Машанова Алмагуль Сериковна 1997 жылдан бастап осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп, 2000 жылдан бастап тарих мамандығына байланысты тарих пәнінен сабақ



бет8/8
Дата26.05.2022
өлшемі169,23 Kb.
#35642
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
0006aaf4-ab80072c

« Ақжар орта мектебі м ектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Машанова Алмагуль Серікқызының шығармашылық есебі


Мен « Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тарих пәнінен сабақ беріп келемін. Педагогикалық өтілім 20 жыл, осы жылдар ішінде өз пәніңді сүюден, оны шәкірттердің бойына дарыта білуден артық ештеңе жоқ екеніне көзімді жеткіздім.
Елімізде болып жатқан іргелі-іргелі өзгерістер мен қайта жаңғырулар оның білім мен тәрбие беру жүйесіне де түбірлі өзгерістер мен мақсаттар әкелді.
Технология оқытуды ізгілендіруге, жеке тұлғаның еркіндігі мен таңдауы, қалауына жол ашады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім-оқушы, яғни алдыңғы орында мұғалім іс-әрекеті жетекшілік етсе, технологияда оқушы-мұғалім, яғни оқушының білімді өз іс-әрекетімен, белсенділігімен алу жүзеге асады.
Әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелірі арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009). Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсінуі қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Ол оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс-әрекетіне түрткі жасайды, оны дәстүрлі оқытудағы өнімсіз еңбектен босатады. Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді. Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады, яғни өз беттерімен орындалатын шығармашылық тапсырмаларға ерекше назар аударылады.
Білім беру ісінде жаңғырулар мен жаңарулар жүріп жатқан кезеңде сабаққа қойылатын талаптар да өзгерді. Ең бастысы:
-оқушылардың білімді өз беттерімен алуы, оларды іздендіру, зерттеу, шығармашылық жұмыстарға баулуды ойластыру;
-білімді жеке тұлғаға бағыттай беруді мақсат ету;
-сабақты құзырлылық тұрғысында ұйымдастыру;
-инновациялық технологиялардан іздену.
Осы орайда мен оқушыларға сапалы білім беруде «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша жұмыс атқарып жүрмін. Оқушылар білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде тиімді пайдалана білу керек деген қағидамен сабақ жоспарын құрғанда міндетті түрде қандай нәтижеге қол жеткізуге болады, соған болжам (прогноз) жасап отырамын. Өзім сабақ беретін сыныптарда күнделікті сабақта Кембридждік әдіс-тәсілдерді қолданып, 7 модульді кіріктіре отырып, сабақты қызықты әрі тыңғылықты өткізуге тырысамын. Оқушылар осы әдістерге икемделіп, сабақтың мақсатын өздері қоя білуге, жаңа сабаққа алдын-ала дайындалу (презентация жасап келу, суреттер табу, АКТ-ны пайдаланып қосымша мәліметтер іздеу) сияқты жұмыстарды атқаруға дағдыланып қалды. Осы тәсілмен бірінші жыл жұмыс істеп жүрмін. Соған қарамастан, оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеу, постермен жұмыс және басқа да әр түрлі деңгейдегі шығармашылық жұмыстарды орындауға үйреніп алды.
Өз жұмысымның нәтижесі ретінде оқушыларымның жетістіктерін дәлел ретінде көрсеткім келеді. 2014 жылы халықаралық интеллектуалды ойын жарысы «Золотое Руно» конкурсында 7-сынып оқушылары Ахметбаева Диана мен Көшімбаев Мирас 1 орынды иеленді. 2015 жылы «Дарын» Республикалық Ғылыми –Практикалық орталығы Оралбаева Ділназ І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Деңгейлік курста алған білімімді басқа ұстаздармен бөлісу мақсатымен мектепте «Оқыту мен оқу үдерісіндегі сындарлы оқытудың тиімділігі» тақырыбында семинар өткіздім. Мектептегі салтанатты жиында баяндама оқыдым.
Сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих факультеті, Инновациялық технологиялар және толентарлық білім беру орталығының ұйымдастыруымен материалым жарық көрді, «Білім көкжиегі» Республикалық әдістемелік журналда сабақ жоспарым, «Инфоурок» сайт беттерінде коучинг жоспарларым жарияланды.
2013жылы «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығынан «Тарих пәнін оқытуда құзіреттілікті дамытудың әдістемелік негіздері» бағдарламасы бойында бітіріп шықтым.
2014 жылы»Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығынан» «Дінтану негіздері» курсының теориясы мен әдістері тақырыбында біліктілігімді арттырдым.
2015 жылы Талдықорған қаласындағы біліктілікті арттыру шеберлік орталығында деңгейлік курстың бағдарламасы бойынша І(ілгері) деңгей курсын оқып келдім.
Қорыта келгенде, инновациялық технологияларды таңдай отырып, пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізудегі ең басты тиімділігі - оқушылардың дербес ізденісіне, білімді өз бетімен алуына пәрменді ықпалы, шығармашылық ойлауын жетілдіруі, олардың қабілеті, дарынын, шығармашылық бейімін дамытуға түрткі жасауы, шығармашылық тұлға қалыптастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан-жақты дамытуы, оқушылардың өзін-өзі тануы мен "Мен" менталитетін жетілдіруге жағдай жасауы, ғылыми ізденіске, ғылыми еңбекке баулуы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет