Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым


Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі



бет5/27
Дата11.09.2022
өлшемі2,51 Mb.
#38830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі

Мұғалім үшін оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық-бағдарлық мәселелері, оқушы деңгейіндегі ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдістері, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсілдері, оқытудың негізгі бөлімдері ретінде қарастырылуда.


Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы.
Елбасымыз өз Жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы кабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды кұралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеггіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп айқын атап көрсетті.
Еліміздің мәртебесінің биік болуы коғам мүшелерінің, келешек ел болашағы - жас ұрпактың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де қанық ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылып отыр. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап - оның сапасын арттыру.
Орта білім берудің мақсаты - жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс, адамгершілікті-жауапты дербес шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. (Қазакстан Республикасының 2015 жылына дейін білімді дамыту тұжырымдамасы).
Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу - бүгінгі ұстаздардың жауапты істері болу керек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін бүгінгі күн талабы - оқытудың жана технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғылымдық коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленген.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдітердің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер койып отыр.
Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологиялардың үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ал оларды даярлау үшін қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын пайдалану керек. Мұндай технологиялар қатарына «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы. М. Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы». Е.И. Пассовтың «Коммуникативтік технологиясы». Ж.А. Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясы» және т.б. жатқызуға болады.
Модуль - оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу - таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы.
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы:
- оқытудың жалпы мақсатын қою;
- жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
- окушылардың алдын-ала білім деңгейін бағалау:
- оқу әрекетінің жиынтыгы;
- нәтижені багалау.
Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі - оқушылардың танымдық қызметін артырады. Әрбір оқушының әр сабақта үш күрделірек деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу. көру. айту мүмкіндігі болатындай етіп кұрылады. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге карай кезең-кезеңмен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға, сонымен бірге бұл технология бойынша тұлғананың психикалық қасиеттері, оның жеке өзіндік өзін қанағаттандыратын қызметі сабақ барысында қалыптаасды. Оқушыны оқыту мен дамыту өзара күрделі процестер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет