстар туралы жалпы мәлемет беріңіз?
2. Қазіргі таңдағы қолданылатын технологияларды сипатта?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет