«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



бет1/2
Дата04.07.2022
өлшемі72 Kb.
#37488
  1   2
Байланысты:
Matematikany o 1179 ytu 1241 distemesi TEST SPETsIFIKATsIYaSY


«Математиканы оқыту әдістемесі»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап күшіне енеді)


1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін оқуға түсушінің білім деңгейін анықтау:
М010 – Математика педагогтерін даярлау
3. Тест мазмұны.



Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсырмалар саны

1

«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде

1-А,
1-В

2

2

«Математика» жалпы білім беретін мектептегі оқу пәні ретінде

1-А,
1-В

2

3

Математиканы оқытудың әдістері мен заманауи технологиялары

1-А,
1-В,
1-В,
1-C

4

4

Мектеп математика курсының негізгі тараулары және оларды оқытудың әдістемесі

1-А,
1-В,
1-В,
1-C

4

5

Мектепте математикадан оқу жұмысын ұйымдастыру

1-А,
1-В,
1-C,
1-C

4

6

«Математиканы оқыту әдістемесі» педагогикалық ғылым ретінде

1-А,
1-В,
1-C,
1-C

4




Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

20



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы.
Тест тапсырмаларының мазмұны магистратураға түсуші үміткерлердің «Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінен дайындық деңгейін тексеруге арналған. «А» деңгейіндегі тапсырмалар математиканы оқытудың әдістемелік мәселелері бойынша білімі мен түсінігін тексеруге бағытталған. «В» деңгейіндегі тапсырмалар әдістемелік материалды талдау мен оларды нақты жағдаяттарда қолдану біліктерін тексеруге арналған. «С» деңгейінің тест тапсырмалары шығармашылық тұрғыда әдістемелік материалды қолдану мен жинақтау, оларды бағалау дағдыларын тексеруге арналған.
Емтихан тапсыратын үміткердің:
– математиканы оқыту үдерісінің оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мән-мағынасын, заңдылықтары мен тенденденцияларын білуі;
– негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінің «Математика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнын меңгеруі;
- математиканы оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, мазмұнын, құралдары мен ұйымдастыру формаларын іріктеумен байланысты түсініктері болуы;
– жаңартылған математикалық білім мазмұны жағдайында математика сабақтарын жоспарлау мен өткізудің әдістемелік мәселелерін білуі;
– математиканы оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін білуі;
- оқу үдерісін ұйымдастырудың әрекеттік және технологиялық амалдары тұрғысынан алғандағы математиканы оқытудың қазіргі заманғы бағыттары туралы түсініктері болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет