Математика есептерін шығару әдістері(мәтіндік есептер) Алдасугуров Еркебулан


Есепті шешу бірнеше кезеңнен тұрады



бет2/5
Дата30.03.2023
өлшемі19,69 Kb.
#77456
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
Математика есептерін шығару әдістері(мәтіндік есептер) АлдасуÐ

Есепті шешу бірнеше кезеңнен тұрады:

- есептің мазмұнымен танысу.

- есептің шарты және талабын түсіну, шартта көрсетілген элементтерді игеру

- қажетті ес жүйесіне керек ақпаратты іздестіру.

- білетін білім мен тәжірибені пайдаланып, шарты мен қорытындысының сәйкестігін айқындау.

- есептің шешу жоспарын анықтау.

- берілген және ізделінді тәсілдер арқылы есептің бірнеше тәсілін қарастыру. - есепті белгілі тип түріне негіздеу.

- берілген есепті шешудің ең тиімді жолын таңдау.

Жалпы мәтінді есептерді көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады:

- арифметикалық тәсіл – бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді.

  • алгебралық тәсіл – мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады.
    Арифметикалық тәсіл есепті талқылай білуге, өз ойын анық және нақты айта білуге үйретеді. Ал алгебралық тәсілде есеп математика тіліне аударылып, оның математикалық моделі жасалады.


1 есеп. Екі санның қосындысы 20, бірінші сан екінші саннан 4-ке артық. Осы сандарды табыңдар.

Бұл есепті арифметикалық тәсілмен шығару үшін үлкен санды кіші санға дейін кішірейту немесе кіші санды үлкен санға дейін арттыру тәсілі қолданылады.

Есептің шартын схема түрінде беруге де болады:

Талқылау.

1-тәсіл. Егер екі санда кіші санға тең болса, онда олардың қосындысы 4-ке кем болар еді, яғни 20-4=16. Сондықтан кіші сан 16:2=8, ал үлкен сан 8+4=12.

2-тәсіл. Егер екі санда үлкен санға тең болса, онда олардың қосындысы 4-ке артық болар еді, яғни 20+4=24. Сондықтан үлкен сан 24:2=12, ал кіші сан 12-4=8.

3-тәсіл. Логикалық тәсіл. Егер екі санның қосындысы мен олардың айырмасын қосатын болсақ, онда екі еселенген үлкен санға тең болады: (а+b)+(a-b)=2a



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет