Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына-2 сағат, жылына 72 сағат
БЖБ саны-5; ТЖБ саны -4 Оқулық: В.А. Смирнов, Е.А. Тұяқов
Геометрия 11 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) Түсінік хат Ұзақ мерзімді жоспар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 34 тармағына сәйкес; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен ( соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықпен енгізілген )бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты, «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы);«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы) бекітілген оқу басылымдары негізінде құрылған
Геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тəрбиелеуде келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелді. ) осы бұйрыққа 106-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Геометрия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
1) логикалық ойлауды одан əрі дамыту;
2) тұрақты кеңістіктік түсініктерді жəне кеңістіктік елестерді дамыту;
3) кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;
4) геометриялық білім негізінде практикалық жəне математикалық іс-əрекеттер дағдыларын дамыту;
5) бейнелік ойлауды жəне функционалдық сауаттылықты дамыту;
6) графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту;
7) геометрия тарихы жəне оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына əсерімен таныстыру арқылы тұлғаның мəдениетін тəрбиелеу.
6. Көрсетілген мақсаттарға сəйкес оқытудың келесі міндеттері шешілуі тиіс:
1) кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
3) кеңістіктік фигуралардың кескіндерін жəне осы кескіндерде қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту;
4) сызбалардағы кескіндері бойынша жазық жəне кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту;
5) кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру;
6) геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру;
7) есептеуге жəне дəлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту;
8) геометриялық есептерді шешуде алгебраны жəне тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;
9) нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту;
10) практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық əдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру.
6. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы геометрия курсының негізгі мазмұндық-əдістемелік бағыттары:
1) геометриялық фигуралар жəне олардың қасиеттерінің бағыты;
2) векторлық-координаталық бағыт;
3) шамаларды өлшеу бағыты;
4) функционалдық бағыт.
7. 10-11 сынып геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) жəне олардың қасиеттерімен танысады.