РУБИК ТЕКШЕСІ
Рубик текшесі (
маж.
Bűvös kocka — сиқырлы текше) — логикалық
басқатырғыш ойын құралы ретінде пайдаланылады.
Рубик текшесі (көбіне «кубик-рубик» ретінде танымал) – 1974 жылы
венгриялық мүсінші және архитектура оқытушысы Эрне Рубиктың ойлап
тапқан (1975 жылы патенттеген) механикалық бас қатырғышы.
Эрне Рубик Будапешт технология және экономика университетінің
құрылыс-архитектуралық факультетін бітіріп, 5 жыл бойы ғимараттарды
жобалаумен айналысқан. Одан кейін ол Қолданбалы өнер академиясына
оқытушы болып жұмыс кіреді. Сабақ беру барысында үш өлшемді кеңістікті
үйрету өте қиын екеніне көзі жетіп, оны оңай түсіндірудің жолын іздеумен
болады.
Рубик алғашында өз мақсатына қалай жетуді көп ойланды. Бір күні ол,
Дунайдың жағасында отырып, толқындардың жұмыр тастарды ары бері
қозғалтып, олардан көлемді геометриялық фигуралар жасайтындығына назар
аударады. Бұл оған ой салып, үйіне асыға жетіп, бір жобаны ойластыра
бастайды. Картон мен ағашты лақтырып тастап, пластмассаға тоқталады. Кіші
көлемдегі текшелер 3 ось бойынша айналуы үшін энтузиаст ішкі цилиндрлік
механизм ойлап табады. Әртүрлі нұсқаларды қарастырған Рубик, өз
жобасының сыртқы бейнесі үшін алты түсті қарапайым гамманы таңдайды.
Рубик текшесін жинауды үйрену төмендегі сілтемелерге кіріп, үйренуге
болады.
КУБТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Қандай кубты қою керек?
Куб-1
___________________________
Куб-2
_______________________________
Куб-3
|