Сабақ өтікізу барысында тапсырмаларды топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыру оң нәтижесін берді: оқушылардың өзара ынтымақтасуы, өзара әрекеттесуі арқылы тақырыпты түсінуі, оқушылартақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырылды, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдері анықталды, білімге құштарлықты дамыдыжәне зерттеуге ынталандырылды, өз жауаптарына деген сеніділігі байқалып отырылды. Есептер шығару кезінде топпен жұмыс жасағанда білетін оқушылар есепті ортаға салып бірлесіп, пікірлесіп шығарып отырғанын байқадым. Есептердің критерийлерін жаза отырып шығарғанда алғашқыда көп ойланып уақыттарын алды, пікірлерін ортаға салу арқылы критерийдің не екенің түсінді. Есептің критерийін жазудағы мақсат есептің шешуде нені білу керектігін алдымен еске түсіру, керек анықтаманы көз жүгіртіп ойына салуда механикалық есте сақтау диалогі мен критерий жазу есеп шығару барысында бірге жүріп отырды. Алғашқыда критерий жазғанда есептің берілісіндегі шартын жазып ауытқулар болды, оны болдырмас үшін жетелеу сұрақтары арқылы бағыт беріп тұруды басшылыққа алдым. Бұл жерде мұғалімнің бағыт беруімен тапсырма жүйеге түсті. Тапсырмаларды қызықтырып бергенде, мысалы координаталық түзуде нүктелерді АКТ - ны пайдалану арқылы кескіндеу тапсырмасында соны есеп шығаруда қолдандырған кезде, АКТ – ға деген қызығушылығын артқанын және есепті шығарудағы тиімділігін көрдім.
Жеті модульмен жұмыс жүргізгенде өзгерісімнің тағы бірі бағалау. Өткізген сабақтарымда бағалау топтардағы көшбасшылардың бағалау және топ мүшелерінің өзін - өзі бағалауы болды. Дәстүрлі сабақта бағалау мұғалімге тәуелді болғандықтан алғашқы сабағымда алдымен лидердің бағалауын тыңдап және өзімнің бағамды ескеріп бағаладым.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес ойды шыңдау. Бұл жоба арқылы оқушылар берілген тақырып мазмұнына сын тұрғысынан қарап, өзіне қажеттісін, сапалы шешім қабылдауды, сұрақ қоя білуді, кез – келген сұраққа жауап іздеуді үйренеді, ойы дамиды. Бұл жобаның ерекшклігі сол, онда оқушының қызығушылығын арттыра отырып, қиялын дамыту үшін, «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады, оқушы өзінің ойын ашық әрі еркін айту арқылы ғана белгілі бір жетістіктерге жетеді. СТО жобасында жұмыс жеке, жұппен, топпен жүргізіледі. Мұғалім оқушыны білім алуға бағытталған іс – әрекетін бақылай алады, бағыт – бағдар береді.
Жеті модульмен жұмыс жүргізгенде жеткен жетістіктерім:
• Мәселенің ең негізгі түйінді табуға дағдыланды;
• Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренді;
• Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанды;
• Тақырыпқа деген жан – жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын
• одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалды;
• Ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселелеге терең барлауға бағыт берілді;
• Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланды;
• Оқушылардың шығармашылық белсендіктері және сын тұрғысынан
• ойлау әрекеттері бағаланды;
Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. СТО – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір – бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеуге, қиындықты женуге баулитын жоба.
Пайдаланылған әдебиет:
1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған, 2012 ж.