12-есеп. Өнімділік.
Ені 0,45 км, ал ұзындығы енінен 0,5 есе артық болатын тіктөртбұрышты жер теліміне күріш өсірілді.
1-сұрақ. Егістік ені қанша километр?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Егістік ауданы қанша гектар? (1 км2 = 100 га)
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Әр гектардан х ц күріш жиналған болса, онда егістіктен барлығы
қанша центнер күріш жиналды?
Жауабы: ___________ .
13-есеп. Шаруа қожалығы.
Шаруа қожалығында 300 бас қой бар. Әрбір қойдан 5,1 кг жүн қырқылды. Жүнді жуғаннан кейін ол 1,2 кг-ға жеңілдеді. 1 кг таза жүннен 0,7 м мата тоқуға болады.
1-сұрақ. Шаруа қожалығының барлық қойларының жүнінен қанша метр мата тоқуға болады?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Жүннен тоқылған матадан көйлек тігу үшін орташа есеппен ересек адамға 2,5 м, ал жасөспірім қыз балаға 0,9 м мата кетеді. Ересек адамның көйлегі 10500 тг, ал жасөспірімнің көйлегі 6700 тг тұрады.
Егер фабрика шаруа қожалығынан жуылмаған жүнді 1 кг-на 170 тг-ден сатып алса, өңдеуге кететін шығын сатып алған бағаның 30%-ын құраса әрбір бұйымды тігудегі экономикалық пайданы есетеңдер.
Жауабы: ___________ .
14-есеп. Ойыншықтар дүкенінде.
Ойыншықтар дүкеніндегі әр түрлі ойыншық түрлерінің бағалары келесі 14-кестесінде көрсетілген.
14-кесте
Ойыншық түрлері
|
А
|
В
|
С
|
D
|
E
|
F
|
G
|
Бағалары (теңге)
|
1130
|
1500
|
1030
|
920
|
850
|
4100
|
3250
|
1-сұрақ. Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншық түрлері санын табыңдар.
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Әкесі кішкентай қызына екі әр түрлі ойындар сатып алды, оған ол
2500 теңгеден кем ақша жұмсады. Мұнда сауданың нұсқалары санын табыңдар.
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Егер үш ойыншық сатып алса, дүкенде барлық саудаға 20% жеңілдік беріледі. Әкесі қызына қандай үш ойыншықты сатып алуына болатынын жазыңдар.
Жауабы: ___________ .
Достарыңызбен бөлісу: |