Математика пәннің оқыту әдістемесі


Математиканы оқытудың бір мақсаты



бет4/4
Дата28.10.2022
өлшемі72,14 Kb.
#46066
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1-апта практикалық сабақ

3.Математиканы оқытудың бір мақсаты

  • өмірлік-практикалық мақсат болып табылады.Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:1)Математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге физика,химия, сызу, ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәндерін оқып үйренуге пайдалана білу;2)Математикалық құралдармен аспаптарды қолдана алу немесе пайдалана білу;3)Шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.(оқулық, ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей алу);

Оқыту принциптері.

  • 1.Оқыту принципі ұғымы.
  • 2.Оқыту принциптер жүйесі.
  • 3.Оқыту принциптерін жүзеге асыру.

Математиканы оқыту процесін ұйымдастыруда оқушыларға білім беру мен тәрбиенің мақсаттарына сай оқыту заңдарын пайдалану тәсілдерін сипаттайтын дидактикалық категорияларды – дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Дидактикалық принциптер оқу мен тәрбиенің жұмысын қалай ұйымдастыруды және жетілдіруді қамтамасыз ететін нұсқауларды қамтиды. Педагогикада мынадай дидактикалық принциптер тағайындалған:

  • 1.Оқу мен тәрбиенің бірлігі.
  • 2.Оқытудың ғылымилығы.
  • 4.Жүйелілік бірізділік.
  • 5.Түсініктілік.
  • 6.Көрнекілік.
  • 7.Білімнің баяндылығы.

Бұл принциптер өзара тығыз байланысты. Әрбір принциптің математиканы оқыту процесінде қолданыс табатын маңызды қырларына тоқталайық.

  • 1.Оқу мен тәрбиенің бірлігі принцип математиканы оқыту өз бетінше жеке - дара жүргізілмей, шәкірттерге жан-жақты тәрбие беру функцияларын қатар атқаруға міндетті.Бұл туралы жоғарыда математиканы оқытудың мақсаттарын баяндау кезінде толық айтылады.
  • 2.Оқытудың ғылымилық принципі ең алдымен оқу программасында оқушыларда және мұғалімдерге арналған методикалық құралдарда жүзеге асырылатын бұл принциптің басты шарттары:
  • а) Білімнің мазмұны, ғылымның қазіргі деңгейге сай болуы;
  • б) Ғылыми танымның жалпы әдістері жайындағы оқушыларда дұрыс түсініктер қалыптастыру;
  • в) Таным процесінің маңызды заңдылықтарын оқушыларға көрсету болып табылады;
  • Бұл шарттар өзара тығыз байланысты, әрқайсысының алдынғысы келесісінің қажетті шарты болып табылады.
  • Бірінші шарты мектеп математикасының мазмұнын анықтайтын материалдың математика ғылымының бүгінгі деңгейіне барынша сай болса, ұғымдардың анықталуы мен сөйлемдердің тұжырымдалуы олардың мазмұнын дәл толық және дұрыс ашып беретіндей болса, алдәлелдеу үрдісі баянды және жүйелі жүргізілсе сонда ғана ғылымилық принцип орындалады.
  • Екінші шарт бойынша оқытудың ғылымилық принципі ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі және оқып үйренетін құбылыстарды математикалық модельдерін жасауды міндеттейді.
  • Үшінші шарт математика сабақтарында абстракциялау, нақтылау, анализ, синтез, индукция және дедукция, аксиоматикалық әдіс және таным заңдарын жүзеге асыруды жүктейді. Бұл шартты жүзеге асыруға математика пәнінің мүмкіндігі мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет