Массасы m шар v жылдамдықпен тегіс горизонталь жазықтықпен қозғалып, тыныштықта тұрған тура сондай шарға соқтығысады. Соқтығыстан кейін шарлар бір дене болып қозғалады. Соқтығыстан кейінгі шарлардың қорытқы импульсі қандай?Ж: 0
Массалары m және 3m екі шар бір бағытта 2v және v жылдамдықпен қозғалып келеді. Бірінші шар екінші шарға соқтығысып, жабысып қалады. Соқтығыстан кейінгі шарлардың қорытқы импульсі қандай?Ж: 5mv
Төменде суретте көрсетілгендей массасы 30 кг бала 4 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 25 кг арбаша үстінде тұр. Егер бала арбашадан 6 м/с жылдамдықпен оның қозғалысына қарсы бағытта секірсе, арбашаның жылдамдығы неге тең болады?
Массалары бірдей m болатын шарлар тегіс жазық бетте модульдері бірдей v жылдамдықпен қозғалып келеді. Соқтығысқаннан кейін шарлар жабысып қалады. Соқтығысар алдындағы және соқтығысқаннан кейінгі жүйенің қорытқы импульсі қандай?
Төмендегі суретте көрсетілгендей массасы 2 кг дене 10 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқанда оған массасы 0,1 кг оқ 100 м/с жылдамдықпен тиіп, одан 80 м/с жылдамдықпен ұшып шығады. Дененің жылдамдығы неге тең?
Массасы 35 кг бала 4 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп тыныштықта тұрған массасы 35 кг платформаға секірді. Платформаның баламен бірге қозғалғандағы жылдамдығы қандай?
Массасы 2 кг доп 20 м/с жылдамдықпен үйкеліссіз горизонталь бетпен қозғалып, төмендегі суретте көрсетілгендей денемен серпімсіз соқтығысады. Егер олар соқтығыстан кейін бірге қозғалатын болса, олардың жылдамдығын анықтаңыз.
Массасы 2 кг доп 4 м/с жылдамдықпен үйкеліссіз горизонталь бетпен қозғалып, төмендегі суретте көрсетілгендей денемен серпімсіз соқтығысады. Егер олар соқтығыстан кейін бірге қозғалатын болса, олардың жылдамдығын анықтаңыз.
Төменде суретте көрсетілгендей екі дене бір-бірімен соқтығысады. Егер олардың соқтығысы абсолют серпімді болса, соқтығыстан кейінгі m2 дененің
Екі арбаша массалары m және 3m бір бағытта сәйкесінше жылдамдықтары v және 3v қозғалып бара жатыр. Абсолют серпімсіз соқтығыстан кейін арбашалардың жылдамдығы қандай болады.
Төменде суретте көрсетілгендей m1 дене m2 денемен соқтығысады. Егер m2 дене соқтығыстан кейін u=3 м/с жылдамдықпен қозғалса, m2=?