25. Жетіге бөлгенде 3 қалдық беретін қанша үштаңбалы сан бар?
A. 129 B. 142 C. 143 D. 128 E. 152
26. Рауан сегіз ағасымен селфи жасады. Сегіз ағасының әрқайсысы екі немесе үш фотосуретте болды. Әр фотосуретте дәл 5 ағасы бар. Рауан қанша селфи жасады?
А. 3 B. 4 С. 5 D. 6 Е. 7
27. Дильназ беттері рет-ретімен нөмірленген кітапты оқып отыр. Осы беттердің нөмірлерінде 0 саны дәл бес рет, ал 8 саны дәл алты рет кездеседі. Соңғы бетте қандай нөмір болуы мүмкін?
А. 50 B. 58 С. 60 D. 68 Е. 56
28. Стаканда бактериялар бар, 1 секундтан кейін стаканның ішіндегі әр бактерия екіге бөлінеді, тағы бір секундтан кейін ішіндегі әр бактерия тағы да екіге бөлінеді, солай жалғаса береді. Бір минутта стакан толады, қанша секундтан соң стакан жартылай толы еді?
А. 30 B. 59 С. 60 D. 1 Е. 31
29. Есептеңіз 1 + 4 + 7 + 10 + 13 +………+ 94 + 97 + 100 = ?
А. 5050 B. 3131 С. 1717 D. 2020 Е. 4343
30. Шегіртке түзу сызықпен алға 80 cм немесе артқа 50 см секіреді. Бастапқы орнынан 1 метр 70 см ге жылжу үшін қанша рет және қай бағытта секіруі керек?
А. 6 рет алға B. 1 рет алға, 6 рет артқа С. 5 рет алға, 2 рет артқа
D. 3 рет алға, 4 рет артқа Е. Жоғарыдағылардың ешқайсысы емес