Математикада неше цифр бар ? А в с 10 d 11 е 12



бет2/2
Дата09.08.2023
өлшемі18,42 Kb.
#105133
1   2
Байланысты:
Мс тест2

ТЕСТ-2
1. Барлық беттерін нөмірлеуге 35 цифр қолданылған кітаптың
беттерінің санын анықтаңыз (нөмірлеу 1-беттен басталады).
A) 11 B) 32 C) 22 D) 16 E) 26
2. Кітап бетін нөмірлеуге 71 цифр қолданылды. Егер кітапты 3-
ші бетінен бастап нөмірлесе кітапта неше бет бар?
A) 39 B) 41 C) 43 D) 45 E) 47
3. Дәптердің бетін 1-ден бастап нөмірлеуге 87 цифр кеткен болса,
бұл дәптердің беттерінің санын табыңыз.
A) 48 B) 87 C) 36 D) 78 E) 24
4. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 181 цифр
пайдаланылды.Егер кітап бетін нөмірлеу 1-ден басталатын болса
осы кітапта барлығы неше бет бар екенін табыңыз?
A) 80 B) 105 C) 95 D) 100 E) 85
5. Кітап беттері 430 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері
оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше
бет болғаны?
A) 150 B) 155 C) 170 D) 175 E) 180
6. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері
оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше
бет болғаны?
A) 222 B) 225 C) 224 D) 221 E) 223
7. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 513 цифр
пайдаланылды.Егер кітап бетін нөмірлеу 1-ден басталатын болса
осы кітапта барлығы неше бет бар екенін табыңыз?
A) 108 B) 200 C) 207 D) 215 E) 205
8. Көркем әдеби кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 963 цифр
қолданылды. Егер кітап бетін нөмірлеу 1-ден басталатын болса
осы кітапта барлығы неше бет бар екенін табыңыз?
A) 258 B) 357 C) 481 D) 451 E) 267
9. Кітапың алғашқы беті 3 цифрымен нөмірленген. Оның 110 беті
неше цифрмен нөмірленген?
A) 245 B) 239 C) 230 D) 225 E) 220
10. Кітапың алғашқы беті 3 цифрымен нөмірленген. Оның 241
беті неше цифрмен нөмірленген?
A) 599 B) 607 C) 613 D) 621 E) 635
11. Арман 1 мен 1000-ды қоса алғандағы натурал сандарды
жазып шықты. Ол қанша цифр пайдаланды?
A) 1798 B) 1111 C) 2893 D) 1000 E) 1233
12. Оқулықтағы 150 есепті 1-ден бастап нөмірлегенде
пайдаланылған барлық цифрлар саны нешеу?
A) 156 B) 300 C) 333 D) 330 E) 342
13 . Натурал сандар қатарындағы 105-ші орында қандай цифр
жазылады?
A) 3 B) 4 C) 5 D) 6 E) 7
14. Кітапта 1108 бет бар. Барлық беттерді белгілеп шығу үшін
неше цифр қолданылады?
A) 3584 B) 3128 C) 3325 D) 3325 E) 3682
15. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 3017 цифр қолданылған
болса, кітап неше беттен тұрады?
A) 1056 B) 968 C) 1409 D) 1031 E) 1102
16. Жолда бір журналдың екі бетін тауып алдық. Оң жағында
41-бет, сол жағында 12-бет жазылған. Журнал неше беттен
тұрады?
A) 41 B) 43 C) 53 D) 45 E) 52
17. Бір газет парағында 4 бет болады. Өткенде газеттің бір
парағында 6-шы және 19-шы беттерінің болғанын көрдім.
Газетте неше бет бар?
А) 15 В) 20 С) 19 Д) 17 Е) 24
18. Ардақ мектептегі кітапхана қоймасын жинастырып, ескі
«Ұлан» газетінің қос бетін тауып алды. Егер қос беттің бір
жағында 4 екінші жағында 25 нөмірі тұрса, «Ұлан» газетінің
неше беттен тұрғанын анықтаңыз.
A) 32 B) 27 C) 29 D) 31 E) 28
19. Фариза кітапты ашқанда оң және сол жақ беттегі екі беттің
нөмірленген сандарының қосындысы 23-тен үлкен 27-ден кіші
сан екенін байқады. Ал олардың көбейтіндісі нешеге тең?
A) 132 B) 169 C) 182 D) 150 E) 156
20. Бекзат кітапты ашқанда оң және сол жақ беттегі екі беттің
нөмірленген сандарының қосындысы 31-ден үлкен 35-тен кіші
сан екенін байқады. Ал олардың көбейтіндісі нешеге тең?
A) 232 B) 240 C) 256 D) 272 E) 280

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет