10.Айырманың мәнін табыңыз:
A. 1010 B. 505 C. 1011 D. 595 E. 605
2 ұпаймен бағаланатын есептер 11. Екі қоңыраулы сағаттың 25 минут қалып қалған біріншісі 7 сағ 40 минутты көрсетіп тұрған. Егер екінші сағат 15 минут озып жүрген болса, ол қазір неше сағатты көрсетер еді?
А. 7 сағ 25 мин. В. 7 сағ 55 мин. С. 8 сағ 5 мин. D. 8 сағ 20 мин. Е. 7 сағ 35 мин.
12. Ең кіші бес таңбалы сан алу үшін 2019 санының қандай екі цифрының арасына 5 цифрын қою керек?
А. 2 мен 0 В. 1 мен 9 С. 0 мен 1 D. 2019 санының соңына Е. 2 мен 1
13. Әлия қос таңбалы екі санның айырмасын есептеп, сонан соң сол есептің жазбасындағы цифрларлың екеуін бояп тастады. Боялған цифрлардың қосындысы неге тең?
A. 8 B. 9 C. 12 D. 13 Е. 11
1 4. Төрт теңқабырғалы үшбұрыш пен квадраттан жұлдыз құралған. Квадраттың периметрі 36 см. Жұлдыздың периметрі қандай?
A. 144 см B. 120 см C. 104 см D. 72 см Е. 130 см
15. Егер тізбектес бес санның қосындысы 2020 болса, онда олардың ең үлкенінің мәні:
А. 404 В. 405 С. 406 D. 502 Е. 506
16. Сыныпта 25 оқушы бар, олардың жастарының орташасы - 13 жас. Егер сынып жетекшісінің жасын қоссаңыз, онда барлығының жастарының орташасы 14 жас болады. Сынып жетекшісі неше жаста?
A. 41 B. 35 C. 39 D. 44 E. 36
17. Цифрларының қосындысы 2020-ға тең болатын ең кіші натурал сан қанша цифрдан тұрады?
A. 225 B. 222 C. 224 D. 226 E. 223
18. Қырлары 3 см, 4 см және 5 см болатын, металлдан жасалған кубтар балқытылды да, бір жаңа куб құйылды. Жаңа кубтың қыры қаншаға тең?
A. 7 см B. 8 см C. 6,5 см D. 6 см E. 7,5 см
19. Велосипедші 0,3 км/мин жылдамдықпен жүріп келе жатыр. Егер ол жылдамдығын 100 м/мин-қа арттырса, онда оның жылдамдығы қаншаға тең болады?
A. 25 км/сағ B. 15 км/сағ C. 18 км/сағ D. 22 км/сағ E. 24 км/сағ
2 0. Қыры 1 см-ге тең кубтың барлық жақтарын бояу үшін 6 грамм бояу қажет болды. Қыры 2 см-ге тең алты кубты суретте көрсетілгендей бір-біріне желімдеді. Осы фигураны бояу үшін қанша бояу қажет болады?
A. 104 грамм B. 124 грамм C. 128 грамм D. 132 грамм E. 144 грамм
баллмен бағаланатын есептер
21. Телефонның паролі 3-ке бөлінетін цифрлардан құрастырылған және ол цифрлар қайталанбайды. Телефонды блоктан шығарардың алдында ең көп дегенде қанша әртүрлі әрекет жасалуы мүмкін?
A. 20 B. 4 C. 6 D. 24 E. 23
22. Арлан үйден Айарудан 10 минут кеш шықты, бірақ Арланның жылдамдығы Айарудың жылдамдығынан екі есе артық. Арлан Айаруды қанша минуттан кейін қуып жетеді?
A. 20 B. 10 C. 5 D. 15 E. 18
23. Бір сағатта станок 100 6-метрлік тақтайды ұзындығы 2 м бөліктерге бөледі. Осы станокпен 50 8-метрлік тақтайды 2 м бөліктерге бөлу үшін қанша уақыт керек?
A. 20 минут B. 40 минут C. 45 минут D. 30 минут E. 1 сағат
24. Жас жігіт келесі шартпен курьер болып жұмыс істеуге келісті, жылдың соңында ол «Peda Timax 150» мопедін және 1600$ алады. Бірақ 8 айдан кейін ол жұмыстан кетпекші болды, төлемін алатын кезде ол «Peda Timax 150» мопедін және 600$ алды. «Peda Timax 150» мопеді қанша тұрады?
A. 1000$ B. 1200$ C. 1800$ D. 1400$ E. 800$