Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар



бет13/58
Дата27.04.2022
өлшемі5,56 Mb.
#32529
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар

шәкілі және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

   


Кафедра меңгерушісі




Л.С. Каинбаева


Пән оқытушысы




А.А.Ибраева

Лекция 1. Математика мұғалімін дайындаудағы



жалпы әдістемелік мәселелері

 

1.1.Математиканың оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері.

1.2. Математиканың оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу әдістері.

1.3.Әдістемелік ғылымның басқа ғылыммен байланысы.

Математиканың оқыту әдістемесі (МОӘ) соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ  математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және  оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педагогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде игеруі тиіс.

Математиканы оқыту әдістемесі математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру арқылы оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқыту әдістемесі – қоғамның алға қойған мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдарын зерттейтін педагогикалық ғылымның бір саласы. Сондықтан педагогика ғылымы анықтап берген білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады және математикалық тақырыптарды оқып үйренудің ерекшеліктеріне қарай, ортақ педагогикалық қағидаларға негізделген. Математиканы оқыту әдістемесі оқу пәнінің мазмұнын, оқыту әдістері мен түрлерін, тәрбие жұмысын өзара тығыз бірлікте, бір-бірімен байланыстыра зерттейді. Оның үстіне әдістеме оқу жұмысының ұйымдастыру құралдары мен жабдықтарын анықтайды. Математиканы оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды. Сөйтіп, математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты сұрақтарға жауап іздейді:


  1. Математиканы не үшін оқыту керек?

  2. Нені оқыту керек? Қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек?

  3. Математиканы қалай оқыту керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет