Математика пәнінен 5 «Б» класына өткізілген «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу» тақырыбындағы ашық сабақтың рефлексивтік есебі. Мектебімізде өткізілген "ИФМ" бірлестігінің апталығында алгебра пәнінен 21 ақпан күні 5 «Б» сыныбына ашық сабақ өткіздім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақты бастамас бұрын оқушылармен амандасып, ынтамақтастық атмосферасынын қалыптастырдым. Оқушыларды топқа бөлмес бұрын, оқушыларды сабаққа дайындадым. «Random Generator» арқылы үш топқа бөлдім.
«Қайталау –білімнің анасы» демекші жаңа тақырыпқа көшпес бұрын алдыңғы білімге шолу жасап өттім. Ол үшін «LearningApps» платформасы арқылы, оқушыларға сұрақтар бердім және балалардың берген жауабы бойынша жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. Сұрақтарға жауап берген оқушылар «Мадақтау» әдісімен бағаланды.
Мен әрбір сабағымда ең бірінші сабаққа қойылатын мақсатқ үлкен мән беремін. Мақсат дұрыс қойылғанда ғана, сабағыңыздан күтілетін нәтижеге апарар ең нәтижелі жол болып табылады. Сол себепті оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстырдым. Жаңа тақырып ашылған соң оны оқушыларға түсіндіріп, мысалдар арқылы көрсетіп, кері байланыс ретінде есептер бердім.
Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергеніне көз жеткізген соң, оларға топтық жұмыс тапсырмасын ұсындым. Ол үшін «Joyteka» платформасы арқылы ноутбуктерді пайдаланып, әр топқа жаңа тақырыпқа байланысты есептер бердім. Берілген уақыт ішінде үш топ өз есептерін орындап, дұрыс жауаптарымен салыстырып, кеткен қателіктерге түзету енгізді. Білім алушылар «Топты бағалау»әдісі арқылы бағаланып, «Бағалау парағына» белгіленді.
«Эстафеталық жарыс». Оқулықтағы берілген №702, №703 есептерді жарыса отырып, тез әрі дұрыс орындау тапсырылды. Бірінші орындаған оқушы есептің шығарылу жолы мен жауабын тақтаға жазды. Осы тапсырма арқылы оқушыларға тақтамен жұмыс жасаттым және жаңа тақырыпты қай оқушы қаншалықты деңгейде меңгергендігін анықтай алдым. Білім алушылар «Өзіңді бағалау»әдісі арқылы бағаланды. Бұл бағалау әдісі оқушының өзін әділ бағалап, білім деңгейін анықтауға септігін тигізеді.
«Бекіту тапсырмасы». Бүгінгі сабақты бекіту мақсатында, тақырып бойынша тест тапсырмаларын бердім. Берілген тапсырманы әрбір оқушы жеке орындап шықты. Оқушылар тестті орындап болған соң жұмыстарын өзара алмастырып, дұрыс жауаптары бойынша тексеріп, «Досыңды бағала» әдісі бойынша бағалады.
Рефлексия. Білім алушылар «Кері байланыс, қалташалары» арқылы сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын жазып, салды. Сонымен қатар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін қысқаша баяндап өтті.
Сабақтан кері байланыс (рефлексия).
Сабақта мұғалім тек қана лидер емес, ол керісінше стратег бола білуі керек. Сабақтың әрбір бөлімі, қалай, қашан, қандай дәрежеде өтетіндігі мұғалім жоспарлаған стратегияларға, әдіс-тәсілдерге байланысты. Мен бұл сыныпта дарынды және көшбасшы балалардың бар екендігіне болашақта олардың сандарының артатынына және оқушылардың өздігінен ақпаратты іздеп, сыни тұрғыдан ойлай алатындығына сенімім мол. Әрбір сабағымда диалогтік оқытудың атқаратын маңызы зор деп ойлаймын, себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп ортаға салу, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалатындығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарады.
Сабақтың қорытынды нәтижесі:тақырып бойынша ойын өзектендіре алды, тақырыпты өз бетінше тәжірибелер жасай отырып, зерттеулер жүргізе алды, өз ойын еркін жеткізе білді, сыныптастарымен қарым қатынас нығайды. Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастырытын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар мен құндылықтар, амал- тәсілдер мен көзқарастар бейімділіктің кешенді үйлесімі (Нұсқаулық, 16 бет) деп ойлаймын.
Алдағы уақытта нені өзгертуім керек: критериалды бағалауды әрбір сабаққа енгізу, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, уақытты тиімді әрі ұтымды пайдалану.