Математикалық ұғымдар және іс-әрекет тәсілдері



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі19,96 Kb.
#82622
  1   2   3
Байланысты:
матем


Математикалық ұғымдар және іс-әрекет тәсілдері
Қазіргі заман математиканың жан-жақты дамыған кезеңі. Ғылымның қайсы саласын алсақ та, математикалық білім жүйесініңі қолданылмайтын жері жоқ деп айтуға болады. Мысалы, физикада, биологияда, географияда, космосты игеруде және тағы басқа ғылымдар саласында математика қажетте құралдардың бірі. Сондықтан математикалық білім көзінің бастауы, бастауыш сыныптардан басталатын математикалық білім жүйесіндегі ұғымдардың алатын орны ерекше.
Математиканың бастауыш курсында оқытылатын ұғымдар әдетте төрт топ түрінде беріледі. Біріншісі сандарға байланысты ұғымдарды және оларға амалдар: сан, қосу, қосынды, үлкен т.б.. Екіншісіне алгебралық ұғымдар: өрнек, теңдік, теңдеу т.б.. Үшіншісі геометриялық ұғымдардан құралған: түзу, кесінді, үшбұрыш. және т.б. Төртінші топ шама және олардың өлшеміне байланысты ұғымдардан тұрады.
Бастауыш сыныпта математика пәнін оқып үйренуде оқушылар әр түрлі ұғымдармен танысады:
а) математикалық объектілердің ұғымы (нөмірлеу, сан, разряд, класс, «жиын», үшбұрыш, периметр, т.б.);
ә) қатынас ұғымдары (сандардың 2-ге, 3-ке және т.б. бөлінгіштік, артық, кем немесе тең қатынастары және т.б.);
б) амалдар ұғымы (қосу, азайту, көбейту, бөлу).
Математикалык ұғымдармен оқушылар бастауыш мектептің математика курсында таныса бастайды: I - сыныптан бастап оқушылар "цифр", "сан", "қосылігыш", қосьшды , "кесшдГ, "кесіндінің ұзындығы", т.б. ұғымдармен танысады. III - сыныптан |ған көбейту мен бөлуге байланысты, ал V - сыныпта "бөлік", "фигураның ауданы" ұғымдары қосылады.
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық ойлауы осы үш түрлі ұғымдар және олардың арасындағы байланыстар бастауыш математика курсының теориялық мазмұнын құрайды. Сондықтан оқушылардың негізгі ұғымдарды жоғарғы деңгейде игерулерін қамтамасыз ету маңызды іс болып табылады.
Математикалық ұғымдарды оқып-үйренуде, ұғымдардың берілу және даму кезеңдері жүйелі өтілгенде ғана оларды оқушылар толық меңгереді деп айта аламыз.
Бастауыш мектеп - орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде М.И.Моро, А.М.Пышкало, Н.А.Менчинская, т.б. Қазақстанда Т.Оспанова, Ж.Қайынбаев, К.Ерешова және т.б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлес қосуда.
Математикалық ұғымдарды дамыту мен оларды оқушылардың меңгеруін қамтамасыз ету мектеп математикасын оқытудың басты міндеттерінің бірі болып саналады. Ал бұл міндет мектеп математика курсының басты ұғымдарын саналы және баянды түрде таразылауды, соның негізінде көптеген дидактикалық міндеттерді шешуге болатын математикалық ұғымдарды меңгеруді қамтамасыз етуді, оларды оқушыларға оқытып-үйретудің тиімді жолдарын анықтауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет