Поезд 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Егер будың берілуін тоқтатсақ, онда поезд бір қалыпты баяу қозғала отырып, 20 сек. өткеннен кейін тоқталды. Мыналарды: 1) поездің теріс үдеуін, 2) аялдамаға дейін будың берілуін қандай қашықтықта тоқтату керектігін табу керек
Поезд 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Егер будың берілуін тоқтатсақ, онда поезд бір қалыпты баяу қозғала отырып, 10 сек. өткеннен кейін тоқталды. Мыналарды: 1) поездің теріс үдеуін, 2) аялдамаға дейін будың берілуін қандай қашықтықта тоқтату керектігін табу керек
Массасы 1000 кг дене 15 м/с жылдамдықпен радиусы 75 м болатын шеңбер бойымен қозғалыс жасайды. Денеге әсер ететін күш неге тең?
Массасы 2000 кг дене 30 м/с жылдамдықпен радиусы 50 м болатын шеңбер бойымен қозғалыс жасайды. Денеге әсер ететін күш неге тең?
Массасы 5 кг мылтықтан массасы 0,005 кг оқ 600 м/с жылдамдықпен ұшып шығады. Мылтықтың тебу жылдамдығын анықтаңыз
Вертикаль жоғары лақтырылған дене қайтадан жерге 3 с-та түседі. Дененің бастапқы жылдамдығын, дененің қандай биіктікке көтерілгенін анықтау керек. Ауаның кедергісін есепке алынбайды
Вертикаль жоғары лақтырылған дене қайтадан жерге 2 с-та түседі. Дененің бастапқы жылдамдығын, дененің қандай биіктікке көтерілгенін анықтау керек. Ауаның кедергісін есепке алынбайды
Массалары 2 кг және 1 кг болатын екі жүк өз ара жіппен жалғастырылып салмақсыз блоктан асырылып тасталынған. Жүктердің қозғалатын үдеулерін, жіптің керілу күшін табыңыз.
Массалары 1 кг екі жүк өз ара жіппен жалғастырылып массасы 1 кг болатын блоктан асырылып тасталынған. Жүктердің қозғалатын үдеулерін, жіптің керілу күшін табыңыз.
Газдың молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с, қысымы 50 кПа. Осы газдың тығыздығын табыңыз.
1 г су буының ішіндегі молекуланың саны қанша?
12 г оттегіне, қысым тұрақты болған жағдайда оны 50 градусқа дейін қыздыру үшін, қанша жылу мөлшерін беру керек?
Қалыпты қысымда тұрған және температурасы 20 оС болғанда 10 г оттегі қандай көлемді алады?
Қалыпты қысымда тұрған, көлемі 820 см3 болатын 2 г азоттың температурасы қандай?
Идеал жылу машинасы Карно циклы бойынша жұмыс жасайды. Бір циклда 300Дж жұмыс жасалды, суытқышқа 320 Дж жылу берілді. Пайдалы әсер коэффициенті қандай?
Идеал жылу машинасы Карно циклы бойынша жұмыс жасайды. Бір циклда 500Дж жұмыс жасалды, суытқышқа 520 Дж жылу берілді. Пайдалы әсер коэффициенті қандай?
Идеал жылу машинасы Карно циклы бойынша жұмыс жасайды. Бір циклда 600Дж жұмыс жасалды, суытқышқа 620 Дж жылу берілді. Пайдалы әсер коэффициенті қандай?
Сыйымдылықтары С=0,5 мкФ болатын 5 конденсатор тізбектей жалғанған. Толық сыйымдылықты табу керек.
Сиымдылықтары С=1 мкФ болатын 5 конденсатор параллель жалғанған. Толық сыйымдылықты анықтау керек
Сиымдылықтары С=1 мкФ болатын 3 конденсатор параллель жалғанған, одан кейін 2 конденсатор тізбектей жалғанған. Толық сыйымдылықты анықтау керек
Кедергісі 0,5 кОм болатын 5 өткізгіш тізбектей жалғанған. Толық кедергі мәнін табыңыз
Кедергісі 1кОм болатын 5 өткізгіш параллель жалғанған, толық кедергіні анықтау керек
Кедергісі 1 кОм болатын 5 өткізгіштің үшеуі параллель, одан кейін екеуі тізбектей жалғанған, толық кедергіні анықтау керек
Өткізгіш э.қ.к. 12 В және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне қосылған. Өткізгіштен күші 3А ток өтеді. Өткізгіштің электр кедергісі
6 с уақыт аралығында ток күші 0-ден 4 А-ге дейін біркелкі артатын өткізгіштегі оның көлденең қимасы арқылы өткен электр заряды қандай?
Сиымдылығы 800 нф конденсатордан және индуктивтілігі 2мкГн катушкадан тұратын тербелмелі контур берілген.Контурдың меншікті тербелістерінің периоды қандай?
Орамы 500, диаметрі 10 см катушка магнит өрісінде тұр. Егер магнит өрісінің индукциясы 0,1 сек ішінде 0-ден 2 вб/м2-ге дейін өседі десек, осы катушкадағы индукцияның э.қ. күшінің орташа мәні неге тең болады?
Ұзындығы 20 см сымнан дөңгелек формалы контур жасалынған.Индукциясы 100 Гн болатын біртекті магнит өрісінде тұрған әр контурға әсер ететін күштің айналдырушы моментін табу керек. Контурдан өтетін ток күші 2 А. Әр контурдың жазықтығы магнит өрісінің бағытымен 45 градус бұрыш жасайды.
Ауданы 6,1 см2 пештің саңылауынан 1с ішінде 1000 Дж жылу шығатыны белгілі деп есептеп, пештің температурасын анықтау керек. Сәуле шығаруды абсолют қара дененің сәуле шығаруындай деп есептейміз.
Электронның кинетикалық энергиясы толқын ұзындығы 520 нм фотонның энергиясына тең болуы үшін ол қандай жылдамдықпен қозғалуы тиіс.
Егер рентген сәуле шығаруда 60 градус бұрышта графитпен комптондық шашырау кезінде шашыраған сәуленің толқын ұзындығы 25,4 пм-ге тең болса, онда рентген сәулесінің түскен кездегі толқынның ұзындығы қандай?
Көлденеңі 2,5 см дифракциялық тордың тұрақтысы 2 мкм - ге тең. Екінші ретті спектрегі сары сәулелер 600 нм аймағында осы тордың шешетін толқын ұзындықтарының айырмасы қандай?
1 млн .атомдардан бір тәуліктің ішінде қанша полония атом ыдырайды?
Кинетикалық энергиясы: 1) 10 кэВ және 2) 1 МэВ – ке электрон үшін берілген де - Бройльдың толқын ұзындығын табу керек
Толқын ұзындығы 50нм фотонның массасын және энергиясын анықта
Абсолют қара дененің сәуле шығаруының қуаттылығы 34 кВт - қа тең. Осы дененің бет ауданын 0,6 м2-қа тең деп алып, оның температурасын табу керек
Абсолют қара дене Т1=29000 K температурасында тұр. Осы дененің сууы нәтижесінде, оның энергетикалық жарқырауының максимум спектрлік тығыздығы сәйкес келетін толқын ұзындығы Δλ=9 мкм –ға өзгерді. Дене қандай Т2 температураға дейін суыды
Толқын ұзындығы λ=1,24 пм, фотонның массасын және импульсын анықта?
Металлға толқын ұзындығы 330 нм жарық түседi. Бұл кезде электрондардың алатын максималды кинетикалық энергиясы 2,8 эВ. Электрондардың металлдан шығу жұмысын анықтау керек.
Калийге толқын ұзындығы 330 нм жарық түседi. Электрондар үшiн тежеушi кернеудi табу керек. А= 3,2 эВ
Литий үшiн фотоэффектiнiң қызыл шекарасын табу керек. А= 3,84 эВ
Фотонның массасы электронның тыныштығы массасына тең болу үшін оның энергиясы қандай болу керек
Толқын ұзындығы 240 нм жарық үшін фотоэффекттің қызыл шегін анықта