Массасы 5,4 кг -ға тең алюминий құймада заттың қандай мөлшері бар?
Дата 25.11.2023 өлшемі 20,46 Kb. #126654
Байланысты:
Үй жұмысы қосымша 3
Қосымша 3
І-топ тапсырмалары:
Массасы 5,4 кг –ға тең алюминий құймада заттың қандай мөлшері бар?
Азот молекуласының массасы неге тең? Азоттың мольдік массасы 0,028 кг/моль.
Бұйымның 20 см3 бетіне 1 мкм күміс жалатылды. Осы қабатта күмістің неше атомы бар? Күмістің тығыздығы 10,5 103 кг/м3
Жауаптары 1-есеп : 200 моль. 2-есеп: 4,65 -26 кг. 3-есеп: 1,2 1020
І-топ. Дескрипторлар
1-есеп
Менделеев кестесі арқылы алюминийдің мольдік массасын анықтайды.
Өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіреді.
Зат мөлшерінің формуласын қолданып зат мөлшерін есептейді.
1
1
1
2-есеп
Мольдік масса және Авогадро саны арқылы бір молекуланың массасын анықтайтын формуланы жазады.
Азоттың бір молекуласының массасын есептейді.
1
1
3-есеп
Өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіреді.
Күмістің көлемін есептейді.
Күмістің массасын есептейді.
Менделеев кестесі арқылы күмістің мольдік массасын анықтайды.
Бұйымдағы күмістің атомдар санын есептейді.
1
1
1
1
1
ІІ-топ тапсырмалары:
Судың мольдік массасы 0,018 кг/моль. Судың бір тамшысында 1020 молекула бар. Тамшының массасын табыңдар.
500 моль көмірқышқыл газының массасы неге тең?
1 кг судағы зат мөлшерін анықтаңыз.
Жауаптары: 1-есеп: 3 10-6 кг. 2-есеп: 22 кг. 3-есеп: .
ІІ-топ. Дескрипторлар
1-есеп
Судың мольдік массасы және Авогадро саны арқылы судың бір молекуласының массасын анықтайды.
Тамшының массасын анықтайды.
1
1
2-есеп
Менделеев кестесі арқылы көмірқышықыл газының мольдік массасын анықтайды
Зат мөлшері және мольдік масса арқылы массаны анықтайды.
1
1
3-есеп
Судың химиялық формуласын жазады.
Менделеев кестесі арқылы судың мольдік массасын анықтайды
Судағы зат мөлшерін есептейді.
1
1
1
ІІІ-топ тапсырмалары:
Көлемі 0,02 см3 зәйтүн майының тамшысын су бетіне тамызғанда , ол қандай ауданға жайылды? Майдың бір молекуласының диаметрі 1,7 10-7 см.
1 м3 мыстағы атом санын табыңыз. Мыстың мольдік массасы 0,0635 кг/моль, ал тығыздығы 9000 кг/м3
10 г оттегіндегі молекулалар саны неге тең?
Жауаптары: 1-есеп: 11,8 м2 . 2-есеп: 8,5 1026 . 3-есеп: 26
ІІІ-топ. Дескрипторлар
1-есеп
Зәйтүн майының бір моекуласының диаметрі және тамшының көлемі арқылы мйдың су бетіне жайылған ауданын анықтайды
1
2-есеп
Мыстың массасын анықтайды
Мыстың бір молекуласының массасын анықтайды.
Мыстағы атомдар санын анықтайды.
1
1
1
3-есеп
Оттегінің химиялық формуласын жазады.
Менделеев кестесі арқылы оттегінің мольдік массасын анықтайды
Молекулалар санын есептейді.
1
1
1
Барлық топқа бағалау критерийлері:
Физикалық шамаларды ХБЖ-не түрлендіре алады.
Менделеев кестесін пайдаланып , заттың мольдік массасын анықтай алады.
Молекулалар санын, молекуланың массасын, зат мөлшерін , массаны есептеу формулаларын қолдана алады.
Дұрыс математикалық есептеулер жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: